Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гастро и гематология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать
  • Месалазин

  • Будесонид

  • Преднизолон

  • Азатиоприн

  • Инфликсимаб

! Ер адам 30 жаста, қан аралас шырышты іш өту, тәулігіне 4-6 реттік улкен дәреттің шақырылуы, іштегі ауру сезімге, дефекациядан кейін басылады, субфебрильді температура, тізе буындарындағы ауру сезімі пайда болған. ЭТЖ – 33 мм/сағ. Гемоглобин – 92 г/л. Колоноскопида: шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, орындары кедір-бұдырлы, борпылдақ, тез жараланғыш, бүкіл тоқ ішек бойымен көп мөлшерлі нүктелі және біріккен жаралар анықталған.Қатпарлары тегістелген, перистальтикасы әлсіз. Берілген патологияның ауыр ағымында қандай бірінші топтағы препарат қолданамыз?

  • Будесонид

  • Преднизолон

  • Сульфосалазин

  • Азатиоприн

  • Инфликсимаб

! Ер адам 32 жас, тәулігіне 12 рет шырыш және қан аралас диареясына, дефекациядан кейін басылатын ішіндегі ауру сезіміне, қызба 39С дейін, белінде және буындарындағы ауру сезіміне шағымданады. ЭТЖ–50 мм/сағ. Гемоглобин – 72 г/л. Колоноскопияда: шырышы қызарған, ісінген, кейбір жерлері кедір-будырлы, борпылдақ, тез зақымданатын, барлық тоқ ішек бойымен үлкен мөлшерлі нүктелі және біріккен стриктураның жаралары. Берілген патологияның ауыр ағымында қандай бірінші топтағы препаратпен емдеу көрсетілген?

  • Будесонид

  • Месалазин

  • Сульфосалазин

  • Инфликсимаб

  • Гидрокортизон

! Ауыр ағымды спецификалық емес жаралы колитімен науқас будесонид және сульфосалазинмен ем алады, бірақ емнің эффективтілігінің жоқтығынан және жағдайының ауырлауынан циклоспоринммен ем бастады. Тәулігіне 8 рет қан аралас үлкен дәрет, гемоглобин – 72 г/л, СОЭ -52 мм/сағ. Осыдан кейін қандай тактика қолданғанымыз жөн?

  • Метилпреднизолонмен пульс-терапия жүргізу

  • Азатиоприн еміне қосу

  • Инфликсимабамен курс жүргізу

  • Плазмафарез курсын жүргізу

  • Гемосорбция курсын жүргізу

! Әйел 33 жас, спецификалық емес жаралы колитпен ауырады, сульфосалазинмен 1 г тәулігіне ұстап тұрушы ем қабылдайды. Бірақ менструациясының алдында 1-2 күн бұрын үлкен дәреті жиілейді және ішінде ауру сезімі және тенезм пайда болады. Бұл жағдайда қандай емдік тактика таңдаған жөн?

  • Еміне төмен дозалы контрацептивтер қосу

  • Еміне преднизолон 10-15 мг/тәул. қосу

  • Менструация алдында және кезінде преднизолон 20-30 мг/тәул. қосу

  • Менструация алдында және кезінде диклофенак натрий курсын өткізу

  • Менструация алдында және кезінде антибиотиктермен курс өткізі

! Әйел 28 жас, спецификалық емес жаралы колитпен ауырады, сульфосалазинмен 1 г тәулігіне ұстап тұрушы ем қабылдайды. Жүктілігі 7-8 апта. Бұл жағдайда қандай емдік тактика таңдаған жөн?

  • Жүктілікті үзү

  • Сульфосалазин дозасын азайту

  • Еміне преднизолон қосу

  • Сульфосалазинді преднизолонға ауыстыру

  • Сульфосалазинді сол дозада қалдыру

! Науқаста 10 жыл бұрын тоқ ішектің тотальды бұзылысы мен спецификалық емес жаралы колит диагностикаланған. Месалазинмен, ферменттер, жақсы эффектпен пробиотиктермен ем алады. 1-2 жылда 1 рет стресстік жағдайларда өршиді. Колоноскопияны 3 жерінен тікелей биопсиямен қаншалықты жиі жасау керек?

  • Жылына 1 рет

  • 2-3 жылда 1 рет

  • 5 жылда 1 рет

  • Өршіген кезде ғана

  • Колоноскопияға көрсеткіш жоқ

! Әйел 22 жаста. Шағымдары: әлсіздік, шаршағыштық, ұйқышылдық, дене салмағының жарты жылда 4-5 кг төмендеуі, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, тамақтан кейін эпигастрий аймағының ауыру сезімі, іш қату, іш кебу. Объективті: бауыр үлкеймеген, шеті дөңес, өт қуығы және асқазан мен он екі елі ішектің ортасындағы сфинктер проекциясында ауыру сезімді. ЖҚА: Эр - 3,27х1012/л, гемоглобин – 109 г/л, Тр – 260х109/л, Л – 5,6х109/л, ЭТЖ – 3 мм/час. Биохимия: жалпы белок – 65,4 г/л, альбумин – 39 г/л, билирубин – 7,6 мкмоль/л, АСТ – 0,14 ммоль/л, АЛТ –0,49 ммоль/л. HBsAg – өте жоғары, anti HBs – теріс, antiHBc IgM – оң, antiHBc IgG – оң, HBeAg – оң, anti HBe – теріс, anti-HCV – теріс. ПТР HBV ДНК – 105 көшірме/мл. Қандай ем тәсілі ең тиімді?