Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurstik jumis.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.26 Кб
Скачать

2.2.Шоттардың экономикалық мазмұны бойынша жіктелуі

Шоттарды экономикалық мазмұны бойынша жіктеудің негізінде шоттарда көрсетілетін объектілердің экономикалық мәні қойылған. Осы белгісі бойынша барлық шоттар үш топқа бөлінеді:

  1. Шаруашылық құралдары есебінің шоттары;

  2. Шаруашылық құралдарының құрылу көздері есебінің шоттары;

  3. Шаруашылық процестері есебінің шоттары.

Шаруашылық құралдары есебінің шоттары өндіріс саласы, айналым саласы және оқшауландырылған қаражат құралдарының шоттары болып бөлінеді.

Өндіріс процесі есебінің объектілеріболып еңбек құралдары мен еңбек заттары табылады. Негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысын, олардың тозуын, материалдық емес акьтвтердің, өндірістік қорлардың болуы мен қозғалысын білдіреді. Осы барлық көрсеткіштер «Негізгі құралдар», «Негізгі құралдардың тозуы», «Материалдық емес активтер», «Материалдар» және т.б. сәйкес шоттардың көмегімен алынуы мүмкін.

Айнымалы прцесінде есеп объектілері айналым құралдары, ақша қаражаты, есеп айырысудағы қаражат болып табылады. Осыған орай айналым саласы құралдарының есебі бойынша шоттарға «Дайын өнім», «Тауарлар», «Кассадағы нақты ақшалар», «Есеп айырысу шотындағы ақшалар», «Валюталық шоттағы ақша», «Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу» және т.б. шоттар жатады.

Шаруашылық құралдарының құрылу көздері есебі шоттары оларда бейнеленетін қайнар көздердің сипаты бойынша – меншікті қаражаттар көздері, тартылған қаражат көздері болып бөлінеді.

Меншікті қаражат көздері есебі шоттарына «Жарғылық капитал», «Резервтік капитал», «Эмиссиялық кіріс», «Таратылмаған табыс» және басқа да шоттар кіреді. Бұл шоттарда кәсіпорынның меншікті қаражат көздерінің болуы мен қозғалысы көрсетіліп бейнеленеді.

Тартылған қайнар көздер және олармен болатын өзгерістер есебі үшін «Қысқа мерзімді банктік қарыз», «Салықтар бойынша міндеттемелер», «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге кредиторлық берешек», «Жұмысшылармен төлемақы бойынша есеп айырысу» және т.б. шоттарында көрсетілген ақпараттар пайдаланылады.

Шаруашылық процестері есебінің шоттары дайындау, өндіру және сату процестері есептерінің шоттарына ажыратылады.

Дайындау процесіндегі шығындар дайындалған өндіріс қорларынаң өздері есептелетін шоттарда есептеледі. Өндіріс процесі шоттары бұл өндірістік шығындар есепке алынатын өндірістік шоттар. Сату прцесі шоттары бұл өнімді сату бойынша табыстар мен шығындар есептелінетін және субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі шығарылатын шоттар.

Экономикалық әдебиеттерде шоттардың экономикалық мазмұны бойынша жіктелуіне басқа да шоттардың жіктелуі келтіріледі. Олардың арасындағы басты айырмашылықтар шаруашылық құралдарының түрлері мен шаруашылық процестерін көрсететін шоттардың топтастырылуында жатыр. Ал шаруашылық құралдарының құрылу кездерін есепке алатын шоттардың топтастырылуында жатыр. Ал шаруашылық құралдарының құрылу көздерін есепке алатын шоттардың топтастырылуы, тәртіп бойынша, бірдей құрылады.

Шоттардың экономикалық мазмұны бойынша жіктелуі бухгалтерлік есепшоттарының жоспарын құруға негіз болып алынған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]