- •Заңды тұлға қайнар көздері
- •Заңды тұлғаның қайнар көздеріне мыналар жатады:
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы:
- •Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары:
- •Заңды тұлғаға қатысты халықаралық жеке құқық теориясында 2 ұғым қолданылады:
- •Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi [4]
- •Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудiң және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің мақсаттары
- •Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары
- •Заңды тұлғаларды, филиалдарды (өкiлдiктердi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеуден және қайта тiркеуден бас тарту
- •Заңды тұлғаны, филиалды (өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеуді (қайта тіркеуді) растайтын құжат
- •Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу
- •Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру
- •Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Заңды тұлғаның қайнар көздеріне мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
Арнаулы нормативтік актілер
Шаруашылық серіктестік заңдары
Президентінің Заң күші бар Жарлығы;
«Шаруашылық серіктестік»туралы ҚР-сы Президентінің жарлығы;
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы ҚР-ның серіктестігі;
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Банкроттық туралы»Қазақстан Республикасының Заңы ;
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ;
«Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы т.б
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Нормативтік актілер жиынтығы. – Алматы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.12.2001ж. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
Қазақстан Республикасының 16.01.2001ж. «Өндірістік кооператив туралы» Заңы.
Қазақстан Республикасының 25.12.2000ж. «Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары
Қазақстан Республикасының 26.07.1999ж. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары
Қазақстан Республикасының 21.07.1999ж. «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы
Қазақстан Республикасының 09.04.1993ж. «Кәсіби одақтар туралы» Заңы.
Қазақстан Республикасының 31.05.1996ж. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңы.
Қазақстан Республикасының 15.01.1992ж. «Діни сенім бостандығы және діни
Қазақстан Республикасының 08.05.2001ж. «Тұтыну кооперативі туралы» Заңы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 19.06.1995ж. «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заң
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
6-бапта:
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,
Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
Жеп мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.
Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін – меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық (одақ) нысанындағы өзге де ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін –– құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін –– жарғы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Басқа да заң актілері.
Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттің және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі министрліктердің, атқарушы органдардың, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқықтық актілері жатады.
Әдеттегі құқықтар.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін» деп көрсетілген.
Халықаралық шарттар (конвенциялар).
Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық құқықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға қарағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халықаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз — тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т.б. жатады.[3]
