
- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Жалпы хирургия, инструментальды диагностика және фармакология кафедрасы
- •2. Бетта - адреноблокаторлар
- •4. Метаболикалық терапия дәрілік құралдары
- •1. Ангиотензин өзгертуші ферментінің ингибаторлары
- •2. Диуретиктер
- •3. Кальций каналдарының тежегіштері
- •V. Әдебиет.
- •VI. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):
4. Метаболикалық терапия дәрілік құралдары
Метаболикалық кардиопротективті терапияның танымал дәрілік құралдары – пиперазин өнімі – ТРИМЕТАЗИДИН (ПРЕДУКТАЛ). Кардиомиоцидте ол май қышқылдарының β-қышқылдануының митохондриялық ферментін жұмсартады. Бұл энергоөнімнің май қышқылдарының β-қышқылдануынан глюкозаның қышқылдануына ауысуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде жүректің оттегіні қажет етуі төмендеп, қалған оттегі орнымен қолданылып, креатинфосфаттың қалыптасуы өседі. Ишемия кезінде триметазидин анаэробтыы гликолиздің белсенденуі баяулайды. Сөйтіп жүректің жұмысы оттегі қажетінше жетіп тұратындай жақсарады. Дәрі қан плазмасында глутатионпероксидазының белсенденуін көтереді, липопротеин құрамындағы липидтердің қышқылдануын тежейді. Триметазидин тікелей гемодинамикалық әсер бермейді, алайда жүректің жалпы жұмыс қабілетін жақсартады.
Триметазидиннің қолданылуы 90%, қанның альбуминімен және α-гликопротеинімен 16% мөлшері байланысты болады. Дәрі 8 белсенді емес метаболитке айналады, 62% бауыр арқылы сол күйінде сыртқа шығарылады. Жартылай элиминация кезеңі – 6 сағат. Оның қандағы қоспасы 24 сағат бойына сақталып тұрады.
Триметазинді қалыпты стенокардиямен ауыратын адамдарға ішуге тағайындайды. Сондай-ақ триметазидин β-адренотежегіштерінің ишемияға қарсы және антиангиналды әсерін береді. Триметазидиннің жүрек жетіспеушілігінен болған постинфаркт кезін емдеуде тиімділігі дәлелденген. Кардиологиялық аурулар категориясына егде жастағы және қант диабетімен ауыратын адамдар енеді. Триметазидин әйелдердің климаксты миокардиодистрофиясында көп әсер бермейді. Триметазидинді аурулар жеңіл қабылдайды. Сирек жағдайда ол жүрек айнытып, асқазанда дисконфорт туындатып, бас айналдырып, ұйқы қашырады.
ІІІ. АНТИГИПЕРТЕНЗИВТІ ДӘРМЕКТЕР
Антигипертензивті дәрмектердің әсер ету нысандарына және механизмдеріне байланысты бірнеше топқа бөлінеді..
Ангиотензин айналдырушы ферменттерінің (ААФ) ингибиторлары.
Тиазидті диуретиктері.
Кальций каналдарының блокаторлары.
Бета – блокаторлары.
Жүйелі АД жүрек шығындысы мен периферикалық тамырлар қақтығысына тәуелді болып келеді. Систологиялық АД көлеміне сол жақ қарынның ұру көлемі әсер етеді. Диастологиялық АД жалпы периферикалық тамырлар қақтығысына негізделеді. Пулсті қысым систологиялық және дистологиялық АД арасындағы айырма іспеттес. Ол кұре тамырдың атеросклеротикалық зақымдануы нәтижесінде көтеріледі. АД жіктелісі 66 кестеде көрсетілген.
Антигипертензивті дәрілік құралдар аз мөлшерден бастап беріліп, содан кейін ем бойында мөлшерді тиімдіге қарай өзгертіп отырады. Әртүрлі әсер беретін жинақталған фармакотерапия қолданылып та жатады. Емдеу үздіксіз жүргізіледі. АД-ны қалыпқа келтіргеннен кейін антигипертензивті құралдар мөлшері ақырындап төмендетіледі.
Антигипертензивті дәрілік құралдарға ұзақ қолданысты мынадай әсер беретін дәрілер жатады:
нысан-органдарының қалпын жақсартады – гипертрефия және сол жақ асқазанның фиброзының, артерияның жұмсақ бұлшықеттерінің гипертрофиясы мен гиперплазиясын регресін туындатады, қандағы креатин және протеинурия мөлшерін азайтады;
ЦНС-ті қинамайды;
ағзада иондар мен суды тежемейді;
көмірсулар, липидтер, зәр қышқылдарының алмасуын бұзбайды;
АД-ны төмендеткеннен кейін қайта көтермейді.
Артериалды гипертензиямен жиырма жылдық ұлттық күрес бағдарламасын жүзеге асыру АҚШ-та миокарда инфарктынан қайтыс болу - 20%, инсульттен қайтыс болу - 40% төмендетті. АД-ны 5-6% төмендету жүрек-қан тамырларының асқынуын 20-25 %-ға, ми инсультын – 35-40%-ға азайтады.