Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lek_Zh_1199_rek-tamyr_zh_1199_i_774_esi.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243.71 Кб
Скачать

2. Диуретиктер

Диуретиктердің жіктелісі.

  1. Тиазидті диуретиктер

  2. Тиазид тәрізді диуретиктер

  3. Осмостық диуретиктер

  4. Ілмектік диуретиктер

  5. Карбоангидраза ингибиторлары

Артериялық гипертензия емінде негізінен тиазидті диуретиктер қолданады.

Тиазид тобының кең таралған дәрілері – гипотиазид, дихлотиазид.

Гидрохлортиазид әлсіз қышқыл және күшті әсерлі диуретиктерге ұқсап проксимальді иірім түтікшелерінде секрецияға ұшырайды (І типті органикалық аниондардың транспортері көмегінде). Бірінші реттік зәрдің ағысымен ол дистальді иірім түтікшелерінің бастапқы бөліктеріне жетеді. Оларды Na+ - Сl- симпортын апикальді мембранада төмендетеді, сөйтіп белок – симпортер бөлігінде Сl- байланысын қосып алады. Карбоангидразалы проксимальді иірім түтікшелерінде ингибиция жасайды, бүйректің биоэнергетикасын бұзып, май қышқылдары қаннан нефроциттерге жеткізуін тежейді.

Гипохлортиазид бүйректің қанмен қамтуын өзгертпейді немесе нашарлатады. Оның зәр айдау 30лл/мин төменгі түйінді фильтрациясы төмен науқастарда тоқтайды. Жүрек және бүйректің ауыр жетіспеушілігінде зәр айдау әсері болмайды. Гидрохлортиазидтің әлсіз зәр айдау әсері Na+ дистальді иірім түтікшелеріндегі реабсорбциясын әлсіз рөлімен байланысты.

Гидрохлортиазид АҚ төмендетеді артериальді гипертензия кезінде себебі, ОЦК – ны төмендетіп артерияны кеңейтеді. Жұмсақ бұлшық еттерде ол Na+ Са2+ және судың кіруін бұзып, йиторецепторлардың сезімталдығы мен тығыздығын, тамырларды тарылтатын заттарға сезімталдығын төмендетеді.

Гидрохлортиазид ішекте (65-75%) сіңіріліп, 1-2 сағаттан соң 10-12 сағатқа дейін зәр айдау әсеріне ие болады. Ағзадан өзгеріссіз күйде шығады, жартылай элиминация кезеңі 2,5 сағат. Гидрохлортиазид 3-7 күнге ішке қабылдап, 3-4 күнге үзіліс беріледі немесе ұзақ уақыт терапияда 2-3 рет аптасына қабылданады.

Гидрохлортиазидтің қолдану көрсеткіштері:

  • Тұрғылықты жүрек жетіспеушіліг (преднагрузканы, салмақ алды) төмендетеді;

  • Артериальды гипертензия (өзінше және антигипертензиялы дәрілер комбинациясында);

  • Бауыр циррозы, портальды гипертензия және асцит;

  • Нефроз, нефрит, фильтрациялық байланымның өте ауыр бұзылуынан басқа жағдайда;

  • Етеккір алдындағы жағдай және жүктілік токсикозы;

  • Нефрогенді қант емес диабет;

  • АҚТТ және кортикостероидтардың терапиясынан пайда болған ісіктері;

  • Гипокальциемия, остеопороз, гипервитаминоз;

  • Субкомпенсацияланған глаукома;

  • Бромизм (Br мен симпортер Nа+,Сl- байланысына кедергі келтіреді).

Жанама әсерлер:

  • Гипокалиемия, гипомагниемия (қарыншаның «пируэт» типті тахикардиясы және фибрилляциясы, некроз және миокард фиброзы, бірден жүрек өлімінің жоғарғы дәрежедегі қауіпінің өсуі);

  • Гиперкальциемия;

  • Гипохлоремиялы алкалоз (тұзсыз диета ұстағанда құсу, диарея кезінде хлоридтің жоғалуы);

  • Гиперурикемия;

  • Ортостатикалық гипотензия;

  • Қандағы төмен тығыздықтағы атерогенді липопротеиндердегі холестериннің мөлшерінің көтерілуі, жүрек ишемиялық ауруының ағысының нашарлауы;

  • Гипергликемия, қант диабетінде- гликолизді гемоглабиннің пайда болуы;

  • Бас айналу, бас ауру, ксантопсия, әлсіздік;

  • Анорексия, диспепсиялық бұзылу, панкреатит және холецистит қозуы;

  • Либидо төмендеуі, импотенция;

  • Тері бөртпелері, фото сенсибилизация, тромбоцитопения.

Гидрохлортиазид бүйректің карциномасының туындау қауіпін азғана көтереді, бір карцинома жағдайына 20-40 инсульттің алдын- алуына тура келеді, 3-28 стенокардия бастамасы және 4-18 өлімге келеді. Гидрохлортиазидті гипокалиемия, ауыр бүйрек және бауыр жетіспеушілігі мидың қанмен жабдықтауының бұзылуы, қант диабетіподагра, сульфаниламидтерге жоғарғы сезімталдық, жүктіліктің бірінші жартылығында және бала емізу кезінде қолдануға болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]