- •Философия -психология факультеті
- •Психология және адам дамуы пәні бойынша
- •1. ПӘннің оқу бағдарламасы – sҮllAвus
- •1.1. Оқытушы жайындағы мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәлімет: «психология және адам дамуы»
- •1.3. Пререквизиттер:
- •1.4. Постреквизиттер:
- •1.5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •1.6 Пән бойынша тапсырмалар орындау және өткізу кестесі:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі:
- •1.9. Курстың саясаты:
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1.Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •Дәріс сабақтарының тезистері
- •Психология ғылымының негізігі принциптері
- •Уақытта материяның өмір сүруінің объективті шындық формасы.
- •Дәріс №15. Жас ерекшелік психологиясы пәні, міндеттері және әдістері
- •Дәріс №23.Ерте психикалық жас
- •Дәріс №24. Мектепке дейінгі психикалық жас.
- •2.3. Семинарлық сабақтардың жоспарлары
- •1.Тақырып: Психология пәні
- •2.Тақырып: Психология ғылымының негізгі принциптері және зерттеу әдістері.
- •3.Тақырып: Ми және психика.
- •4.Тақырып: Психиканың пайда болуы, дамуы.
- •5.Тақырып: Зейін
- •6.Тақырып: Түйсік
- •7.Тақырып: Қабылдау
- •8.Тақырып: Ес
- •9.Тақырып: Ойлау және Сөйлеу
- •10.Тақырып: Қиял
- •11.Тақырып: Эмоция және сезім
- •12.Тақырып: Ерік
- •13.Тақырып: Темперамент
- •14.Тақырып: Мінез
- •15.Тақырып: Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері. Сұрақтары.
- •2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
- •3. Тақырып: Жас ерекшелік психологиясының ғылыми категориялары
- •4. Тақырып: ж.Пиаженің дамудың биологиялық принцип теориясы
- •5. Тақырып: 1-2 жастағы баланың жалпы даму ерекшеліктеріне бақылау жүргізу
- •7. Тақырып: Үш жастағы дағдарыс, олардың симптомдары
- •8. Тақырып: Жеті жасар дағдарыс және мектепте білім алуға психологиялық даярлық
- •2.6. 1.Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •2.7. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық жабдықтау
- •2.8. Өзін-өзі тексеруге арналған тестік тапсырмалар
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары.
Дәріс №15. Жас ерекшелік психологиясы пәні, міндеттері және әдістері
Жас ерекшелік психологиясы пәні – психикалық дамудың әрбір кезеңіндегі адамдар арасындағы жеке айырмашылықтары, адамның психикалық дамуының әрбір кезеңіндегі оқыту мен тәрбиелеудің шарттарындағы адамның тұлғасы және психикалық процестің онтогенез заңдылықтары.
Даму дегеніміз не? Ол немен сипатталады? Дамудың объектінің басқа өзгерістерінен принциптік айырмашылығы қандай? Даму сапалы өзгерістермен, жаңа білімдердің, жаңа процестердің, жаңа құрылымдардың, жаңа механизмдердің пайда болуымен сипатталады.. Психикалық даму процесі- бұл ерекше процесс. Ол қоғамның даму деңгейіндегі практикалық және теориялық іс-әрекеттер формасымен анықталады.
Жас ерекшелік психологиясы келесі практикалық және теориялық міндеттерді шешеді: ғылыми-зерттеушілік, диагностикалық, түзетушілік.
Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістері:эмпирикалық:байқау,эксперимент;әлеуметтік-психологиялық: сауалнама;диагностикалық: тесттер; праксиметрикалық: шығармашылық іс-әрекет өнімдерін талдау.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 6, 8, 13, 17.
Қосымша әдебиеттер: 21, 23.
Дәріс №16. Жас психологиясына биогенетикалық тұрғыдан келу
Бала дамуының концепциясының пайда болуына Ч. Дарвиннің ілімі әсер етті. Даму, яғни генезис белгілі бір заңдылыққа бағынады. Одан кейінгі уақыттарда кез-келген ірі психологиялық концепция бала дамуының заңдылықтарын іздеумен байланысты болды.Алғашқы психологиялық теориялар қатарына рекапитуляция концепциясы жатады.
Э. Геккель ұрықтың дамуына қатысты биогенетикалық заңдылықты ойлап шығарды: ол «онтогенез филогенездің қысқаша қайталануы». Бұл заңдылық баланың онтогенетикалық дамуыра ауыстырылады. Стенли Холлдың ойынша , бала өзінің дамуында адамзат дамуының сатыларын қайталайды деп санайды. Оның топшылауынша, бала түнде қорқып, шошып оянған кезін атавизммен түсіндіреді, яғни адамның ерте кезеңдегі орманда жалғыз ұйықтап жатқандығын, қауіп-қатерге ұшыраған кездерін басынан өткізіп жатады да, кенеттен оянып кетеді, сосын көпке дейін қайтадан ұйықтай алмай жатады дейді. Стенли Холлдың айтуынша , баланың ойыны – оған рудиментарлық, яғни оған қазір қажет емес функциялардан құтылу үшін ( итбалықтың суда ұздіксіз құйрығын бұлғағаны сияқты) жасайтын жаттығулар деп санайды.
Стенли Холл сондай-ақ, баланың сурет салуының дамуын тарихта белгілі бейнелеу өнерінің даму сатыларымен сәйкестендіреді. Стенли Холлдың бұндай көз-қарастары көртеген психологтардың тарапынан сыни көз-қарастар тудырды. Мысалы, С.Л.Рубинштейн бұндай ұқсастықтар дұрыс емес деп көрсетті :ересек адам қоршаған табиғатқа қатысты тіршілік үшін күреске дайын болса , ал баланың айналаға қатынасы тіпті басқаша. Сондықтан да олбасқа себептермен байланысты басқа феноменді білдіреді. Рекапитуляция концепциясының теориялық түрде кемшілігін психология , бұл саланы сынаған эмбриология саласынан бұрын анықтаған болатын.
Өзінің лабораториясында Холл балалар психикасының әртүрлі жақтарын зерттеу мақсатында оларға арнйы сұрақтар құрастырып, жасөспірімдер мен жастарды зерттеді. . Холл зерттеулерінен алынған материалдар сонымен бірге балалардың комплекстік сипаттамасын құрастыруға, олардың проблемаларын ересектер көзімен де, жасөспірімдердің өздерінің позициясынан да анализ жасауға мүмкіндік туғызды.
Баланың психикалық дамуын зерттей келе Холл оның негізінде Дарвиннің оқушысы Геккель ұсынған онтогенез филогенездің қысқа, әрі тез қайталануы деп тұжырымдалған биогенетикалық заң жатыр деген қорытындыға келеді.
Негізгі әдебиеттер :2,3,4,6,8,10,11,12,14,16
Қосымша әдебиеттер: 1,9,17, 24,25,27,28,29
Дәріс №17. З.Фрейдтің психоаналитикалық теориясы
Психоаналитикалық теорияның өкілдерінің көрсетуінше, адамдар күрделі энергетикалық жүйе болып табылатын көріністерге негізделеді. З.Фрейдтің есептеуінше, адам мінез-құлқын бір энергия белсендіреді. З.Фрейд энергияны сақтаудың жалпы принциптерін психологиялық терминдер тіліне аудара отырып, психикалық энергияның қайнар көзі қозудың нейрофизиологиялық күйі деген тұжырымға келеді.Әрбір адамда белгілі шамада психикалық белсенділікті қоректендіретін энергия саны болады. Белгілі бір орында энергияның шоғырлануы қозу туғызады, себебі ол басқа жерлерде жетіспеуі мүмкін. Индивидтің қандай да бір мінез-құлық формасы жағымсыз қозуды азайтудан тұрады.Осылайша, Фрейд теориясына сәйкес, адамның мотивациялық өрісі қажеттіліктердің негізінде туындаған қозу энергиясына негізделеді. Психикалық энергияның негізгі саны қажеттіліктер негізінде туындаған қозу деңгейін азайтуға мүмкіндік беретін организм іс-әрекетіне бағытталады. 3.Фрейдтің бекітуінше, қандай болмасын адамныңтанымдықісәрекетініңбелсенділігі(ойлау,қабылдау, ес және қиял) инстинктермен анықталады. Адам мінез-құлқына бұлардың әсерлері тікелей, жанама және жасырын түрде болуы мүмкін. Инстинктер "қандай болмасын белсенділіктің соңғы себебі" болып табылады. Автор негізгі екі инстинктер тобы, өмір мен өлімнің бар екендігін мойындайды.
Негізгі әдебиеттер :2,3,4,6,8,10,11,12,14,16
Қосымша әдебиеттер:1,9,24,25,27,28,29
Дәріс №18. Ж. Пиаженің интеллектінің операционалдық теориясы.
Ж. Пиаже Женевада балалардың ақылының дамуын зерттейтін генетикалық психология мектебін құрды. Осы ғылымның объектісі – интеллектінің шығу тегі. Ол балада объект, кеңестік, уақыт, себеп түсінігінің қалыптасуының қалай дамитынын зерттейді; баланың табиғи құбылысты түсінуін, бала логикасының ерекшеліктерімен қызығады. Негізгі ғылымның мәселесі – бір әрекет формасынан басқасына өтуі; қарапайым ақылдылық әрекет құрылымынан күрделіге өтуі; бала мен үлкен адам арасындағы психикалық өмірдегі ұқсастығын зерттеу. Пиаже негізінде генетикалық эпистемологияны құру генетикалық психологияны жасады.
Трансформация идеясы – Пиаже концепциясының бірінші негізгі идеясы. Одан объект пен субъект арасындағы шектеулік басынан бастап орнатылмаған екенін көруге болады. Тәжірибесіз және талдау құралдарсыз субьект оған не жататынын, объектіге не жататынын, әрекетке не жататынын түсіне алмайды. Білім көзі субъект пен объектінің өзара әрекеттесуінде жатыр. Сондықтан таным мәселесі интеллект дамуының мәселесінен бөлек қарастырылмайды. Пиаже айтуынша конструкция зерттеуінің сериясы қажет. Концепциясының екінші орталық идеясы – конструкция идеясы. Объективті білім әрдайым анықталған қимыл құрылымына бағынады. Бұл құрылым – конструкция нәтижесі: олар әрекеттерге тәуелді болғандықтан объектілермен берілмеген және субъект өзінің қимылын бағыттауға ұйренуі керек болғандықтан субъектімен берілмеген. Бала әр түрлі затты трансформациялау арқылы оның құрылымы туралы ақпарат алады. Балада осыған байланысты сол зат туралы конструкция қалыптасады. Әр заттың жаңа трансформациясы бала біліміне ол туралы жаңа нәрсе әкеледі; нәтижесінде тереңірек объективті жаңа конструкция туады.
Пиаже бойынша субъект – бұл үйренуге белсенділік қызметі бар, тірі ағзаға тұқымқуалаушылықпен бекітілген. Ол белсенділік көмегімен қоршаған айналақұрылымы болады. Инеллект әрекетінің өзін көрсетеді. Субъект әрекетіне мінездеме бере отырып, оның құрылымдық және функционалдық қасиетін бөліп көрсетуге болады. Функция – бұл биологиялық ағзаға тән қоршаған ортамен қарым- қатынас қабілеті. Субъектіде қоршаған орта әсері нәтижесінде қимыл схемасы бар жаңа объектіге кіруін ассимиляция процесін айтады. Егер жаңа әсер ету схеманы толығымен алмаса, онда жаңа объектіге үцренуге осы схеманың қайта жасалуы болады. Бұл процесті аккомодация деп атайды.
Негізгі әдебиеттер :6,8,10,11,12,14,16
Қосымша әдебиеттер: 1,9,24,25,27,28,29
Дәріс №19.Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы
Л.С. Выготский психикалық дамудағы оқытудың жетекші ролі жағдайын жылжытты. К.Маркс пен Ф.Энгельстің адамның әлеуметтік мәні түрі идеалдарына негіздей отырып, ол адамның жоғарғы психикалық функциясының жемісін мәдени-тарихын дамудан көрсетті. Жоғарғы психологиялық функция алғашқыда өзара іс-әрекетте, ынтымақтастықта, басқа адамдарды қарым-қатынаста қалыптастырады және бірте –бірте ішкі жоспарға айналып, баланың ішкі психикалық процестері болады. Үлкен адаммен бірлескен іс-әрекеттегі оқыту процесінде жоғарғы психикалық функцияның қалыптасуы «дамудың танудағы аймағында». Л.С. Выготскийдің бір түсінігі әлі жетілмеген, жетіліп келе жатқан психикалық процестерін білдіреді. Бұл процестер қалыптасқанда, оларға тесттік тапсырмалардың көмегімен диагностика жүргізуге болады. Бұл міндеттерді баланың қаншалықты жетістікпен орындағанын тіркей отырып, біз актуальды даму деңгейін анықтаймыз.
С.Л. Рубинштейн, Л.С. Выготскийдің позициясын нақтылай отырып, даму мен оқытудың белгілі түрін айтады. Оқыту баланың нақты даму деңгейі мүмкіншіліктеріне сәйкес келуі керек. Бұл мүмкіндіктерді оқыту барысында тарату жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Негізгі әдебиеттер :6,8,10,11,12,14,16
Қосымша әдебиеттер: 1,9,24,25,27,28,29
Дәріс№20. А.Н.Леонтьев іс-әрекет теориясы және Д.Б.Элькониннің жас кезеңдері
Психологиялық дамудың қозғаушы ғылымы бола меңгерген
және жаңа мазмұнының арасындағы ішкі қайыршылықтар. Психиканы дамыту проблемасын түсінудегі маңызды мәселе сана мен іс-әрекет бірлігі. Іс-әрекет пен сана өзара тығыз байланысты адамзат іс-әрекетін зерттеу жолдары психикаға анализ жасауға мүмкіндік береді.
Бала дамуындағы қозғаушы күші, оның жас ерекшеліктерін анықтайтын себептер Л.Н.Леонтьев еңбектерінде де қарастырылады. Мысалы: мектеп жасқа дейінгі жаста бала қоршаған адамға тәуелді; олардың талаптармен санасады .Мектепке дейінгі жастан дамудың келесі стадиясына өткенде баланың бүкіл қарым-қатынасы жүйесі өзгереді. Баланың психикасының қалыптасуы тікелей жетекші әрекетпен шарттасады. Жетекші әрекетке байланысты баланың жасына тән психикалық жаңалық болады.
Д.Б. Эльконин үлкендердіњ ешбір әсері субъектініњ өзініњ шынайы іс –әрекетініњ жүзеге асуы мүмкін емес екендігін бөліп көрсеткен және бұл іс- әрекет ќалай жүзеге асатындыѓын дамудыњ өзініњ процессі байланысты. Баланыњ психикалыќ дамуында іс-әрекет рөлініњ ашылуы дамудыњ 2 факторлыќ мәселесінен шыѓу жолы болды. Даму процесі- бұл субьектіњ заттармен әрекет етуі арќылы өзін- өзі ќозѓауы, ал тұќым ќуалаушылыќ пен орта- тек даму процесініњ мәнін аныќтамайтын жаѓдайлар факторлары, олар тек нормалас, шекарасында әр- түрлі варияцылар ѓана келесі ќадам балалыќ даму барысында іс-әрекет бір болып ќалама, әлде жоќ па деген сұраќќа жауаппен байланысты. Ол Выготскийдіњ іс-әрекеттіњ жетекші типі туралы идеяларыныњ зертеулерін терењдеткен, Леонтьевпен жасалынѓан болатын. Жетекші іс-әрекет онда іс-әрекеттіњ басќа түрлері пайда болѓандыѓымен және дифференцияланатындыѓымен, негізгі психикалыќ процестердіњ ќабаты ќұрылатындыѓымен және берілген даму дењгейінде тұлѓаныњ психикалыќ ерекшеліктерініњ өзгерістерініњ болуымен сипатталады. Жетекші іс-әрекет типі негізінде Д.Б. Эльконинин балалыќ дамудыњ кезењдерін бөліп ќарастырѓан.
Негізгі әдебиеттер :6,8,10,11,12,14,16
Қосымша әдебиеттер: 1,9,24,25,27,28,29
Дәріс №21. Нәрестелік кезең
Өмірге келген нәресте өзінің анасынан оқшауланады. Ол бөтен жағдайға тап болады: суық, күшті жарық, ауа ортасы, көректену типін өзгерту қажеттілігі т.б. Бұл жаңа, бөтен ортаға бейімделуге балаға тұқымқуалаушылық арқылы бекітілген механизмдер – шартсыз рефлекстер көмектеседі. Бұл ең алдымен тамақтану рефлекстерінің жүйесі. Сонымен бірге шартсыз рефлекстер қатарына қорғану және бағытталу рефлекстері жатады. Есту анализаторлары 2-3 аптада пайда болады. Қатты дыбыс, мысалы, есіктің жабылуы бала қимылының тоқтауына әкеледі, бала қимылдамайды және үндемейді. Кейінен, 3-4 аптада мұндай реакция адам дауысына пайда болады. Бұл уақытта бала дауыс шыққан жаққа басын бұрады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, алғашқы эмоцияның пайда болуы айғайлау, тырысу, қызару, әртүрлі қимылдардан байқалады. 2-ші айда бала адам бетіне көз тоқтатып, күлімсірейді, қол-аяқ қимылдарын жасайды, дауыс реакциялары пайда болады. Бұл реакцияны жандану комплексі деп аталады.
Нағыз адамзат ерекшелігінен тұратын жандану комплексі күлу, алғашқа әлеуметтік қажеттілік-қарым-қатынасқа қажеттліктің туғандығын айқындайды.Ал баланың қарым – қатынасқа қажеттілігінің қалыптасуы, ол өзінің психикалық дамуында жаңа кезеңге өткендігін білдіреді. Нәрестелік кезең аяқталып сәбилік кезең басталады.
Негізгі әдебиеттер: 2, 5, 6, 10, 12, 17, 18.
Қосымша әдебиеттер: 4,8,12.
Дәріс №22.Сәбилік психикалық жас.
Бала өмірінің 2-ші жылының даму жетістігі- жүру. Бұл баланы дербестікке жетелейді және кеңістікті әрі қарай меңгеруге жағдай жасайды. Өмірінің 2-ші жылының соңында балаларда қимыл координациялары жақсарады, олар күрделі әрекет комплекстерін меңгере бастайды Нәрестелік кезеңнен сәбилік кезеңге өту арасындағы өтпелі кезеңді әдетте бір жастағылардың дағдарыстары деп атайды.
Барлық дағдарыстардың түрі сияқты бұл дербестікпен және аффектілі реакциялардың көрінуімен байланысты. Балада аффектінің көрініс беруі үлкендердің баланы түсінбеуінен оның сөзіне жауап қайтарылмауынан, ым – ишараны түсінбеуінен және оның тілегін орындамауына байланысты баланың жүруіне немесе үйдің ішінде белсенді еңбектеуіне байланысты оның заттармен әрекет жасау шеңбері ұлғаяды. Өтпелі кезеңнің маңызды жаңалығы , баланың өзіндік сөйлеуі, мұны Л.С Выготский автономдық деп атайды. Автономды сөйлеудің бір ерекшелігі оның сөздерінің арасындағы байланыстың әр түрлілігі. Сөйлемнің сөздері бір – бірімен байланыссыз және олар бір – біріне үстеу түрінде ауысады. Балалардың автономды сөйлеуі фонетикалық және семантикалық жағынан үлкендердің сөйлеуінен айырмашылығы болғанымен, бірақта баланың қасында үнемі болатын үлкендер үшін бұл сөздердің мағынасы өте маңызды.
Негізгі әдебиеттер:1,5,6, 14, 17.
Қосымша әдебиеттер: 5,6,9.
