3 Вариант
1. Жүкті К., 7-8 апта мерзімінде тәулігіне 20-25 рет құсуына шағымданады. Әйелдің жалпы жағдайы ауыр. Салмақ жоғалту 10 кг құрайды. Жүкті тамақты да және суды да ішсе құса береді. Тері жабындылары мен шырышты қабаттары құрғақ. Дене температурасы 37,3°С. Пульс-120 соққы/мин, АҚҚ 80/50мм.сын.бағ. Зәрінде ацетон бар + + + +, ақуыз-0,066г/л. Қанның талдауында жалпы ақуыз-54г/л, билирубин- 25мкмоль/л. Сіздің дианозыңыз:
1. Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуының жеңіл дәрежесі.
2. Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуының орташа дәрежесі.
3. Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуының ауыр дәрежесі.
4. Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер гепатозы.
5. Жүктілік 7-8 апта. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі.
2. Жүктілер құсуында жүктілікті үзу көрсеткіші болады:
1 тамыр соғысы минутына 100 рет
2.субфебрилді температура
3. жүйке-жүйесі қызметінің бұзылуы
4. 10 кг-ға дейін салмағын жоғалту
5.тәулігіне 20 рет-ке дейін құсу
3. Науқас қозғалыссыз жағдайда, тігінен созылған, қарашықтар кеңейген және алдыңғы қабақ астына кетеді, нәтижесінде тек көз алмасының ағы ғана көрінеді. Науқас беті бозарады, тынысалу тоқтайды, пульс әлсіз сезіледі, цианоз тез күшейеді. Эклампсиялық ұстама кезеңін атаңыз:
1. ұстама алды кезең
2. тоникалық тырысу кезеңі
3. клоникалық тырысу кезеңі
4. ұстаманың шешілу кезеңі
5. кома кезеңі
4. Жүкті 21 жаста, 31 апталық жүктілік мерзімімен артериалды қысым жоғарлауына шағымданады, перзентханаға жеткізіліді, босану әрекеті жоқ. Бөлімде бас ауырып, тырысу ұстамасы басталды. Қарау кезінде аяғында айқын ісінулер көрінеді. АҚҚ 160/110, 160/110 мм сын.бағ. Зәрде-ақуыз 0,33 г/л . Ұрық жүрек соғуы ырғақты, 140 соққы 1 минутына. Сіздің диагнозыңыз:
1.Жүктілік 31 апта. Созылмалы гипертензия
2.Жүктілік 31 апта.Гестациялық гипертензия
3.Жүктілік 31 апта. Преэклампсия ауыр дәрежесі
4.Жүктілік 31 апта. . Преэклампсия жеңіл дәрежесі
5.Жүктілік 31 апта.Эклампсия
5. Жүктіліктің қай мерзімінде қан айналымның жетспеушілігі жиі болады:
1. 8-12 аптада
2. 13-18 аптада
3. 19-24 аптада
4. 24-32 аптада
5. 32-38 аптада
6. Жүрек жетіспеушілігі бар әйелдің босану кезіндегі қалпы:
1.арқасымен жату
2.аяқ жағын көтеріп жату
3.жартылай отырып орналасу
4.сол жақ бүйірімен жату
5.оң жақ бүйірімен жату
7.Жыпылық аритмиясы кезінде жүктілікті 12 аптаға дейін жүргізу тактикасы:
1.акушерлік стационарда ем жүргізе отырып жүктілікті сақтау
2. медициналық аборт жолымен үзу
3.жүкті әйелдің жағдайына байланысты пролонгирлеу
4.кардиологиялық стационарда ем жүргізе отырып, жүктілікті сақтау
5.амбулаторлы этапта ем жүргізу және жүктілікті сақтау
8. Жүктілікті үзуге көрсеткіш:
1.жедел пиелонефрит
2.латентті созылмалы гломерулонефрит
3.гестациялық пиелонефрит
4.жалғыз бүйрек пиелонефриті
5.жалғыз викарлы бүйрек
9. Қалыпты жамбас өлшемдерін таңданыз:
1. 25-28-31-20 см
2. 25-26-31-20 см
3. 23-26-29-18 см
4. 25-28-31-18 см
5. 23-25-27-20 см
10. Dist.trochanterica – бұл арақашықтық:
мықын сүйегінің алдыңғы-жоғарғы өсінділері
мықын сүйектерінің артқы жоғарғы өсінділері
сан сүйектерінің үлкен ұршықтары
мықын сүйектері қырларының ең алшақ орналасқан қырлары
5. симфиз бен Михаэлис ромбының жоғарғы бұрышының ортасы
11. Диагональді коньюгата - бұл:
1.симфиздің жоғары қырының ортасынан сегізкөз мүйісіне дейін арақашықтық
2. симфиздің жоғары қырының ортасынан Михаэлис ромбының жоғарғы бұрышына дейін арақашықтық
3.сегізкөз мүйісінен симфиздің төменгі қырына дейінгі арақашықтық
4.шоңданай төмпешектерінің арақашықтығы
5.шоңданай сүйектері өсінің арақашықтығы
12. Жатырдың алдыңғы қабырғасында орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы кезіндегі негізгі симптомі:
1.локалды ауырсыну
2.сегізкөз және белде толғақ тәріздес ауырсыну
3.аяқтың ісінулері
4.алдыңғы құрсақ қабырғасының ісінуі
5.төменгі сегменттің гипертонусы
13. Қайта босанушы, 32 жаста. 10-шы жүктілік, 3 босану. Толғақ басталуымен мөлшерлі алқызыл қанды бөліністер байқалды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 120/80 мм сын.бағ., ұрықтың тігінен орналасқан, басы кіші жамбас кіреберіс үстінде. Ұрықтың жүрек соғуы анық, ырғақты, 130 соққы/мин. Ішкі зерттеуде: жатыр мойнының ашылуы 4 см, ұрық қабы бүтін, қабығы бұдыр, оң жақтан араң шетінен жұмсақ тін анықталады. Сіздің диагнозыңыз:
1.Плацентаның толық жолда жатуы
2.Плацентаның қырымен жолда жатуы
3.Плацентаның ортада жолда жатуы
4.Плацентаның бүйірімен жолда жатуы
5.Төменгі плацентация
14. Босануға физиопсихопрофилактикалық дайындық кезінде қандай физиотерапиялық процедуралар жиі қолданылады:
электрофорез
ультрадыбыс
УВЧ
УКС
индуктотермия
15. Әйелдер кеңесіне жүктіліктің 35-36 аптасында қайта босанатын әйел келді, шағымдары таңертең ұйқыдан кейін пайда болған жыныс жолдарынан қанды бөліністерге. Анамнезінде бір босану және 2 мед. аборт. Жатыр жүктілік мерзіміне сай, қозбайды, пальпация кезінде локалды ауырсыну жоқ. Ұрық жамбасы келіп тұр, кіші жамбас кіреберіс үстінде, жүрек соғуы анық, ырғақты. Әйелдер кеңесі дәрігерінің тактикасын таңдаңыз:
1.жатыр мойнын айнамен қарау және қынаптық зерттеу жасау
2.жоспарлы түрде жүкті әйелді ультрадыбыстық зерттеуге жіберу
3.спазмолитиктер мен седативті препараттарды амбулаторлы жағдайда тағайындау
4. жүкті әйелді перзентханаға жатқызу
5.перзентханаға босану әрекетінің басталуымен жатқызу
Аралық бақылауға жауаптар эталоны:
