
- •Амилаза және липаза деңгейі
- •Алкогольмен әуестену
- •Месалазин
- •Пегилирленген интерферон 48 апта
- •Hcv генотипін анықтау
- •1 Типті қант диабеті – интерферонмен терапияға қарсы көрсеткіш
- •Емді тез арада тоқтату
- •Изониазидпен шақырылған дәрілік (токсикалық) гепатит
- •Метотрексатты толықтай тоқтату және гепатопротекторлар тағайындау
- •Алкоголді көп ішу
- •Жүктіліктің үшінші үшайлығы үшін қалыпты көрсеткіштер
- •Hellp-синдром
- •Субкомпенсирленген бауыр циррозы
- •Ифа в және с гепатиттерінің маркерлерына
- •Иа, негізгі мақсат фиброз деңгейін төмендету
- •Иа, негізгі мақсат фиброз деңгейін төмендету
- •Қан кету қауіпі жоғары, порто-кавальді шунттау
- •Фэгдс және эндоскопиялық склерозирлеу, окреотид
- •Жедел бауырлық энцефалопатия
- •Тазалау клизмасын жасау
- •Гепато-ренальді синдром
- •Асқазанның қатерлі ісігі
- •Көзделген биопсиямен колоноскопия
- •Ұйқы безі басының қатерлі ісігі
- •Гепатоцеллюлярлы карцинома
- •Бауыр трансплантациясы
- •* Кардия ахалазиясының
- •* Созылмалы панкреатит, ауыру сезімдік түрі
- •* Альдостерон антагонисттері, гепатопротекторлар, эубиотиктер
- •* Хирургиялық ем
- •* Ойық жараның кіші шажырқайға (сальник) пенетрациясы
- •* Ішектің тітіркену синдромы
- •* Панкреатикалық ферменттердің ингибиторлары
- •* Ампициллин
- •* Бауыр-жасушалық жетіспеушілік
- •* Бауырдың эхинококты кистасы
- •* Бауыр циррозы
- •* Гепато-целлюлярлы карцинома
- •* Сульфасалазин
- •* Лоперамид
- •* В12 витаминді
- •* Ректальды манометрия
- •* Бейспецификалық жаралы колит
- •* Созылмалы гранулематозды
- •* Ишемиялық колит
- •* Метронидазол
- •* Глюкокортикостероидтар , 5-аск
- •* Кларитромицин, флемоксин солютаб, париет
- •Криоплазманы құюды жалғастыру
- •Преднизолон
- •Суйек миының жасушаларын иммунофенотиптеу
- •Созылмалы миелолейкоз, созылмалы фазасы
- •Полиохимиотерапия
- •Гемопоэтикалық бағаналы жасушалардың трансплантациясы
Адеметионин курсы
Ламивудин 50 мг/тәул 24 апта
Рибавирин 15 мг/кг салмағына 48 апта
Урсодезоксихоль қышқылы ұзақ уақыт
Пегилирленген интерферон 48 апта
! Әйел 32 жаста. Зерттеу жүргізгенде қан құйылғаннан (жарақат) 6 айдан кейін анықталды: antiHCV IgM – өте жоғары, anti HCV total – өте жоғары. HBsAg – теріс, anti HBs – теріс, antiHBc IgM – теріс, antiHBc IgG – теріс, HBeAg – теріс, anti HBe – теріс. Биохимия: АЛТ – 0,44 ммоль/л. АСТ – 0,25 ммоль/л. Билирубин – 15,25 мкмоль/л, тура – 5,95 мкмоль/л, тура емес – 9,3 мкмоль/л. ПТР (31.07.02.) HCV RNA – анықталды. Шағымдары жоқ. Объективті: терісі таза, пигментация мен бөртпе жоқ. Бауыры қабырға доғасымен, тығыздау. Көк бауыр үлкеймеген. Төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысы вирусқа қарсы терапияның мүмкін болатын ұзақтығын анықтай алады?
Бауыр эластографиясы
HBV ДНК- ға ПТР
HDV ДНК- ға ПТР
Hcv генотипін анықтау
ПЦР на HCV РНК- ға сандық ПТР
! Ер адам 56 жаста, УДЗ –да: гепатомегалия, бауыр эхотығыздығының біртекті емес жоғарылауы. Биохимия: АЛТ – 1,44 ммоль/л. АСТ – 1,25 ммоль/л. Билирубин – 45,25 мкмоль/л, тура – 15,95 мкмоль/л, тура емес – 29,3 мкмоль/л. HBsAg – өте жоғары, anti HBs – теріс, antiHBc IgM – оң, antiHBc IgG – оң, HBeAg – теріс, anti HBe – оң; anti-HCV – теріс. ПТР HBV ДНК – 107 көшірме/мл. Пациентке төменде көрсетілген иммунологиялық зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізу керек?
Герпеске қарсы антиденелер
Антинуклеарлы антиденелер
Ревматоидты фактор
HDV-ға антиденелер
CMV-ға антиденелер
!Дәрігер хирургта жыл сайынгы жүргізілетін ИФА зерттеуде келесі нәтижелер анықталды: anti-HCV – оң, HBsAg – теріс, anti HBs – теріс, antiHBc IgM – теріс, antiHBc IgG – оң, HBeAg – теріс, anti HBe – теріс, anti HDV – оң. HCV RNA – анықталды. Төмендегі талдау нәтижелерінің қайсысы ең мүмкін?
Созылмалы гепатит В және С
Созылмалы гепатит В+D+C
Созылмалы гепатит С+D, өткізілген гепатит В
Созылмалы гепатит С, өткізілген жедел гепатит В
Созылмалы гепатит С, HBV-ға вакцинациядан кейінгі иммунитет
! Ер адам 34 жаста, 5 жыл ағымында кезеңді түрде пайда болатын аяқтарында, белінде қышымайтын бөртпелер, ірі буындарда ауыру сезімі, әлсіздік, күндізгі уақытта ұйқышылдық, түнде ұйқысыздық, дене салмағының 3 айда 5 кг дейін азаюы, кезеңді түрде себепсіз дене қызуының жоғарылауына шағымданады. РФ – өте жоғары. Anti-HCV – оң, HCV RNA – анықталды. Қандай ем әдісі ең тиімді?
Ламивудин ұзақ 2 ға дейін
Монотерапия ритуксимабпен (мабтера)
Метотрексат преднизолонмен
Альфа-интерферон мен преднизолон ұзақ
Пегилирленген интерферон рибавиринмен
! Әйел 24 жаста 5 жыл ағымында кезеңді түрде пайда болатын аяқтарындағы пурпура, бет пен бел аймағының ісінуі, ірі буындарындағы ауыру сезімі, айқын әлсіздік, 3 ай бойына 38-39 С дене қызуының жоғарылауы, 3 айда 12 кг дейін салмақ жоғалтуына шағымданады. РФ – өте жоғары. Криоглобулиндер (қалыптыдан 5 есе жоғары). Anti-HCV – оң, HCV RNA 106 МЕ/мл. Протеинурия 1,5 г/тәул. Креатинин – 324 мкмоль/мл. Қандай ем тәсілі ең тиімді?
Преднизолонмен пульс-терапия, ары қарай ұзақ уақыт жоғары дозада
Инфиликсимаб (ремикейд) метотрексатпен бірге
Ритуксимаб (мабтера) курспен, ары қарай интерферон
Пегилирленген интерферон рибавиринмен
Альфа-интерферон мен преднизолон ұзақ
! Науқастың қан сарысуында 1 мл-да HCV RNA 107 көшірмесі. Бауыр биопсиясында келесі сурет анықталды: фокальды перипортальды некроз және орташа инфильтрация (орташа қабыну) портальды аймақта. Knodell бойынша гистологиялық белсенділік индексі – 7. Қандай диагноз ең мүмкін?
Созылмалы гепатит С төмен белсенділікте
Созылмалы гепатит С орташа белсенділікте
Созылмалы гепатит С жоғары белсенділікте
Жедел гепатит С орташа- ауыр ағымда
гепатит С соңындағы бауыр циррозы
! Созылмалы гепатит С- мен ауыратын науқасқа пегилирленген интерферон және рибавиринмен вирусқа қарсы терапия курсын өткізу шешілді. Вирусты гепатит В жұқтыру қаупін төмендету үшін науқасқа қандай кеңес бересіз?
HBs-вакцинамен вакцинация жасау
Инвазивті араласуларды азайту
Ешқандай шара қажет емес – науқас интерферон қабылдап жатыр
Науқас рибавирин қабылдайды, сондықтан гепатит В- ны жұқтырмайды
Анти-HBV иммуноглобулинмен пассивті иммунизация жасау
! Жүрек ақауы бар науқасқа жоспарлы түрде ота жасалмақ. Оған вирусты гепатитті жұқтырмау мақсатымен алдын алу шараларын жүргізу қажет пе?
Жоқ, ол жоғары қауіп тобына жатпайды
Жоқ, ересектерге вакцинация жасалмайды
Иа, анти-HBV иммуноглобулинмен
Иа, HBs-вакцинамен
Иа, HCV вакцинасымен
! Қыз 19 жаста, компенсирленген 1 типті қан диабетімен ауырады, жалпы тәуліктік мөлшері 24 ед инсулин қабылдайды. ИФА диагностикада анықталды: HBsAg – оң, anti HBs – теріс, antiHBc IgM – оң, antiHBc IgG – оң, HBeAg – теріс, anti HBe – оң; anti-HCV – теріс. ПТР HBV ДНК – 107 көшірме/мл. Эластография – F2. Вирусқа қарсы терапияның (ВҚТ) қандай түрі ең тиімді?