Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TMI-2012 (1).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
846.85 Кб
Скачать
  1. Экономикалық ғылымның негізгі ерекшеліктері

Зерттеу мамандығы (көбіне зерттеу бағыты деп аталады) – тұрақты құрылған зерттеу аясы, оның құрамында бір ғылыми пәннің белгілі бір зерттеу мәселелері, оның қолдану аясы бар.

Зерттеу тапсырмасы – ғылыми әрекеттердің ұйымдасқан кешені, оларды орындау мерзімдері нақтылық деңгейімен бекітіледі. Зерттеу тапсырмасы белгілі бір зерттеу тақырыбының шегінде ғана маңызды болады.

Тарихнама – тарихи ғылымның тарихын зерттейтін ғылыми пән.

Категория – зерттеліп жатқан заттардың ішкі, маңызды жақтары және қатынастары ашылатын логикалық ойлаудың формасы.

Конъюнктура – қоғамдық өмірдің қандай да болсын саласында құрылған жағдай.

Қысқаша мәлімет – ғылыми-зерттеу немесе тәжірибе-конструктрлік жұмыс нәтижесінде алынған, қысқаша мазмұндалған нәтижеден тұратын ғылыми құжат. Мұндай құжатты мақсаты – жасалған жұмыстың кез келген этапында оның нәтижелері жөнінде тез арада хабарлау.

Негізгі сөз – ғылыми құжаттың немесе оның бөлігінің құрамын толық және спецификалық түрде сипаттайтын сөз немесе сөз тіркесі.

Зерттеу әдісі – жаңа білімді алу үшін ескі білімді қолдану тәсілі. Ғылыми фактілерді алудың құралы болып табылады.

Ғылыми танымның методологиясы – ғылыми-зерттеу қызметінің қағидалары, формалары және тәсілдері туралы білім.

Ғылым – ақиқат, шындық жөнінде объективті білімдерді алу және теориялық жүйелендіру функциясын атқаратын адам қызметінің аясы. Қоғамдық сананың бір формасы.

Ғылыми пән – ғылымның белгілі бір даму деңгейінде, белгілі бір уақытта игерілген және жоғары мектептің оқу үрдісіне енгізілген ғылымның бір бөлімі.

Ғылыми тақырып – ғылыми зерттеуді қажет ететін ғылыми сипаттағы тапсырма. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі жоспарлы-есеп көрсеткіші болып табылады.

Ғылыми теория – шындықтың тікелей емес идеалды бейнесін құрайтын абстракті ұғымдар мен тұжырымдардың жүйесі.

Ғылыми зерттеу – мақсатты таным, оның нәтижелері ұғымдар, заңдар және теорияның жүйесі ретінде көрінеді.

Ғылыми таным - өзінің ерекше мақсаттарымен, негізгісі – жаңа білімдерді алу мен тексеру әдістерімен, сипатталатын зерттеу.

Ғылыми-зерттеу жұмысының ғылыми-зерттеу бағыты – мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін өзіндік техникалық тапсырма.

Ғылыми баяндама – баспада басылып шыққан немесе аудиторияда оқылған, ғылыми-зерттеу немесе тәжірибе-конструктрлік жұмыстың мазмұндамасынан тұратын ғылыми құжат.

Ғылыми есеп - әдістемені нақты сипаттаудан, зерттеудің (талдаманың) жолынан, нәтижелерден, сонымен қатар ғылыми-зерттеу немесе тәжірибе-конструктрлік жұмыс нәтижесінде алынған қорытындылардан тұратын ғылыми құжат. Бұл құжаттың мақсаты – орындалған жұмыс туралы аяқтаған кезде немесе белгілі бір уақыт ішінде жеткілікті мәлімет беру.

Ғылыми факт – қорытындыға немесе растауға негіз болатын жағдай немесе құбылыс. Ғылыми білімнің негізін құрайтын элемент болып табылады.

Шолу – алғашқы қайнар көздерге талдау жүргізу нәтижесінде алынған, кез келген тақырып бойынша жүйелендірілген ғылыми мәліметтерден тұратын ғылыми құжат. Мақсат – ғылыми мәселенің қазіргі таңдағы дәрежесімен және оның даму перспективаларымен таныстыру.

Зерттеу объектісі – зерттеу үшін таңдалған және даулы жағдайды туғызатын процесс немесе құбылыс.

Анықтама (дефиниция) – қарым-қатынастың, даудың және зерттеудің қайшылықтарынан сақтандыратын сенімді тәсілдердің бірі. Анықтаманың мақсаты – қолданылып жатқан ұғымдардың мазмұнын нақтылау.

Зерттеудің пәні – белгілі бір қарастыру аспектісінде зерттеу объектісінің шегінен шықпайтын барлық нәрселер.

Ұғым – заттардың ерекше белгілерін және бір-бірімен қарым-қатынасын бейнелейтін ой.

Сұрақты құру зерттеудің логикалық әдісінде ең біріншіден, анализдің және жалпылаудың қажеттігін тудыратын фактілерді анықтаудан, екіншіден, ғылыммен шешілмеген мәселелерді табудан тұрады. Кез келген зерттеу ғылыми тұрғыда түсіндірілмеген, жүйелендірілмеген фактілерді анықтаумен байланысты. Оларды жалпылау сұрақ құрудың мазмұнын құрады. Фактіден мәселеге – бұл сұрақ құрудың логикасы.

Қағида – кез келген теорияның, білімнің, ғылымның негізгі ережесі.

Мәселе (проблема) – болашақ зерттеудің аясын қамтитын ғылыми сұрақтардың жалпы көптігі. Мәселенің келесі түрлері бар:

  • Зерттеуші – бір ғылыми пәннің шегінде және бір қолданыс аясында зерттеудің туыс тақырыптарының кешені;

  • Ғылыми кешенді – ең маңызды халық шаруашылық мәселелерді шешуге бағытталған, әртүрлі ғылым саласындағы ғылыми-зерттеу тақырыптарының өзара байланысы;

  • Ғылыми – ғылыми-зерттеу жұмысын тұтас немесе оның бөлігін қамтитын тақырыптар жиынтығы; нақты теориялық немесе тәжірибелік, белгілі салада ғылыми немесе техникалық прогресстің болашақ қамтамасыз етілуіне бағытталған тапсырманы шешуді көздейді.

Пікір, пайымдау (суждение) – бұл ой арқылы кез келген нәрсе бекітіледі немесе теріске шығарылады. Сөйлемнің ішінде мұндай ой үш эелементтен тұрады: субъект, предикат және байланыс – «бар» немесе «жоқ».

Теория – идеялар немесе қағидалардың білімі, жүйесі. Ғылымды немесе оның салаларын құрайтын жалпылама ережелердің жиынтығы. Ол синтетикалық білімнің формасы ретінде болады, оның шегінде ұғымдар, гипотезалар және заңдар өзінің автономдығын жоғалтады және тұтас жүйенің элементі болады.

Ой қорытындысы – ой операциясы, оның нәтижесінде берілген бірнеше пайымдаулардан басқа пайымдау шығады, ол басындағысымен белгілі түрде байланыста болады.

Фактографиялық құжат – зерттеу объектісінің жағдайын бейнелейтін немесе ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде жиналған текстік, сандық, суреттік және басқа да ақпараттан тұратын ғылыми құжат.

Өнертабудың (изобретения) формуласы – бекітілген формамен құрылған және оның қысқаша мазмұнын құрайтын өнертабудың сипаттамасы.

Ашудың формуласы – бекітілген нысанмен құрылған және оның мәнінің жеткілікті мазмұндамасын құрайтын ашудың сипаттамасы. [kgl].

[gl] 2-тақырып. Диссертацияны жазуға дайындық және ғылыми ақпаратты жинау. [:]

Дәрістің мақсаты: Ғылыми зерттеу жұмысын жазуға және ғылыми ақпаратты жинау және таңдаған тақырыптың жоспарын құру.

Дәрістің құрылымы:

        1. Ғылыми зерттеу жұмысының мәні мен маңыздылығы.

  1. Экономикалық ойланудың түрлері.

  2. Зерттеудің түсінігі мен оны зерттеудің әдісі.

  3. Ғылыми зерттеудің түрлері бойынша іздену

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]