Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гастро и гематология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

* В12 витаминді

* РР витаминді

* Сорбиферді

* Аевит

! 34 жастағы әйел іштегі толғақ тәрізді дефекациядан кейін басылатын ауру сезіміне, үлкен дәретінің тұрақсыздығына, метеоризм, ұйқысының бұзылуына шағымданады. Қарағанда: іші кепкен, жұмсақ, кіндік аймағында және сол жақ мықын аймағында ауырсынады. Нәжісінде үлкен көлемді шырыш қосындылары бар. Рентгенологиялық зерттеуде патология анықталған жоқ.

Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы ішектің тітіркену синдорымын анықтауға БАРЫНША мәліметті?

* Іш қуысы ағзаларының УДЗ

* Компьютерлік томография

* Колоноскопия биопсиямен

* Ректальды манометрия

* Ирригоскопия

! 37 жастағы ер адамда цефтриаксонмен емделіп жүргенде бір аптадан соң іштің сол жақ бөлігінде спастикалық ауру сезімі, шырыш қосындылары мен қан жолақтары бар көп көлемді сұйық, жиі үлкен дәрет пайда болды; әлсіздік, субфебрильді температура. Қанда: лейкоциттер-15,5мың, ЭТЖ 28 мм/сағ. Нәжіс анализі: шырыш, тығыз жабындылар (пленки), лейкоциттер, эритроциттер көп мөлшерде.

Осы науқаста төменде келтірілген патологияның қайсысы болуы БАРЫНША мүмкін:

* микроскопиялық лимфоцитарлық колит

* бейспецификалық жаралы колит

* псвевдомембранозды колит

* Крон ауруы

* дизентерия

! 36 жастағы ер адам іштегі және аноректальды аймақтағы толғақ тәрізді ауру сезіміне, тәулігіне 10 ретке дейін сұйық шырыш қосындылары мен қан аралас нәжіске, артралгия, көзінде бөгде зат тұрған сезіміне, дене температурасының 37,5о С қа дейін көтерілуі және әлсіздікке шағымданады. Қарау: тері жамылғысы құрғақ, бозарған, иридоциклит; іші кепкен, жұмсақ, сол жақ мықын аймағында айқын ауру сезімді, балтырларында пиодермия. Қанда: эритроциттер-3,0 млн., лейк -10,9 мың, ЭТЖ -28 мм/сағ. Ректороманоскопияда: шырышты қабаты ісінген, қызарған, дәнді, қан тамырлық сурет анықталмайды, жаралар, псевдополиптер, ірің.

Науқаста төменде келтірілген диагноздың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін:

* Бейспецификалық жаралы колит

* Созыпмалы спастикалық колит

* Псевдомембранозды колит

* Крон ауруы

* Дизентерия

! 37 жастағы ер адамда ботқа тәрізді қоймалжың, тәулігіне 7-8 ретке дейін қан аралас нәжіс, іштің төменгі бөлігіндегі тұйық ауру сезім, дефекация кезіндегі ауырсыну, арықтау, көздерінің және буындардың ауыру сезім, қызба, әлсіздік. Қарауда: увеит; ауыздың шырышты қабатында афталар, тоқ ішек деңгейінде ауру сезім. Анус аймағында терең саңылау тәрізді жаралар. Колоноскопияда: тоқ ішек шырышты қабаты қызарған, ісінген, тез қанталайды, терең жаралы-жарылулар, шырышты қабат қатпарлары «кедір-бұдыр көпір» сияқты, ішектің сегментарлы тарылулары анықталады.

Эндоскопиялық көрініс белгілері көрсетілген колиттің қай түріне БАРЫНША тән:

* Созылмалы гранулематозды

* Бейспецификалық жаралы

* Созылмалы спастикалық

* Псевдомембранозды

* Ишемиялық

! ЖИА-мен ауыратын 73 жастағы әйелде тамактан кейін 40-60 минуттан соң немесе тез жүргенде іштің жиі толғақ тәрізді ауру сезімі пайда болды; кейде түнгі уақытта мазалайды, іш кебумен, дефекация шақырумен бірге жүреді. Соңғы уақытта 2-2,5 сағатқа созылатынын, тұрақсыз нәжіс, қан араласқанын айтады. Пальпацияда іші кепкен,сол жақ бүйір және мықын аймағы ауырсынады. Копрограммада: аздаған шырыш, қан жолақтары.

Берілген клиникалық белгілер қандай патологияға БАРЫНША тән:

* Созылмалы колит гипермоторлы қызметімен

* Созылмалы колит гипомоторлы қызметімен

* Созылмалы жаралы колит

* Псевдомембранозды колит