Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TMI-2012 (1).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
846.85 Кб
Скачать
  1. Экономикалық зерттеулердегі негізгі компонеттердің байланысы

Экономикалық зерттеулердегі негізгі компонеттердің байланысы кез келген зерттеу жұмысы жаңа құбылыстарды тану процессінде белгілі бір қиындықтарды жеңу үшін, алғашында белгісіз фактілерді түсіндіру немесе белгілі фактілерді түсіндіру әдістерінің толық еместігін анықтау үшін жүргізіледі. Тақырыптың өзектілігі бұл салада қандай да болсын білімді алу үшін қоғамның, тапсырыс берушінің, тұтынушының қажеттілігін анықтайды. Кез келген жаңа өнім сияқты жаңа білім де қажеттілікте негізделуін керек етеді: кімге, не мақсатта бұл білімдер керек, көлемі қаншалықты, бұл білімдердің сапасы және т.б.

Таңдаған тақырыптың өзектілігін дәлелдеуден зерттеудің мақсатын құрастыруға көшкен жөн, сондай-ақ сол мақсатқа сәйкес нақты қандай тапсырмаларды шешу керек болатынын көрсету қажет. Ол негізінен атап кету формасында жасалады (оқып үйрену..., сипаттау..., анықтау..., формуланы құру және т.с.с.). Зерттеушінің жаңа білімдердің көлемі мен сапасы жөніндегі сұрақтарға жауап беру ынтасы зерттеудің мақсатын анықтайды. Тақырыпты және мақсатты құру - зерттеудегі маңызды кезең. Зерттеу мақсатын нақтырақ түсіну тақырыпты кейбір өзгерістерге ұшыратуға әкелуі мүмкін, бірақ бұл зерттеудің әлеуметтік тапсырысының мәнін өзгертпеуі керек.

Құрылған мақсат негізінде зерттеуші өз алдына міндет қояды. Міндет – мақсаттың құрылымын ашатын, зерттеу мақсатының конструкциясы.

Зерттеушінің алдында тұрған міндеттерге байланысты зерттеудің объектісі мен пәні анықталады. Объект белгілі бір құқықтық құбылысты, берілген аумақтағы және берілген уақыт шегіндегі процессті нақтыландырады.

Ғылыми зерттеудің маңызды кезеңі болып зерттеу әдісін таңдау табылады, ол қойылған мақсатқа жетудің қажетті шарты ретінде, фактілі материалды зерттеудің құралы болып табылады. Зерттеу процессін сипаттау – диссертациялық жұмыстың негізгі бөлігі, онда логикалық белгілер мен заңдарды қолданып зерттеудің әдісі мен техникасы көрсетіледі. [kgl].

[gl] 7-тақырып. Зерттеу жұмысын рәсімдеу. [:]

Дәрістің мақсаты: Банк беделін құру стратегиясы және брендті басқарудың ерекшеліктерін анықтау.

Дәрістің құрылымы:

  1. Зерттеу жұмысын рәсімдеу

  2. Магистрлік жұмыстың нәтижелерін рәсімдеу техникасы.

  3. Зерттеу жұмыстарының құрылымдық бөлімдерін рәсімдеу.

  4. Зерттеу жұмысын рәсімдеу

  1. Зерттеу жұмысын рәсімдеу

Рәсімдеуді диссертациялық зерттеудің қолжазбасын құрудың қорытынды кезеңі деп санау қалыптасқан. Бірақ негізінде ол дұрыс емес. Форманың мазмұнмен тікелей байланысты екені барлығына белгілі. Дегенмен диссертациялық жұмыстардың көптеген авторлары қолжазба дайын болғанда ғана мәтінді рәсімдеу қажет деп санайды. Олар қатты қателеседі.

Себебі ғылыми шығармашылықтың формасын анықтау зерттеудің жоспарын құруға көмек береді. Дәл сол кезде болашақ ғылыми шығармашылықтың кескіні анықталады, сурет аралас материалдың сипаты мен көлемі белгіленеді, қайнар көздердің аясы құрылады. Бұл жалпы ұйымдастырушылық шарт ғылыми шығармашылықтың оңтайлы формасын іздеу зерттеудің әрбір кезеңінде жүретінін көрсетеді. Сондықтан диссертацияның формасымен жұмыс істеу белгілі бір жағдайларда оның мазмұнына қарағанда деңгейін жоғарлатады.

Айтылғанды қорытындылай келе, диссертациялық зерттеуді рәсімдеу – оның мазмұнын құрумен бірге жүретін өте маңызды процесс екенін айтуға болады. Оны кейінге қалдыруға болмайды. Диссертациялық жұмысты рәсімдеу жоғары деңгейде болу керек және басылымға жіберілетін қолжазбаларға қойылатын талаптарға сай болу керек. Қазіргі таңда бұл талаптар өте жоғары болғандықтан, басылымға ұсынылатын мәтіндік, кестелік, формулалық және сурет аралас материалдардың тәртібін және диссертацияның библиографиялық аппаратын рәсімдеу мен оны

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]