Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гастро и гематология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать
  • Жильбер синдромы

  • Гепатоцеллюлярлы карцинома

  • Біріншілік билиарлы цирроз

  • Бауырдың үдемелі алкогольды циррозы

  • Созылмалы гепатит С соңындағы бауыр циррозы

! 36 жаста К есімді науқаста іш қуысы мүшелерінің УДЗ жасау кезінде өлшемі 2,5х3,4 см бауыр гемангиомасы анықталды. Ұрықтануға қарсы дәрілер қабылдайды. Шағымдары жоқ. Объективті: тамақтануы қанағаттанарлық, тері жабындылары қалыпты түсті. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Бауыры, көкбауыры үлкеймеген. Төмендегі зерттеу тәсілдерінен қайсысы ең ақпаратты?

  • ретроградты панкреатохолангиография

  • МРТ контрастылаумен

  • Бауыр УДЗ 1 жылдан кейін қайталау

  • Іш қуысы мүшелерінің КТ

  • Бауыр УДЗ 3 жылдан кейін қайталау

! А есімді науқас, 46 жаста ұзақ уақыт бойы созылмалы вирусты В гепатитпен ауырады, зерттеу кезінде қанда жоғары деңгейде АФП анықталды: (α-фетопротеин) – 69,7 нг/мл. Осы науқасты тиянақты зерттеуге барлығы кіреді, біреуінен басқа:

  • Бауыр УДЗ

  • Компьютерлі томография

  • Позитронды эмиссионды томография

  • Эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиография

  • Жіңішке инелі тері арқылы биопсия (немесе басқа алу тәсілі) цитологиялық зерттеумен

! Н. есімді науқастың 1-2 ай ағымында жалпы жағдайы кенет нашарлады: дене салмағын тез жоғалтты, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімі пайда болды, склералары мен тері жабындылары сарғайды. Науқастың сөзінен бұл белгілер тез үдеуде. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-55 мм/ч. АЛТ 58 Е/л, АСТ 44 Е/л, жалпы билирубин 128 ммоль/л, басым тура фракция есебінен. АФП 47,2 нг/мл. УДЗ: бауыр қақпасына жақын жерде гиперэхогенді, өлшемі 5,5х3,6 см жалғыз түйін анықталды. Қандай ем жолы осы жағдайда алтын стандарт болып табылады?

  • Бауыр трансплантациясы

  • Ісіктің химиоэмболизациясы

  • Этанолды тері арқылы енгізу

  • Ісікті радиожиілікті абляциялау

  • Жүйелі химиотерапия және сәулелендіру

! 52 жастағы ер адам, сұйық және қатты тағам қабылдағанда жұтынудың қиындауы, лоқсу, физикалық жүктемемен байланыссыз кеуде тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Бұл белгілер көбінесе түнгі уақытта эмоционалды күштемеден кейін пайда болады. Жоғарыда айтылған симптомдар 20 жылдан бері мазалайды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, салмағы 70 кг, бойы 164 см.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* Кардия ахалазиясының

* өңеш дискенезиясының

* өңеш дивертикулысының

* өңештің пептикалық жарасының

* гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының

! 37 жастағы әйел тамақтанып болғаннан кейін горизонтальды қалыпта күшейетін кеуде артындағы ауырсыну, қыжылдау, қышқыл және ащы ішкен тағамды құсу, өңештің ортаңғы бөлігіндегі “бөгде зат” тәрізді сезімге шағымданады. Асқазан сөлі анализінде гиперсекреция. Рентгенде өңеш өткізгіштігі калыпты, кардияның артқы ортаға шығуы және контрасты массаның асқазаннан өңешке қайта өтуі байқалады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* өңештің қатерлі ісігінің

* кардия ахалазиясының

* өңеш дивертикулысының

* өңештің пептикалық жарасының

* өңештің диафрагмалық саңылауының жарығының

! 47 жастағы ер адам, бір жыл бойы алкоголь, кофе және цитрус тағамдарын қабылдағанда пайда болатын кеуде артындағы ауырсыну және қыжылдауға шағымданады. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

* де-нолды

* маалоксты

* трихополды

* мотилиумды

* фамотидинді

! Гастроэзофагеалды рефлюкс ауруын емдеуге мына препараттарды тағайындаған Барынша тиімді?

* маалокс, фамотидинді

* омепразол, трихополды

* домперидон, рабепразолды

* омепразол, амоксициллинді

* омепразол, висмут субциттратын

! 45 жастағы әйел қатты тағам қабылдағанда жұтынудың қиындауы, лоқсу, физикалық жүктемеге байланыссыз кеуде тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Жұтынуын жеңілдету үшін тамақтану кезінде кеудесін артқа шалқайтады. Бұл симптомдар 10 жылдан бері мазалайды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық.

Төмендегі дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді?

* конкорды

* дюфалакты

* фозикардты

* нифедипинді

* кандесартан

! Асқазанның жарасы бар ер адам тамақ қабылдаудан кейін пайда болатын айқын қайталамалы ауыру сезімінің антацидтер мен тағам қабылдауға тәуелділігі жоғалып, ауыру сезімінің сипаты өзгеріп, күшейген, тұрақтыланған және кейде өткір болатыны байқалған. Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* перфорацияның

* қан кетудің

* перивисцериттің

* 12-елі ішекке кіре берістің стенозының

* реактивті панкреатиттің

! 45 жастағы әйел, 3 жыл бұрын холецистэктомия жасатқан, сонан кейін іш кебулер мен іш өтулер байқалған.

Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

* креонды

* фесталды

* урсосанды

* маалоксты

* мезим-фортені

! 28 жастағы әйел, оң қолға берілетін оң жақ қабырға астындағы ұстамаға; өт аралас құсыққа шағымданып түсті. 12 елі ішекке зонд салу кезінде барлық үш порцияда – шырыш, лейкоциттер, IV порцияда – лямблиялар анықталды.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* созылмалы холангиттің, өршу сатысы

* созылмалы дуодениттің, өршу сатысы

* калькулезды холециститтің, өршу сатысы

* созылмалы лямблиозды холециститтің, өршу сатысы

* өт қабының гипертониялық типінің, дискенезиясы

! 25 жастағы әйел, газ шыққаннан және дефекациядан соң басылатын құрсақтың бүйір және төменгі бөліміндегі сыздап ауырсыну, ертеңгілік уақытта немесе тамақтанғаннан кейін іштің өтуіне шағымданып түсті. Колоноскопияда – гиперемия, шырышты қабат ісінген және қансыраған, бактериологиялық зерттеуде; эшерихийдің патологиялық штаммасы, бифидобактериялар азайған.

Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

* сумамедті

* микомаксты

* пефлоксацинді

* левомицитинді

* амоксициллинді

! Созылмалы гастриттердің ерекше түрлеріне жатуы БАРЫНША мүмкін:

* атрофиялық емес

* эозинофильді

* атрофиялық аутоиммунды

* атрофиялық мультифокальды

* ассоциирленген Нelicobacter pylori

! 32 жастағы әйел, тамақтан соң бір жарым сағаттан кейін пайда болатын эпигастрийдегі ауыру сезіміне, ауамен кекіруге шағымданады. ЭФГДС-те асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабаты күрт қызарған, бірен-саран эрозиялар.

Төмендегі емдеу шараларының жоспарының қйсысы БАРЫНША тиімді?

* домперидон, алмагель, де-нол

* маалокс, фамотидин, домперидон

* омепразол, амоксициллин, трихопол

* метронидазол, кларитромицин, рабепразол

* амоксиклав, метронидазол, висмут субцитраты

! 45 жастағы диклофенакты ұзақ қабылдаған әйелді соңғы 2 айда тамақтан кейін эпигастрийдегі кесіп ауыру сезімі, күйдіру, қышқыл ауамен кекіру мазалайды.

Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

* маалоксты

* алмагельді

* мотилиумды

* папаверин

* омепразол

! 56 жастағы әйел эпигастрий және пилородуоденальды аймағындағы ауыру сезімі, өт аралас құсық, таңертеңгі уақыттағы аузындағы ащы дәмге шағымданады. Гастроскопия жүргізгенде - эрозивті гастриттің көрінісі.

Төмендегі емдеу шаралары жоспарларының қайсысы БАРЫНША тиімді?

* алмагель, урсофальк, дюфалак

* домперидон, урсофальк, сукральфат

* мизопростол, алмагель, омепразол

* висмута субцитрат, маалокс, фамотидин

! 82 жастағы әйелді эпигастрийдегі тұйық керілген ауыру сезімі, тамақтан соң эпигастрийде толу сезімі, шіріген иіспен кекіру, метеоризм, іш өтумен кезектесетін іш қату мазалайды. Қарағанда: науқастың дене бітімі арықтау, тері жабындылары бозғылт, ауыздың екі жақ шеті жарылған, терісі құрғақ, тырнақтары сынғыш.

Емдеу шараларының қайсы жоспары БАРЫНША тиімді:

* сорбифер, алмагель, гепабене

* фамотидин, панзинорм, но-шпа

* цизаприд, алмагель, мезим-форте

* домперидон, креон, бифидумбактерин

* табиғи асқазан сөлі, панзинорм, мильгамма

! 16 жастағы ер бала, кезеңді ішінің кебуі, тамақтан кейін асқазан астындағы толу және дискомфорт сезіміне шағымданады.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

* маалокс

* алмагель

* мотилиум

* омепразол

* рабепразол

! 29 жастағы әйел, толғақ тәрізді ауыру сезімі, патологиялық қоспасыз сұйық нәжіске шағымданады. Жағдайының нашарлауын психоэмоционалды стреспен байланыстырады. Колоноскопия жүргізгенде - жуан ішекте органикалық өзгерістер анықталмады.

Емдеу шараларының жоспарына қосқан БАРЫНША тиімді:

* креон, де-нол

* дицетел , дюфалак

* дюфалак, имодиум

* имодиум, грандаксин

* интетрикс, хилак-форте

! Ішектегі эндогенді инфекцияның негізгі көзі болуы барынша мүмкін:

* сальмонеллалар, эшерихиялар

* клебсиеллалар, энтеробактериялар

* бифидобактериялар, стафилококтар

* бифидобактериялар, лактобактериялар

* лактобактериялар, ашытқы тәрізді Candida саңырауқұлақтар

! Шектен тыс микробты контаминация синдромының барынша мүмкін себептерін көрсетіңіз:

* АІЖ қышқылға тәуелді аурулары

* ферментативті препараттармен емдеу

* антибактериальды препараттармен емдеу

* он екі елі ішектің ойық жара ауруы

* Helicobacter pylory мен қосарласқан созылмалы атрофиялық емес гастрит

! Тамақтан соң басылмайтын, іштің жоғарғы бөлігіндегі айқын, көбінесе белдемелі сипатты ауыру сезімі; Шоффар, Губергриц зоналарында ауыру сезімі, төмендегі диагноздардың қайсысына БАРЫНША тән:

* асқазанның ойық жара ауруының өршуіне

* созылмалы панкреатиттің ауыру сезімді түріне

* созылмалы пиелонефрит, бүйректік ұстамаға

* созылмалы панкреатиттің үдемелі түріне

* созылмалы тассыз холециститтің өршуіне

! 38 жастағы ер адам, тамақты көп қабылдағанда, салқындағанда, жүргенде, селкілдегенде іштің сол жақ бөлігіндегі және бел аймағында пайда болатын және но-шпа, баралгин қабылдағаннан кейін азаятын лоқсу, ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: тілі ақ жабындымен қапталған, іші жұмсақ, сипағанда сол жақ қабырға асты, сол жақ қабырға-омыртқалық бұрышында ауыру сезімі (Мейо-Робсон симптомы).

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* асқазанның ойық жара ауруы

* созылмалы пиелонефрит

* зәр тас ауруы, бүйректік ұстама