Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 аралык бакылау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30.73 Кб
Скачать

Аралық бақылау:

1 нұсқа

  1. Соловьев индексі қалыптыда тең:

  1. 13,5-14,5 см-ге

  2. 14,5 – 15 см-ге

  3. 15,5-16 см-ге

  4. 20-21 см-ге

  5. 25-26 см-ге

  1. Сыртқы конъюгатадан 9см алынса не анықталады:

  1. Соловьев индексі

  2. Боделок диаметрі

  3. шынайы конъюгата

  4. кіші жамбас кіреберісінің көлденең өлшемі

  5. ұрық басының көлденең өлшемі

  1. Dist.cristarum – ненің арақашықтығы:

  1. мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы өсінділері

  2. мықын сүйектерінің алдыңғы төменгі өсінділері

  3. Боделок диаметріне сәйкес келеді

  4. білезік айналымы

  5. мықын сүйектері қырларының ең алшақ нүктелері

4. Жүктінің 9-10 апта мерзімінде тәулігіне 7-8 рет құсу байқалады. Әйелдің жалпы жағдайы ауыр. Салмақ жоғалту аптасына 3 кг құрайды. Тері жабындыларымен шырышты қабаттары құрғақ. Дене температурасы 37,1°С. Пульс-90-100 соққы/мин, АҚҚ 90/60мм.рт.ст. Зәрде ацетон бар +. Сіздің тактикаңыз:

1. Амбулаторлы сатыда емдеу жәнее қарау

2.Стационарда емдеу жәнее қарау

3.Қарқынды терапия бөлімінде емдеу

4.Күндізгі стационарда емдеу және қарау

5.Емдеуді қажет етпейді

5. Жүктілер құсуын емдеу кезіндегі негізгі препарат болып табылады:

1.димедрол

2.метионин

3.церукал

4.витамин С

5.спленин

6. Беттің мимикалық бұлшық етеріне, қолға тез тарайтын қабақтың ұсақ фибрилярлы дірілі, көздері бір нүктеге қадалған. Бұл ұстаманың ұзақтығы 20-30 секунд. Эклампсиялық ұстама кезеңін атаңыз:

1. ұстама алды кезең

2. тоникалық тырысу кезеңі

3. клоникалық тырысу кезеңі

4. ұстаманың шешілу кезеңі

5. кома кезеңі

7. Қайта босанушы әйелдің 36 апта жүктілік мерзімінде тізесінде, алдыңғы құрсақ қабырғасында ісінулер байқалады. АҚҚ - 160/100 мм сын.бағ., 165/100 мм сын.бағ. Протеинурия-6,6г/л. ҚР ДСМ №239 бұйрығына сай, диагноз қойыңыз:

1.Жүктіліктің 36 аптасы. Созылмалы гипертензия.

2.Жүктіліктің 36 аптасы. Гестациялық гипертензия.

3.Жүктіліктің 36 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі.

4.Жүктіліктің 36 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі.

5.Жүктіліктің 36 аптасы. Эклампсия.

8. Босануға физиопсихопрофилактикалық дайындауда қандай процедуралар жиі қолданылады:

1.фитотерапия және аэротерапия

2.фитотерапия және аромотерапия

3.ЛФК және аэротерапия

4.ЛФК және УКС

5.УФС және аэротерапия

9. Жүктілікті жүректің келесі туа біткен ақауы кезінде жалғастыруға болады:

1 Фалло тетрадасы

2. жүректің туа біткен ақауының жартылай хирургиялық коррекциясынан кейін

3. аорта коартациясы

4. жүрекшеаралық пердесінің көлемді дефектісі

5. сол жақ қарыншаның қосымша хордасы

10. Жүктілік өкпе туберкулезімен асқынса босандырудың негізгі әдісі:

1.жоспарлы кесар тілігі

2.индуцирленген мерзімінен бұрын босандыру

3. өздігінен босану

4. босанудың 2 кезеңін акушерлік қысқыш салып қысқарту

5. жедел түрде кесар тілігі

11. Жүкті әйелде вирусті гепатит В кезіндегі тактика:

1. симптоматикалық терапия

2. жоспарлы кесар тілігі

3. аминиотомия мен босануды қоздыру және өздігінен босану

4. аурудың жедел сатысы тыйылғаннан кейін босандыру

5. сақтау терапиясы және симптоматикалық ем

12. Созылмалы пиелонефрит (немесе гестациялық пиелонефриттің көрінісі) жүктіліктің қай мерзімінде жиі түрде өршиді:

1. 10-21 апта

2. 22-28 апта

3. 29-32 апта

4. 33-38 апта

5. 40-41 апта

13. Плацентаның толық жолда жатуының қазіргі кездегі анықтау әдісі:

1.амниоскопия

2.УДЗ

3.токография

4.гистерография

5.іш қуысының рентгенографиясы

14. Плацентаның жолда жатуының негізгі клиникалық симптомы:

1. ұрықтың созылмалы жатырішілік гипоксиясы

2. қанда гемоглобиннің және эритроциттардың деңгейінің төмендеуі

3. жыныс жолдарынан қайталанып отыратын қанды бөліністер

4. артериалды гипотензия

5. жүктіліктің үзілу қаупі

15. 2 деңгейлі перзентханаға жүкті әйел ішінің үнемі ауырсынуымен, жыныс жолдарынан мөлшерлі қанды бөліністерге шағымданып келіп түсті. Жүктілік мерзімі 36 апта. АҚҚ 130/90, 140/90 мм с.б. Балтырында ісінулер бар. Пальпация кезінде жатыр тығыздалған, сол жағынан локалды ауырсыну анықталады, жүрек соғуы тұйықталған 160 соққы минутына. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Жыныс жолдарынан бөліністер қанды. Жүргізу тактикасын таңдаңыздар:

1. жүктілікті сақтайтын терапияны тағайындау

2. магнезиалды терапияны тағайындап, 3-ші деңгейге ауыстыру

3. магнезиалды және гипотензивті терапияны тағайындау

4. жедел түрде кесар тілігі операциясын жасау

5. қағанақ қабын жарып, окситоцинмен босануды қоздыру

2 Вариант

1. Dist. Spinarum –нің арақашықтығы:

1.мықын сүйектерінің алдыңғы төменгі өсінділері

2.мықын сүйектерінің артқы төменгі өсінділері

3.мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы өсінділері

4.мықын сүйектерінің артқы жоғарғы өсінділері

5.симфиз бен Михаэлис ромбының жоғарғы бұрышының ортасы

2. Егер білезік айналымы 15,5 см тең немесе одан көп болса, шынайы конъюгатаны анықтау үшін сыртқы конъюгатадан қанша см алады:

  1. 6см

  2. 7 см

  3. 8см

  4. 9см

  5. 10см

3. Леопольд-Левицкийдің үшінші әдісімен не анықталады:

  1. ұрық түрі

  2. ұрықтың келген бөлігі

  3. ұрықтың позициясы

  4. ұрықтың орналасуы

  5. ұрықтың жүрек соғуы

4. Құсу кезінде жүктілікті үзу көрсеткіші болып табылады:

1.күніне 10-12 рет құсу

2.зәрде ацетон +++

3.1апта ішінде 2-3 кг салмақты жоғалту

4.тахикардия 90 соққы минутына

5.тері және склералардың сарғаюы

5.Жүкті Р. жүктіліктің 7-8 аптасында тәулігіне 4-5 рет құсуына шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық. Құсу аш қарынға, немесе тамақ қабылдауымен, жағымсыз иіспен шақырылуы мүмкін. Салмақ жоғалтуы 2 кг. Дене температурасы қалыпты. Пульс- 80 соққы/мин. АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Зәрмен қанның клиникалық талдаулары қалыпты. Сіздің дианозыңыз:

1.Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуының жеңіл дәрежесі.

2. Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуының орташа дәрежесі.

3. Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуының ауыр дәрежесі.

4. Жүктілік 7-8 апта.Жүктілер гепатозы.

5. Жүктілік 7-8 апта.Преэклампсияның жеңіл дәрежесі

6. Тынысалу жоқ, пульс сезілмейді, беті көк түсті, мойын көк тамырлары томпиған. Бұл кезеңін ұзақтығы 40 секундтан 1,5-2 минутқа дейін. Бұл кезең ана және ұрық үшін қауіпті. Эклампсиялық ұстама кезеңін атаңыз:

1. ұстама алды кезең

2. тоникалық тырысу кезеңі

3. клоникалық тырысу кезеңі

4. ұстаманың шешілу кезеңі

5. кома кезеңі

7. 41 жастағы жүкті әйел, жүктіліктің 38 аптасында перзентханаға жеткізілді. Ауырған аурулардың ішінде ЖРА айтады. Қарау кезінде аяқтарынң айқын ісінулері байқалады. АҚҚ -150/100 мм сын.бағ., 155/90 мм сын.бағ. Зәрде - ақуыз 3 г/л. Ұрық жүрегінің соғуы ырғақты, 140 соққы 1 минутта. Диагноз қойыңыз:

1. Жүктілік 38 аптасы. Созылмалы гипертензия

2. Жүктілік 38 аптасы. Гестациялық пиелонефрит

3. Жүктілік 38 аптасы.Жедел гломерулонефрит.

4. Жүктілік 38 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі

5. Жүктілік 38 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі

8. Физиопсихопрофилактикалық босануға дайындыққа кіреді:

1.физикалық дайындық,психопрфилактика

2.психопрофилактика, физиотерапия

3.физиотерапия, психопрофилактика,бальнеотерапия

4.физикалық дайындық, физиотерапиялық процедура, психопрофилактикалық дайындық

5.ана мектебі, әке мектебі

9. Қант диабеті кезінде ұрық жағынан асқыну:

1.     ұрық гипотрофиясының симметриялық түрі

2.     ұрық гипотрофиясының ассимметриялық түрі

3.     ұрық макросомиясы

4.     жүйке жүйесіндегі даму ақаулары

5.     сүйек-бұлшық ет жүйесіндегі даму ақаулары

10. Жүктілер пиелонефритті көбінесе жүктіліктің қай мерзімінде дамиды:

1.     10 – 12 аптада

2.     14- 16 аптада

3.     20 - 22 аптада

4.     30 - 32 аптада

5.     36 - 38 аптада

11. Жүктілікті жалғастыруға болады:

1. ревматизмінің жедел және жеделдеу ағымында

2. егер ақырғы ревматикалық шабуылдан кейін 6 ай өтсе

3. баяу ағымды ревматизм кезінде

4. үнемі-рецидивирлеуші ревмокардит кезінде

5. митралды клапанның пролапсы кезінде

12. Жүрек ақауы бар жүкті әйелде бірінші госпитализация келесі мерзімде жүргізіледі:

1. жүктіліктің 12 аптасына дейін

2. жүктіліктің 16 аптасына дейін

3. жүктіліктің 20 аптасына дейін

4. жүктіліктің 24 аптасына дейін

5. 28 аптада

13. Плацентаның жолда жатуын болжаса, қынаптық зерттеу жүргізіледі:

1. қабылдау бөлімінде

2. босану блогінің қарау бөлімінде

3. жеке босану палатасында

4. кіші операция бөлімінде

5. үлкен операция бөлімінде

14. Плацентаның толық жолда жатуына тән:

1.жатырдың төменгі сегментінде, ішкі аранға 3 см жетпейді

2.жатырдың төменгі сегментінде,ішкі аранға 5 см жетпейді

3.жатырдың төменгі сегментінде,ішкі аранның шекарасына жетеді

4.жатырдың төменгі сегментінде, ішкі аранды жартылай жабады

5.жатырдың төменгі сегментінде, ішкі аранды толық жабады

15. Босанудың 1 кезеңінде қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы кезінде көрсетілген:

1. ерте амниотомия

2. кесар тілігі операция

3. босануды ынталандыру

4. қуыстық акушерлік қысқыш салу

5. шығаберіс акушерлік қысқыш салу