Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гастро и гематология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

* Созылмалы панкреатит, ауыру сезімдік түрі

* он екі елі ішектің ойық жара ауруы

! 56 жастағы механик ер адам, клиникаға эпигастрийдегі, екі жақты қабырға астындағы ауыру сезіміне, сарғаю, зәрдің қараюы және нәжістің түссізденуі, терінің қышуы, тәбетінің төмендеуі мен әлсіздікке шағымданып түсті. Ауырғанына 3 ай болған. Объективті: терісі аздап сарғайған, тырнақтың іздері бар. Қанда: ЭТЖ - 50 мм/сағ, аздаған анемия (Нв - 100 г/л), жалпы билирубин - 90 мкмоль/л, тікелей - 65 мкмоль/л, тимол сынамасы - 5 бірл., АЛТ – 0,65 мкмоль/л. Холангиографияда 12-елі ішектің үлкен емізікшесінің аймағында контрасты заттың өткізгіштігі бұзылған.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* созылмалы гепатит

* Фатеров емізікшесінің қатерлі ісігі

* ұйқы безінің қатерлі ісігі

* созылмалы тасты холецистит

* созылмалы псевдотуморозды панкреатит

! 40 жастағы ер адам, емдәмді бұзуына байланысты эпигастрийдегі тұйық ауыру сезімі, жүрек айну, тәбетінің төмендеуі мен әлсіздікке шағымданады. Объективті: іші жұмсақ, іш терісінде «рубин тамшылары». Мейо-Робсон, Грей-Тернер, Грот симптомдары оң. Қанда: лейкоциттер - 8,2 мың, ЭТЖ - 27 мм/сағ.

Емдеу шаралары жоспарының қайсысы БАРЫНША тиімді:

* креон, одестон, но-шпа

* фамотидин, креон, урсосан

* сандостатин, морфин, ораза

* промедол, мезим-форте, грандаксин

* ацидин-пепсин, панзинорм, витамины

! 47 жастағы әйел, іштің сол жақ бөлігіндегі айқын ауыру сезімі, лоқсу, бірнеше рет құсуға байланысты қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Ауыру сезімі тамақты шектен тыс көп ішкеннен пайда болған. Он жылдан бері өт-тас ауруымен ауырады. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған. Сипағанда Дежарден, Шоффар нүктелері мен сол жақ қабырға- омыртқалық бұрышында ауыру сезімі.

Емдеу шаралары жоспарының қайсысы БАРЫНША тиімді:

* но-шпа, ренни, креон

* маалокс, домперидон, одестон

* сандостатин, креон, платифиллин

* норфлоксацин, фурамаг, курантил

* квамател, амоксициллин, кларитромицин

! Бауырдың пункциондық биопсиясы кезінде портальды жолдардың кеңеюі мен аздаған гистиолимфоцитарлы инфильтрациясы, купфер жасушаларының пролиферациясы, гепатоциттердің дистрофиялық өзгеруі (дәнді, баллонды, майлы) мынаған барынша тән:

* гепатозға

* Жильбер ауруына

* созылмалы гепатитке

* Вильсон-Коновалов ауруына

* некроздан кейінгі бауыр циррозына

! қабыну инфильтрациясы, бөлік аралық (портальды) және септальды өт түтікшелері құрылымдарының деструкциясы, перипортальды гепатоциттердің сатылы өлі еттенуі және өт тромбтарымен перипортальды кеңістіктікте пайда болатын холестаз, өт өзекшелерінің жаңадан пайда болуы және олардың әрі қарай деструкцияға ұшырауы, бауыр паренхимасындағы өт өзекшелерінің кенеттен азаюы салдарынан болатын холестаз барынша тән:

* бауырдың майлы дистрофиясына

* созылмалы токсикалық гепатитке

* некроздан кейінгі бауыр циррозына

* созылмалы аутоиммундық гепатитке

* бауырдың біріншілік билиарлы циррозына

! 66 жастағы ер адам, соңғы екі ай бойы ентігу, әлсіздік, тәбетінің нашарлауы, эпигастрий аймағындағы ауыртпалық, ішінің кебуі, зәрінің бөлінуінің азаюына шағымданады. Бір жыл бойы терісінің қышуы мазалаған. Қарағанда: жағдайы ауыр, жүдеу. Тері және шырышты қабаттары аздап сарғайған, тырнақ іздері бар. Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 4-5 см төмен, тығыз, ұшы үшкір. Көкбауыры 2-3 см ұлғайған, тығыз. Қанда: Нв - 108 г/л, тромбоциттер – 182 мың, ЭТЖ – 22 мм/сағ.

Бұл дерттің БАРЫНША ерте белгісіне жатады:

* асцит

* терінің қышуы

* спленомегалия

* дене салмағының төмендеуі

* диспепсиялық көріністер

! 58 жастағы ер адам, эпигастрийдің оң жақ бөлігіндегі ауыру сезімі, іштің ұлғаюы, ентігу, іш қату, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. Жағдайының нашарлағанына 2-3 ай болған: біртіндіеп іші ұлғайып, ауыру сезім пайда болып, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кету эпизодтары байқалған. Қарағанда: склералары сарғайған. Іші ұлғайған, асцит. Бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен, тығыз, сезімтал. Айқын спленомегалия.

Емдік шаралардың қайсысы барынша тиімді?

* эубиотиктер, прокинетиктер, витаминдер

* витаминдер, интерферон индукторлары, ферменттер

* гепатопротекторлар, ілмектік диуретиктер, прокинетиктер

* вирусқа қарсы препараттар, витаминдер, прокинетиктер