Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 Тарау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
242.33 Кб
Скачать

3.5 Адамның тірек–қозғалғыштық жүйесінің құрылымдық–феноменологиялық моделі.

Көптеген зерттеулер мен тәжірибе ең көп жұмысты бұлшықет орташа жүктеме кезінде жасайтынын көрсетеді. Адам ең үлкен жұмысқа деген қабілетке ондай ауыр емес және ондай жеңіл емес жүктерді көтергенде кезде ие болады. Өте тез және жай жұмыс кезінде адам тез шаршайды. Нәтижесінде адам жалпы аз жұмыс жасайды.

Дұрыс жүктеме мөлшерлеуі мен жұмыс ритмі физикалық еңбекті қолдануда шешуші мәні болып табылады. Бұл қозғалтқыш аппараттың серпімді құрылымының қалыпқа келтіруші күштер мен инерция күштерінің теңесуі туралы концепцияны растайды.[21] Ритмді сақтаудың маңыздылығы теориядан шығады. Жүктемені үлкен емес және кіші емес етіп регламентациялау керек, сонда бұлшықет пен сіңірлердің серпімді күші адамның қозғалтқыштық аппаратының инерция күші мен кейбір орнын ауыстырып отырған жүкке қосылған оптималды массаны компенсациялайды.

Адам организмінің инерциялық, серпімді және гистерезистік сипаттамаларының қатынасына тәуелді динамикалық қасиеттерін механикалық импеданс деп есептеу қажет.

Механикалық импеданс ретінде денеге қойылған қоздырушы күш пен нәтижелік жылдамдыққа қатынасын айтады.

Адам денесінің механикалық құрылымын орналастырғанда механикалық модельдің жасалымы үшін экспериментальды түрде амплитуда-жиіліктік сипаттамасын алады, яғни орын ауыстыру мен жылдамдықдың қоздырушы күш жиілігіне тәуелділігі. Бұл тәуелділіктер экспериментальды болып есептелінеді, яғни кейбір жылдамдық жиіліктерінде тербелістер дереу артып, дененің резонанстық қасиеттері пайда болады[21].

Әдетте адам денесінің моделі амплитуда-жиіліктік сипаттамадағы резонанстық шыңдарымен анықталатын массаның соңғы санымен құрастырылады. Массаларды өзара серпімді–гистерезистік элементтермен қосады. Адамның динамикалық сипаттамалары оның дене тұрысына байланысты әр түрлі болады. Осыған байланысты отырған, тұрған және жатқан адам үшін әр түрлі механикалық модельдер тән. МАУЛЕН 114-121бет

3.12 - суретте тұрып тұрған адамның тірек - қозғалмалы жүйесінің механикалық мүмкін моделінің біреуі келтірілген. Модельде дененің сипаттамалық элементтері теңестірілген: бас, мойын, жоғарғы белдеу, жоғарғы белдеумен бірге иық сүйегінің байланысы, иық сүйегі, шынтақ буыны, сирақ сүйектері, сирақтабанды тамырлар, табандар.

Мұндай жағдайда, адам денесі - күрделі активті қозғалмалы жүйелі күрделі, инертті, тұтқырсерпімді механикалық құрылым. Инертті тұтқыр және гистерезисті құрылымның әрекеттестігі оның сипаттамасын анықтайды.

а -бұлшықеттің активті элементі;

б - серпімді байланыс;

в - демпфер;

г - салмақ;

д - тұтқырсерпімді инертті элемент;

1 - бас;

2 - мойын;

3 - мойын бұлшықеттері;

4 - жоғарғы белдеу;

5 - иық сүйегінің байланысы; 6 - бұлшықет;

7 - иық сүйегі;

8 - шынтақ буыны;

9 - жіліншік;

10 - бұлшықет;

11 - жіліншіктің білекпен байланысы;

12 - білік;

13 - бұлшықет;

14 - омыртқа;

15 - бел байланысы;

16 - бел;

17 - бұлшықет;

18 - тізе буыны;

19 - жіліншік сүйегі;

20 - бұлшықет;

21 - сирақтабанды тамырлар;

22 - табан.

3.12 - сурет. Адамның сүйеулі - қозғалмалы жүйесінің механикалық моделі [21].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]