
- •3.1. Бұлшықет ұлпасының феноменологиялық әдістері
- •3.2 Хилл моделі. Жеке жиырылу қуаты.
- •3.3. Құрылымдық амал негізіндегі бұлшық еттің функциялану әдісі
- •3.4 Бұлшықет қызметін модельдеуге құрылымдық–феноменологиялық тәсіл
- •3.5 Адамның тірек–қозғалғыштық жүйесінің құрылымдық–феноменологиялық моделі.
- •3.6. Бұлшықеттің жұмыс істеуінде температураның және вибрацияның рөлі
- •5.2. Қантамырдың локальды тарылуы кезіндегі қан ағысының ерекешеліктері. Резистивті модель
- •3.7. Биомеханикалық модельдерді спортта қолдану
- •4 Тарау Жүрек-қантамыр жүйесінің механикасы
- •4.1 Қанайналым жүйесінің функционалдық сызбасы.
- •4.2. Жүрек динамикасын модельдеу
- •4.11 Сурет- Жүректің ортаңғы бетінің жақындатылған формасы.
- •4.12 Сурет – Жүректің көлденең қимасының ортаңғы бетінің жақындатылған формасы.
- •Жүректің энергетикасы
- •4.3. Бұлшықеттің қанмен қамтамасыз етілу сұлбасы
- •Қанның және тамырлардың механикалық қасиеттері. Құрылымы бар орталардың тиімді модельдері (үлгілері) туралы түсінік
- •4.5 .Гемодинамикасының кейбір модульдері мен заңдары.
- •4.6. Икемді қантамырда қан ағысының кинетикасы Лүпілді толқын. Франк моделі.
- •4.7 Физико - механикалық құрылымының есебімен күретамырда қанның ағуы және қысымы
- •4.8. Қантамыр геометриясының ағынға әсері
- •Көктамырда қанның ағысы және қысымы
- •4.9. Қанның микроциркуляциясы
- •4.10. Қанның пульсты ағысындағы микроконтинуалды моделі
- •5 Бөлім. Капиллярдағы және локальды тарылған қантамырдағы гемодинамика
- •5.1. Капиллярда қанның фильтрленуі және реабсорбтылығы
- •5.2. Қантамырдың локальды тарылуы кезіндегі қан ағысының ерекешеліктері. Резистивті модель
- •5.2. Қантамырдың локальды тарылуы кезіндегі қан ағысының ерекешеліктері. Резистивті модель
- •3. Қан тұтқырлығының өзгеруі
4.11 Сурет- Жүректің ортаңғы бетінің жақындатылған формасы.
4.12 Сурет – Жүректің көлденең қимасының ортаңғы бетінің жақындатылған формасы.
Жүректің көлденең қимасы шеңбер бойынша сызылмайды, бірақ қарыншалар арасындағы науашаға (желобку) бағытталған тереңдеуі аналитикалық сипаттамадан көрініп тұр. Бұл форманы екінші тәуелсіз айнымалыға Р тәуелді радиус-вектор көмегімен алуға болады:
(4.27)
(4.28)
Бұл жағдайда меридиандар мен параллельдер ортогональды емес, бірақ аздаған амплитуда шамасында (4.12-сурет) жақындату арқылы ортогональды қисық сызықты координаттар формулаларын қолдануға болады.
Осылайша анықталатын жүректің ортаңғы бетін қарыншалар мен жүрекшелер арасын ішкі орта беттерімен толықтыру қажет. Сонымен қатар қарыншалар мен предсердиялар арасының мембранадағы және ішкі бетіндегі саңылауларын ескеру қажет.
Сол жақ қарыншалардың күшті құрылымын екі тәсілмен ескеруге болады. Бірінші тәсіл: екі қарыншаның миокардының ортақ сыртқы беті қарастырылады, ал сол жақ қарынша аймағындағы қалыңдауы екі беттің түйісуі ескерілген қосымша ішкі бет түрінде қарастырылады. Екінші тәсіл: негізі ретінде оң жақ қарынша миокарды алынады. Олардың өзара қатынасы жеке қарастырылады. Жалпы айтқанда тек сол жақ қарыншаның бөліктерін тым жақындауымен қарастыру. Жиырылатын фибрилл құрылымын қосымша анықтау қажет, сонымен қатар бұл құрылымның қалай әрекет ететінін (тек бір қарынша немесе екеуі үшін бірмезетте) анықтау қажет.
Жүректің ортасының бетін толығырақ қарастырамыз. Оның қасиеттері бірінші және екінші квадраттық формаларымен анықталады.[4]
Бірінші квадраттық форманың коэффициенттерін деформациясыз күйде мына түрде жазамыз:
=
(2.29)
μ=0
кезінде радиусы
болатын сфералар үшін коэффициенттер
аламыз, яғни
Екішні квадраттық формасының коэффициенттері мынадай түрге ие
,
(4.30)
Бастапқы деформациясыз жағдайдың сызықтық элементі мына теңдеумен беріледі:
(4.31)
Сыртқы және ішкі қысымның әсерінен және жүрек бұлшық етінің жиырылуы себебінен оның ортаңғы беті үлкен импульсті деформацияға ұшырайды. Бұл жағдайда сызықты элемент мынаған тең:
(4.32)
Екінші
квадраттық форманың коэффициенттері
деформациядан кейін жаңа
мәндерін қабылдайды.
Ортаңғы беттің импульсті деформациясы уақытқа тәуелді. Олар өздерінің сипаттамасы бойынша бұлшық ет фибриллдерінің жиырылуымен және систола және диастола кезіндегі қарыншалардың көлемінің өзгеруімен синфазалы болады.
Орынауыстырудың жалпы теңдеуі мына түрге ие болады:
(
)+
T=0.8с
(4.33)
Систола және диастола циклі кезінде миокардтың қалыңдығы өзгереді, оның қалыңдығы екінші фазасында 28% дейін жетеді.
Сыртқы механикалық әсерлерден басқа жүрекке сыртқы гравитациялық, электромагниттік, термиялық және басқа да өрістер әсер етеді. Өнеркәсіпте жұмыс істейтін адамдардың ағзасына, жасушалары мен мүшелеріне (органдарына) және оның ішкі жүйелеріне техникалық прогрестің дамуына байланысты электромагниттің әсерін жиі ескере отыру қажет.
Көптеген зерттеу нәтижесінде сыртқы өріспен ішкі биоэлектрлік қорек көздерінің арасындағы өзара байланыс үлкен мәнге ие және бұл үлкен мәселе болып табылады.
Жүрек пішінінің күрделі және симметриялы емес екенін ескере отырып, мұндай пішін қандай принцип (ұстаным) (мақсатқа лайықты немесе оңтайлы ұстаным бойынша) бойынша бекітілген.
Биологиялық мүшенің (организмнің) құрылымы биомеханикалық, биофизикалық, биохимиялық және жалпыбиологиялық функцияларға, барлық биологиялық жүйе бойынша орындалатын, сонымен қатар бұл функциялардың сандық сипаттамасына тәуелді.
Энергетикалық көзқарас бойынша жүрек – жүрек-қантамырлары жүйесінің басты қозғалтқышы (моторы) сияқты өзінің механикалық қызметтерін атқаруда және барлық жүрек-қантамырлар жүйесінің ең жоғары эффектісінің ұстанымы кезінде энергияның ең төменгі шығынының ұстанымына жауап беруі керек.
Осы себептен үлкен қанайналымының шеңберінде қанды итеру кезінде аз салмақпен жүктелу үшін сол жақ қарынша жоғарыда орналасуы ықтимал, ал кіші қанайналым шеңберінде қанды итеруге аз ғана энергия қажет болғандықтан оң жақ қарынша төменде орналасады.
Осы принциптің (ұстанымның ) бекітілуі үшін жүректің басқа жағдайлары кезіндегі энергиялық шығынын, сонымен қатар осы принциптің кіріс және шығыс қантамыр саңылауларының өлшемі мен пішінінің арасындағы байланысты зерттеу қажет. Жүрек энергетика шығының минималды (өте төменгі) және барлық жүрек-тамырлар жүйесінің максималды (өте жоғарғы) әсері жайлы сұрақтарды байланыстыра отырып, жүректің және жүрек-тамыр жүйесінің оптималды энергия құрылымын ұстанымын жинақтай отырып, ең қысқа жол арқылы, яғни жалпы ұзындықтың ең төменгі шегінде барлық жасушаларға қорек және оттегі жеткізу.