Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TMI-2012 (1).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
846.85 Кб
Скачать
  1. Ақпараттың құжаттамалық қайнар көздері.

Қазіргі таңда ақпараттық басылымдарды шығарумен институттар, орталықтар және ғылыми-техникалық ақпараттың (ҒТА) қызмет орындары айналысады, олар халық шаруашылығының барлық салаларын қамтиды.

Біздің мемлекетімізде Ұлттық ғылыми-техникалық ақпараттар жүйесіне (ҰҒТАЖ) біріктірілген. Ол құжаттардың негізгі түрлерін орталықтандырылған жинағын және өңделуін жүзеге асырады.

Жоғарыда көрсетіліп кеткен институттар мен ұйымдардың негізгі оқулықтары басылымның нақты үш түріне бөлінеді: библиографиялық, реферативті және шолулар.

Библиографиялық басылымдар маманды қызықтыратын сұрағы бойынша қандай баслым бар екендігін хабарлайтын библиографиялық сипаттамалардың реттелген жиынтығынан тұрады. Бұл жерде библиографиялық сипаттама екі функцияны атқарады. Бір жағынан, ол құжаттың пайда болуын хабарлайды (сигналды функция), ал екінші жағынан, оларды іздеуге керекті мәліметтерді хабарлайды (адрестік функция). Библиографиялық сипаттаулардан библиографиялық сілтемелерді және библиографиялық тізімдерді құрастырады.

Библиографиялық сілтемелер көп жағдайларда сигналды сипатта болады және аннотациясыз және рефераттарсыз библиографиялық сипаттамалардың тізімінен тұрады. Бұл басылымдар отандық және шетел әдебиетінің шығармаларын максималды толық бейнелейді. Оларды ерекшелейтін – дайындықтың шапшаңдығы және басылымның шыққан сәтінен бастап сілтемеде белгілену мерзімінің салыстырмалы түрде қысқа болуы.

Ғылым мен техниканың жетістіктерін өндіріске енгізуге көмектесетін ақпараттардың қажеттілігі ақпараттық беттердің кең таралуына мүмкіндік берді. Ақпараттық беттер – алдағы өндірістік тәжірибе немесе ғылыми-техникалық жетістіктер туралы ақпараттан тұратын рефераты бар баспасөз басылымы.

Шолу басылымдарына белгілі бір мәселеге, бағытқа қатысты шолу мен шолу жинақтары жатады.

Шолулар алғашқы құжаттардың құрамындағы мәліметтерді жалпыландырады және олардың аналитико-синтетикалық қайта өндірудің ең жоғарғы деңгейі болып табылады. Мұндай басылымдар көп жағдайда кез келген ғылымның немесе тәжірибелік қызметтің жағдайы немесе дамуы туралы хабарлайды және белгілі бір уақытта онда жасалған барлық жаңалықтарды көрсетеді.

Шолудың мақсаты – ғылыми зерттеулерді және тәжірибе-конструктрлік талдамаларды ғылым мен техниканың қазіргі таңдағы даму деңгейінде жүргізуді қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруда параллелизмді жою, белгілі бір салада дұрыс бағыт пен жетілдіру әдісін таңдауға көмек беру.

  1. Ақпараттық-библиографиялық ресурстар.

Ғылыми-зерттеу жұмысының дамуына және әдебиеттерді детальді талдауда байланысты зерттеушілер үшін ретроспективтік библиографияның маңызы зор. Оның мақсаты – кез келген уақыт аралығындағы басылым шығармаларының библиоргафиялық ақпараттарын дайындау және тарату.

Бұл библиоргафия әдебиеттердің кең аясымен ұсынылған. Олардың арасында тематикалық сілтемелер және шолулар, кітап ішіндегі және мақала ішіндегі әдебиеттер тізімі, салалық ғылыми-техникалық басылымдардың катологтары, атақты инженерлердің және сынаушылардың жеке библиографиясы, жаратылыстану және техника тарихы жөніндегі библиографиялық сілтемелер бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]