Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС-АСД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
436.74 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті

«Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультеті

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы

«Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау» пәні бойынша 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының білімгерлеріне арналған

БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Құрастырған _______ __Абдувалова А.Д.__

/қолы/ /аты-жөні/

«Ақпараттық жүйелер» кафедра мәжілісінде бекітілген

Хатама № _____ «_____» _________ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі _______ _Сембина Г.К._

/қолы/ /аты-жөні/

Тараз 2014

1.Сөж міндеттері мен мақсаттары.

Мақсаты Теориялық білімді бекіту және тәжірибелік дағдыларда есеп шығару амалында программалар теориясы әдістерін тәжірибелік ортада қолдану, лабораториялық жұмыстарға, мәліметтерді дайындау және олардың өткізу қорытындысының талдауы, нәтижені есеп беру түрінде рәсімдеу.

Міндеттері:

- ЭЕМ-нің техникалық және программалық құралдарының мәні мен мүмкіндіктерін ашу;

- Дербес комьютердің программалық жабдықтар туралы толық мәлімет беру

- Тurbo Pascal программалау ортасында жұмыс тәжірибелерін жасау;

- Білімгерге алгоритмдердің құрылымды схемасын өңдеуді үйрету;

- Программалау ортасында жұмыс тәжірибелерін жасауға машықтау;

- Білімгерге программалау іскерлігін үйрету;

« Баға қою саясаты»

Курс компоненті

Тапсырма саны

Баға салмағы

Максимал-ды балл

Лекцияға дайындық (белсенділік, бақылау сұрақтарына жауаптар)

10

1

10

Зертханалық жұмыстарды орындау және қорғау

14

2

28

СӨЖ №1

3

2

6

СӨЖ №2

4

2

8

Межелік бақылау (аттестация) оқытушы сұрағына жауап беру

2

4

8

Қорытынды бақылау емтихан

1

40

40

Барлығы

100

СӨЖ тапсырмаларының сипаттамасы

р/р

СӨЖ тапсырмасы аты

Беру мерзімі

Қабылдау мерзімі

Орындалу шарты және көлемі

СӨЖ №1

Есептерді алгоритмдеудің негіздері.

(№ 1,2,3 тапсырмалар).

1-ші апта

6 -7-ші апта

Есептердің алгоритмдерін, програмаларын құрастырып, есептер-дің әр қайсысына түсініктемені жазбаша түрде жазып, тапсыру. Есеп мәтіні компьютерде 12 шрифтпен терілгені ұнамды болып табылады. Түсінік жазба (5-7 бет)

2

Бағдарламалау ортасында күрделі құрылыммен жұмыс орындау (№ 1,2,3,4 тапсырмалар).

8-ші апта

13,14-ші апта апта

Компьютерде орындап көрсетіп, жазбаша есеп жазып тапсыру, қорғау. СӨЖ-дің жазбаша бөлімін жалпы университеттің талаптарына сай етіп безендіру. Түсінік жазба (5-7 бет)тА4 шрифт кеглі -12; интервал -1

1-СӨЖ орындалу мерзімі 1-6 апта.

Тақырып: Есептерді алгоритмдеудің негіздері.

2СӨЖ орындалу мерзімі 7-14 апта.

Тақырып: Бағдарламалау ортасында күрделі құрылыммен жұмыс орындау

СӨЖ тапсырмаларын орындау реттілігі:

  1. Титулдық бет;

  2. Білімгердің варианты бойынша берілген тапсырмасы;

  3. Тапсырма бойынша қолданатын мәліметтердің сипаттамасы: - берілген шамалар (олардың типі, мүмкін болатын мәндері); - қосымша шамалар (олардың типі, мүмкін болатын мәндері және алгоритмде не үшін қолданатындығы туралы); - нәтижелік шамалар (олардың типі және қысқаша сипаттамасы);

  4. Тапсырма бойынша берілген есептің блок-схема түріндегі алгоритмі. Және алгоритмнің түрі, оның ерекшелігі, алгоритмде қолданылған блоктардың сипаттамасы жазбаша түрінде келтірілуі қажет. Сонымен қатар құрылған алгоритмнің қасиеттері және орындалуына қандай шектеулер қойылатындығы туралы есептемеде жазу керек.

5. Тапсырма бойынша берілген есептің алгоритмін программалау. Программаны компьютерде жүзеге асыру (әр түрлі бастапқы мәндерде, кемінде үш рет ), нәтижелерін баспаға беру. Программмаға түсініктеме жазу: еспетеу процесінің түрі (сызықтық, тармақталу, қайталану), программаның құрылымы (сипаттама бөлімі, негіщгі бөлімі), программалау әдісі туралы. Программаны компьютерде іске асыру барысында туындаған проблемалар, қателер, программаға өзгерістер енгізу, т.с.с.