 
        
        ҚММУ Ф 4/3-06/02
2007 ж. 14 маусымдағы №6 НХ.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ
Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
Тақырыбы: «MS Excel көмегі арқылы медициналық мәліметтерді талдау. Формуламен жұмыс. Функция және диаграмма шеберімен жұмыс»
Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА
Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»
5B310200 «Стоматология»
КУРС: І
Құрастырған: аға оқытушы Омарбекова Н.К.,
оқытушы Никамбаева Н.Н.
Қарағанды, 2014
Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді
№ ___ хаттамасы ___.___. 201__ж.
Кафедра меңгерушісі ___________Б.К.Койчубеков
Тақырыбы: «MS Excel көмегі арқылы медициналық мәліметтерді талдау. Формуламен жұмыс. Функция және диаграмма шеберімен жұмыс»
Сабақ мақсаты: Студенттерді Excel 2010 қолданбалы программасымен жұмыс істеуді үйрету. Функция, диаграммамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Студент білуі керек:
- Excel программасының тағайындалуын 
- Excel программасының мүмкіндіктерін 
Студент істеуі керек:
- Excel программасын қосу 
- бастапқы мәліметтерді енгізу 
- бастапқы мәліметтер кестелерін фоматтау 
- жаңа жұмыс кітабын құру 
- көшіруді орындау 
- беттермен жұмыс істеу 
- формулалармен жұмыс істеу 
Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар
- Формулалар енгізу 
- Негізгі математикалық және статистикалық функциялар 
- Функциялар мастері және оның тағайындалуы 
- Көшіру операциясы 
- Суммаларды есептеу 
- Салыстырмалы және абсолютті сілтемелер 
ӨТКІЗУ ТҮРІ: Дискуссия.
Тақырып бойынша ақпараттарды талдау.
Бақылау жұмыстарын өз беттерімен орындау. (Қосымша 2)
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- Камардинов О. Информатика: Оқу құралы /- Алматы: Карасай, 2008. - 360 с. 
- Информатика: учебник для 10 – 11 классов общеобразовательной школы. Базовый курс / Н. Ермеков, Н. Стифутина, В. Криворучко, Л. Кафтункина. Алматы: Атамұра, 2003 – 432 с. 
- Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). – СПб: Питер, 2002. – 480 с. 
- Изтлеуов М. К, Беккужина А.И., Емжарова Г.У. Информатика: Учебник для медвузов/ - Актобе, 2005. - 386 с. 
- Информатика. Базовый курс / Симонович В.Б. и др. – СПб: Пит2001- 640с. 
Бақылау
І. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:
- Формула деген не? 
- Формула құрылымы деген не? 
- Қандай операторлар болады? 
- Формулаларды қалай құрып, редакторлеуге болады? 
- Негізгі математикалық функциялар 
- Негізгі статистикалық функциялар 
- Формуланы көшіру операциясы 
- Салыстырмалы және абсолютті сілтемелер 
- Функциялар мастері деген не және ол не үшін қолданылады? 
- Функциялар мастерінің қадамдарын суреттеңіз. 
- Функцияның қандай негізгі катеорияларын білесіз? 
- Диаграмманы құрудың негізгі қадамдарын атаңыз. 
- Диаграмма типін қалай өзгертуге болады? 
- Диаграмманың орнын қалай өзгертуге болады? 
- Диаграмманың өлшемдерін қалай өзгертуге болады? 
- Диаграмманың тақырыбын қалай енгізуге болады? 
- Диаграмма осьтерінің жазуларын қалай енгізеді? 
- Жазулар (надписи) қалай редакторленеді? 
- Диаграмма фонының түсін қалай өзгертуге болады? 
- Диаграмманы қалай жояды? 
- Мәліметтерді Excel-ден Word-қа қалай экспорттауға болады? 
ІІ. Бақылау тапсырмаларды орындау және тексеру.
IІІ. Ауызша материал бойынша тест – бақылау.
Қосымша 1
ақпараттық-дидактикалық мағлұмат
