
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«Алматы Менеджмент Университетi» КЕББМ
«БАҒАЛАУ, ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» КАФЕДРАСЫ
Оқу-әдістемелік Кеңес отырысында бекітілді
Кеңес төрайымы
__________ Н.Дуйсенгулова
«__» _________2014ж., № __
Бакалавриат Білім беру бағдарламасы
«5В050800 – Есеп және аудит» - мамандығы
Оқу түрі - күндізгі
«Қаржылық есеп 2» пәні бойынша
СИЛЛАБУС
Курс: 3
Семестр: 5
Кредит саны: 3
Оқытушы э.ғ.к., доценті Досманбетова Ә.С.
Телефон: 3022148, №121 бөлме
Алматы, 2014
Құрастырған: э.ғ.к., доцент ____________________ Ә.Досманбетова
Силлабус «5В050800 – Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған «Қаржылық есеп 2» курсының жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған
Силлабус кафедра отырысында қарастырылған
«___» _______ 20__ ж., №__ хаттама.
Кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент __________________Л.Нургазиева
КІРІСПЕ
Қаржылық есеп 2 пәні – ұйымның қалыпты шаруашылық қызметін жүргізу үшін жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге бизнес пен бухгалтерлік есепті таныстыруға арналған бірқатар тақырыптардың құрылымынан тұрады. Курстың басты мақсаты – экономика саласында кез - келген мамандыққа оқып жатқан студенттерді бизнес тілімен таныстыру. Оларға қаржылық есеп ақпараттарын және қаржылық есептің стандарттарын қалай қолдану қажеттілігін және осы ақпараттардың қайдан алынғандығы жайлы түсінікпен таныстыруды көздейді. Бұл курс қаржылық есеп - 1 пәнінің жалғасы болып табылады және де мұнда қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік есеп беру кезеңдеріне шолу жүргізіледі.
Қаржылық есеп-2 курсы бухгалтерлік есеп стандарттарын дұрыс пайдалану үшін, қаржылық есепті енгізу тәртібі мен оның талаптарға сай әдістемесі және ұйымдастырылуы жайлы есеп және аудит мамандығы бойынша студенттерге қажетті білім береді.
Аталмыш пәнді оқыту әдісі төменде көрсетілгендерді қарастырады:
дәріс оқу;
практикалық сабақтар өткізу;
зертханалық сабақтар өткізу(оқу жоспарында көрсетілсе);
ОБСӨЖ;
курстық жұмыс орындау (оқу жоспарында көрсетілсе);
СӨЖ.
Алдыңғы деректемелер: Білімгер нақты курсты оқып білуі үшін, келесі пәндерден базалық білімі болуы қажет: экономикалық теория, статистика, қаржы, қаржылық есеп принцптері.
Соңғы деректемелер: «Бухгалтерлік есеп негіздері», «Бухгалтерлік есеп қағидалары», «Аралық қаржылық есеп».
Пәннің сипаттамасы: «Ілгерілемелі қаржылық есеп» пәні студенттердің қаржылық есептің тұжырымдамалары мен негізгі қағидалары саласындағы терең теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын қалыптастыруға; қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептіліктің барлық нысандарын дайындауға бағытталған курс.
Пәнді оқытудың мақсаты: студенттердің қаржылық есептіліктің стандарттарын меңгеріп, оларды есеп тәжірибесінде қолдану дағдысын жақсартуға, сондай-ақ басқару шешімдерін қабылдап, әрі талдау жасаумен байланысты кәсіби ойлау биімділігін жетілдіруге ықпал ету. «Қаржылық есеп-2» - қаржылық есеп-1 жалғасы, бухгалтерлік есеп мамандығында оқитын студенттерге арналған.
Пәнді оқытудың міндеттері: курс бойынша қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын зерттеумен байланысты іргелі тақырыптарды, атап айтқанда жал ақы есебі, табыс салығының есебі, қаржылық құралдар есебі, инвестициялар есебі, т.б. қарастырудан тұрады.
Жалпы біліктілік:
білу: ой өрiсi кең, жоғары бiлiмдi адамның құрастыруы және ойлау мәдениетіне себепшi болатын (әлеуметтiк, гуманитарлық, экономикалық) жаратылыстану-ғылыми пәндердiң теориялық негiздерi; экономика, менеджмент, маркетингтiң теориялық негiздерi, қаржы тағы сол сияқтылар.; экономиканың мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен әдiстерi, мемлекеттiк секторды рөлі; дәстүрлердiң жұртшылық пiкiр негiзделген әлеуметтiк-этикалық құндылықтар, қағамдық нормалар, iскер әдептiң нормасы және оларды сақтау; заңға сүйенген жүйе және Қазақстан заңының негiздерi.
Істей алу: әр түрлi әлеуметтiк жағдайларда дұрыс бағытталу; өз кәсiби қызметiндегi белгiлi әлеуметтiк-әдеп құндылықтарына бағытталу; өз командасында жұмыс iстей білу, өз көзқарасын дурыс жеткізу, жаңа шешiмдердi ұсыну; ұжым пiкiрiмен өз пiкiрiн ара қатынасын белгiлеу; кәсiби және жеке тұлғы ретінде өсуге ұмтылу; кәсiби қызмет саласында ақпараттық технологияларды қолдану;
дағдыны меңгеру: жаңа технологияларды қолдана білу, магистратурада білімін жалғастыру және күнделікті кәсіби іске қажетті жаңа білімді қабылдау; белгісіз және тәукел жағдайда экономикалық және ұйымдастыру шешімдерін қабылдау.
Пәндік мамандандырылған:
білу: оқытылған қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының мазмұнын, қолданылу аясын білу;
істей алу: Қаржылық есептіліктің барлық нысандарын есептің халықаралық стандарттарына сай дайындай білу;
дағдыны меңгеру: Қаржылық есептіліктерге талдау жүргізе білу.
Күнтізбелік тақырыптық жоспар
№ |
Тақырып атаулары |
|
Апталар бойынша бөлінуі |
||
|
|
Дәрістер |
Практикалық сабақтар |
СӨЖ |
ОБсөж |
1 |
Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі (ҚЕХС 3) |
1-2 |
1 |
1 |
1 |
2 |
Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік (ҚЕХС 27) |
3 |
2 |
2-3 |
2-3 |
3 |
Инвестициялық меншік (ҚЕХС 40) |
4 |
3 |
3-4 |
3-4 |
4 |
Ақша есебі және уақытша құны |
5 |
4 |
4-5 |
4-5 |
5 |
Жал есебі (ҚЕХС 17) |
6 |
5 |
5 |
5-6 |
6 |
Бірлескен қызметке қатысу (ҚЕХС 31 |
7 |
6 |
6 |
6-7 |
1 Аралық бақылау
|
|||||
7 |
Қаржылық ивестицияларды бағалау және оның есебі (ҚЕХС 32, 39) |
8-9 |
7-8 |
7-8 |
8 |
8 |
Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері. Шетелдік қызмет (ҚЕХС 21) |
10 |
8-9 |
9 |
9 |
9 |
Табысқа салынатын салық (ҚЕХС 12) |
11 |
9-10 |
10-11 |
10-11 |
10 |
Акциядан пайда (ҚЕХС 33) |
12 |
11 |
11-12 |
11-12 |
11 |
Есеп саясаты, есептеме бағаларындағы өзгерістер мен қателіктер (ҚЕХС 8) |
13 |
12-13 |
13-14 |
13-14 |
12 |
Байланысты тараптар (ҚЕХС 24) |
14-15 |
14-15 |
14-15 |
14-15 |
2 Аралық бақылау
|
|||||
Емтихан сессиясы
|
Практикалық сабақтардың мазмұны, бақылау түрі және бағалау
Тақырып № |
Практикалық сабақтардың сұрақтары |
Әдебиеттер |
Бақылау түрі |
Жоғары бағалау баллы |
1 |
3 |
4 |
5 |
7 |
1 |
Бизнесті біріктіру түсінігі. Сатып алу әдісі. Бақылау. Бизнесті біріктіру бойынша шығындар және оларды бөлу. Гудвилл. Азшылық үлесі.
|
1,2,3,4,5 |
Ауызша жауап |
100 |
2 |
Шоғырландырудың мақсаты. Жалпы тәртібі. Топішілік дебиторлық және кредиторлық қарыздар. Шоғырландырылған қаржылық есептілік.
|
1,2,5,7,9 |
Реферат, ауызша жауап |
100 |
3 |
Инвестициялық меншік түсінігі. Оларды тану. Бастапқы бағалау және кезекті шығындар. Меншікті қайта жіктеу.
|
1,2,5,6,9 |
Бақылау жұмысы |
100 |
4 |
Ақша ағынын дисконттау Пайыздар, болашақ және ағымдағы құн. Аннуитеттер.
|
2,3,4,8, 10 |
Есептер шығару |
100 |
5 |
Жалдың жіктелуі. Қаржылық жал есебі. Операциялық жал есебі. |
2,3,5,6,7 |
Есептер шығару |
100 |
6 |
Бірлескен қызметке инвестиция. Бірлесіп бақыланатын операциялар, активтер және компаниялар. Ақпаратты ашып көрсету. |
4,5,8,10 |
Ауызша жауап, есептер шығару |
100 |
7 |
Қаржылық құралдар түсінігі, сыныптамасы. Қаржылық құралдарды бағалау.
|
3,4,5,6 |
Тест |
100 |
8 |
Шетел валютасындағы операцияларды функционалды валютада бейнелеу Валютаны бастапқы тану. Кейінгі есепті мерзімдерге есеп беру. Бағамдық айырмашылықтарды тану. Функционалды валютаны ауыстыру.
|
2,3,7,9 |
Конс-пект |
100 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
9 |
Салық тұжырымдамалары. Табысқа салынатын салық шығындарын есептеу. Кейінге қалдырылған салық активтерін тану ерекшеліктері.
|
2,5,6,10 |
Бақылау жұмысы |
100 |
10 |
Акцияларды бағалау, шығару. Акцияға келетін пайданың төмендеуі. Опциондар. Ақпаратты ашу.
|
2,3,4,5,6 |
Есептер шығару, тест |
100 |
11 |
Есеп саясаты анықтамасы, таңдау, кезектілігі. Өткен кезеңдердің қателерін түзету.
|
1,2,3,4,7 |
Ситуациялық есептер шығару |
100 |
12 |
Байланысты тараптар ұғымы. Тараптар арасындағы операциялар. Шоғырландырылған есептілікті ұсыну.
|
3,5,6,8 |
Ситуациялық есептер шығару |
100 |