
- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Жалпы хирургия, инструментальды диагностика және фармакология кафедрасы
- •1. Бронх өтізгіштігінің бұзылысы синдромында қолданылатын дәрмектер:
- •2. Өкпе ұлпасының тығыздалу синдромында қолданылатын дәрмектер
- •1. Бронх өтізгіштігінің бұзылысы синдромында қолданылатын дәрмектер
- •2. Өкпе ұлпасының тығыздалу синдромында қолданылатын дәрмектер.
- •IV. Иллюстрациялы материалдар.
- •V. Әдебиет.
- •VI. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):
Ф-МК-003/047
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
Жалпы хирургия, инструментальды диагностика және фармакология кафедрасы
ФАРМАКОЛОГИЯ-2 ПӘНІНЕН « ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ» БОЙЫНША 5В130100-ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА МАМАНДЫҒЫНЫҢ 3-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
Дайындаған:
Б.ғ.д.,профессор Жумабаев У.А.
Түркістан– 2013ж.
№ 2 дәріс
І.Тақырыбы: «Тыныс алу мүшелерінің қызметіне әсер ететін дәрілік препараттардың классификациясы және номенклатурасы. Бронхтық өткізгіштің бұзылуы синдромында қолданылатын препараттар. Балаларға қолдану ерекшеліктері. Тыныс алу мүшелерінің патологиясында бұзылуы барысында қолданылатынантибактериальді препараттар. Балаларға қолдану ерекшеліктері.».
ІІ. Мақсаты: Берілген сабақтың тақырыбы бойынша студенттердің білімін және біліктілігін терең кеңейтіпп, студенттердің танымдық жұмысын белсендіріп, тақырыптың маңыздылығын ашу.
ІІІ. Дәріс тезисы:
Дәріс жоспары:
Тыныс алу жүйесіне әсер ететін дәрмектердің жіктелуі.
Бронх өтізгіштігінің бұзылысы синдромында қолданылатын дәрмектер.
Өкпе ұлпасының тығыздалу синдромында қолданылатын дәрмектер.
Тыныс жетіспеушілігі синдромында қолданылатын дәрмектер.
Бұл жүйеге әсер ететін дәрмектердің жіктелуі:
1. Бронх өтізгіштігінің бұзылысы синдромында қолданылатын дәрмектер:
А) қабынуға қарсы:
- ингаляциялы глюкортикоидтар-беклометазон, будисанит, флунизалид, флутиказон.
- мембранастабилизаторларлық (кромагликат натрии, недокромил натрии, кетатифен) дәрмектер
Б) бронходилятаторлар:
- бета-агонистер (қысқа-фенотерол, сальбутамол, және ұзақ әсерлі-фарматерол, сальметерол),
- м-холинаблокаторлар (ипротропия бромид,окситропия бромид)
- фосфодиэстераза ингибиторлары- эуфиллин, теофилин.
2. Өкпе ұлпасының тығыздалу синдромында қолданылатын дәрмектер
А) Антибактериалды препараттар (ауруханадантыс пневмонияда қолданылатын антибиотиктер, синтетикалық антибактериалды дәрмектер).
Б) Қақырық түсуріші (ақмия, калии иодид ақмия, калии иодид) және муколитикалық (бромгексин, ацетилцистеин), жөтелге қарсы (кодейн, глауцин, окселадин, либексин) дәрмектер.
3. Тыныс жетіспеушілігі синдромында қолданылатын препараттар.
Аналептиктер (цититон, этимизол). Этил спирті.
1. Бронх өтізгіштігінің бұзылысы синдромында қолданылатын дәрмектер
А) қабынуға қарсы :
Қалыпты жағдайда бронх бұлшық етінің тонусы холинергтік жүйкесі арқылы сақталып отырылады, олардың қозуы бронхоспастикалық эффект береді. Симпатикалық иннервация бронхтарда жоқ. Алайда бронхтарда иннервацияланбайтын Вт адренорецепторлар бар, оларға айналымдағы (циркулирющ) адреналин немесе сырттан енгізген адренотропты дәрмектер әсер етеді. В2 адренорецепторларды қуаттау – бронхолитикалық эффектімен жүреді.
Бронхспастикалық жағдайдың дамуына, әрі БД-ды бронхоспазм шақырушы түрлі қуаттаушылардың (аллергендер, инфекция, химиялық заттар, стресс және т.б. жатады) әсерінен бронхтардың гиперреактивность болады.
Бронхтардың гиперреактивностінің негізінен де болатын қабыну процесінің дамуына қабыну медиаторларының үлкен маңызы бар. Олар бронх эпителий жасушасында, эозинофилдерде, мес клеткаларда, альвеола макрофагында, нейтрофилдерде, моноциттарда өндіріледі. Әдетте өкпенің мес клеткаларында гистамин, аденозин, нейтрофилдер мен эозинофилдерге- хемотаксикалық факторлар бар. Қабыну процессі көптеген басқа да қабыну медиаторларының – Пд, лейкотриендер, тромбоксан, тромбоксиндерді белсендіруші факторлар(ФАД) -өнімін шығарады. Бұл заттар бронхоспастикалық әсерге ие, бронхтық шырышты қабығында ісінуін береді, көктамырлар өткізгіштігін күшейтеді. Кілегейдің гиперсекреция береді, шырышты қабықта лейкоциттердің инфильтрациясына әкеледі. Бұның бәрі бронхоспазмның жүруін қиындатады.Сондықтан ем тактикасына тек шақырушы факторларды жою мен бронхоликтерді қолданумен ғана шектемей, әрі сонымен қатар қабыну процессін жоюда кіреді.
ГК – клетка ішіне әсер етеді. Олар клетка цитоплазмасында спецификалық рецепторлармен әрекеттесуге түседі. Бұл жағдайда рецептор, белсендіріліп, конфигурациялық өзгеріске ұшырайды.Пайда болған стеройд – рецептор комплексі клетка ядросына еніп, ДНК-мен байланысып белгілі бір гендердің транскрепциясын реттейді.
Бұл спецификалық иРНК пайда болуын қуаттайды. ГК – зат алмасудың барлық түріне әсер етеді. Қабынуға қарсы және иммундиперессивті қасиетке ие. Қабынуға қарсы әсер қабыну медиаторларының түзілуіне, тамыр компанентеріне және қабынуға қатысушы клеткаларға ықпал етуіне байланысты. ГК- ықпалынан –майда тамырлардың тарылуы және сұйықтық экссудация төмендейді. Қабыну ошағында лейкоциттердің жиналуы азаяды
макрофагтардың және фибробластардың белсенділігі төмендейді.
Простанойдтардың, лейкотрейндер және тромбоцитерді белсендіруші фактор (ФАК) өнімдері кемиді. Соңғысы фосфолипазаның А2 тежеуімен болады. Лейкоциттерде арнайы белоктың «липокартин» биосинтезін қуаттай отырып, фосфолипазаны тежеледі.
Иммунодепресситвті әсері Т және В –лимфоциттердің белсенділігін төмендетумен түсіндіріледі ГК қолданғанда қанда да өзгерістер болады. Қанда эозенофильдер лифоциттер соның төмендеуі тән соның арқасында тыныс жолдарымен қабыну клеткаларының саны төмендейді және бронхоальвеолярлы жолда қабыну процессін жояды.
Бронх демікпесінде қабыну процесі бронхтардың тарылуын береді және демікпе синдромы пайда болады. Бронх демікпесінің емі ингаляциялық ГК кең қолдануды талап етеді.
Ингаляциялық глюкокортикоидтар жоғары әсерлі және жүйелерге минимальды әсерімен ерекшеленеді:
-Жергілікті қабынуға қарсы әсерге ие
-бронхтардың жоғарғы сезімталдығын және шырышты қабығының ісінуін төмендлетеді.
-бронхолитикалық әсер тән емес.
-сыртқы тыныс алу қыземтінің көрсеткіштерін жақсартады.
биосінімділігі төмен
БД бұл дәрмектер ингаляцияға арналған түрлі қондырғыштарды қолдана отырып қолданады.
Қәзіргі кезде клиникалық тәжірибеде негізі қолданылатындар:
1.Бекламетазон дипропионат: ОТД 400-600мкг құрайды
2. Будесонид: пульмикорт (бенокорт) – ОТД 200-400мкг ;
Флунисолид: (ингакорт) –ОТД 500-1000 мкг.
Флутиказон пропионат: 200-400 мкг;
Ротодиск – ингаляциялық дозалары 50,100,250,500 мкг.
Аталынған глюкокортикоидтар қабынуды басатын қуаттылығына қарай мына реттілікте орналасады: флутиказон, будесонид, бекломет, ингакорт.
Қолданылуы:
Бронх демікпе
Созылмалы обструктивті өкпе аурулары
Жанама әсері-ауыз қуысының кандодозы. .
Қолдануға қарсы көрсеткіш жекеленген жоғары сезімталдық.
Қазіргі кезде қиылыстырылған дәрмектер қолданылады. Мақсаты емнің тиімділігін төменгі мөлшерді қолдана отырып арттыру. Өкілдер Серетид (салматерол – флутиказон) базисті ем ретінде қолданады.
Гормоналды емес дәрмектер оларға мембраностабилизаторлар жатады. Өкілдері кромагликат натрии (интал), недокромил (тайлед), зафирлукаст (аколат), кетотифен(зедитен) бұл препараттар тұншығу приступына әсер етпейді алайда тұншығу болуының алдын алады.
Бұл топта жиі қолданылатын препарат интал және таилед. Инталдың терапиялық әсері аллергиялық жауаптың бастапқы фазасының дамуын тежеу мес жасушалары мен базафилдерден медиатордың бөлінуін бөгеумен байланысты. Дәрмекті бронх демікпесінің жеңіл, орта, ауыр түрлерінде 1-2 ингалияциядан тәулігіне 2-4 рет 1,5-2айдан кем емес ұзақтықта қолданады.Инталды ұзақ қолдану дерттің римисиясының тұрақтылығын береді.
Интал дозаланған аэрозоль (1,5мг реттік дозасы) немесе капсуладағы ұнтақ (капсулада 20мг) ингаляцияға арналған түрінде қолданады.Ерте жастағы балаларға инталды ингаляцияға арналған (2мл ампулада) ерітіндіні небулайзермен қолданады.
Тайлед инталға қарағанда қабынуға қарсы әсері өте айқын (6-8 рет), дозоланған аэрозол ретінде шығарылады. 2 ингаляциядан тәулігіне 2 рет 2 ай ұзақтықтан кем емес. Интал мен Тайледті қолдану бронх демікпесінің приступтарының жиілігін азайтады, түнгі демікпені және физикалық күштен кейінгі демікпені жояды.
Задитен көпшілігінде ерте жастағы балаларда қолданады.Таблетка неомесе сироп түрінде, реттік мөлшері 0,25 мл (0,05мг) 1кг салмаққа тәулігіне 2 рет 3 айдан ұзақтығы кем емес.
Соңғы кездері базисті терапия ретінде жаңа класс –антилейкотриенді дәрмектер қолданыла бастады.Олар селиктивті лейкотреинді цистеинді рецепторларының антогонистерімен сипаталған дәрмектер- сингуляр (монтелугаст ) және зафирлугаст (аколад). Бұл препараттар аллергиялық қабынуды азайтады,бролнхтардың жоғары сезімталдығын төмендетеді, аллергиялық реакциялардың бастапқы және соңғы пазаларын тежейді.
Б) бронходилятаторлар:
- бета-агонистер
Қысқа әсерлі: инзадрин,альбутерол, пирбутерол, сальбутамол, тербуталин.
Ұзақ әсерлі: сальметерол, фармотерол.
Әсер ету механизмі:
Бронходилататорлар, бронхтардың тегіс бұлшық еттердің босаныстады, мукоцилиарлы клиренсті күшейтеді және тамыр өткізгіштігін төмендетеді.
Негізінен в-агенистер бронхоспазм түсіру мақсатында қолданылады.Қысқа әсерлілері 4,5,6 сағат әсер етеді, ұзақ әсерлі препараттар 12-20сағат әсер етеді,оларға әсердің баяу дамуы тән.
Кері әсері:
Ингаляциялық бета-агонистері сирек болады, басым көпшілікте сироп, таблетка, инъекция түрінде болады: жүрек қан тамыр жүйесінің қызметін күшейтеді, тахикардия, аритмия, гипертензия, қанқа бұлшық еттерінің тремор шақырады, басты ауыртады және тітіркендіреді.
М-холиноблокаторлар (ипротропия бромид, тиотропия бромид), өкпе ұллпарының парасимпатикалық ганглиилерінде М-ХР рецепторлары бар.Парасимпатикалық талшықтардың постганлеоларлы соңдарында М-ХР бар. бронхтарға тыныс жолдарына н вагустың ықпалын төмендетеді.Негізінен бронхтардағы м-холинарецепторларды тежеп тегіс бұлшық еттерінің тонусын төмендетеді.
Ингаляциялық түрде қолданылады ипротропиум тәулігіне 4 рет тиотопия бромит тәулігіне 1 рет.
Жанама әсерлері ауыз құрғауы, көз жас ағуы, тахикардия
- фосфодиэстераза ингибиторлары
Метилксантиндер бронходилатациялық қасиетке ие болып, БА-да кеңінен қолданылады. Өкілдері:
Эуфиллин – ТД – 0,1-0,15 ішке, 0,24 – 0,36 б/е, 0,12 күре тамырға; ШТ – таб., 0,15, ампула – 24% 1 мл б/е; 2,4% - 10 мл көк тамырға.
Теофиллин – 60 кг және жоғарыда 200 мг х2 рет. 60 кг салмақтан төмен 100мг х 2 рет. Үлкендерге арналған доза 300 мг х 2 рет (10-15 мг /кг тәуліктік х 2 рет).
Теофиллин метилденген ксантин, химиялық құрамы жөніне кофеинге ұқсас, және оны қолданғанда кофенің кері әсері сияқты көріністер береді. Қазіргі кезге дейін теофиллиннің әсер ету механизмі белгісіз. Бірақ қазір бұл препараттың комплексті әсер ететіні анықталған:
аденозин рецепторларын тежеп, сол арқылы пуринергиялық тежеуші әсер береді;
бүйрек үсті безіндегі эндогенді катехоламиндердің синтезі мен бөлінуін күшейтеді;
«жұқарған» диафрагмалық бұлшықеттердің жиырылуын жақсартады.
Теофиллин препарат дәрмегі аденозин рецепторларының антагонисті болып табылады. Қысқа әсерлі теофиллин прпараттары қанда дәрілік заттың жоғары концентрациясын тез дамыту үшін қолданылады. 6 сағаттық интервалмен теофиллиннің дозасы былай есептеледі: дене салмағы (кг) х 3 мг/кг х 85 (препараттағы теофиллиннің проценттік қатынасы). Теофиллинді алғашқы кезде баяу, 20 мин көлемінде енгізу керек. Теофиллин препараттары физерітіндімен және 5% глюкоза ерітінділерімен күретамырға тамшы-латып енгізгенде жақсы әсер береді. Бұл кездегі препараттың максимальді тәуліктік әсері 1,5-2 г.
Кері әсерлері: психоастматикалық әсер, жүрекке әсері (қызметін күшейту,АҚ-ды көтеру)
Теопек ұзақ әсерлі тәулігіне 1 рет қолданылады.