Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurstik jumis.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.26 Кб
Скачать

Іі. Шоттардың жіктелуінің мағынасы

2.1.Шоттардың мақсаты және құрылымы бойынша жіктелуі

Дайындау, өндіру және сату есебі қағыдаларын игеру барысында шоттар туралы оның алдында алынған мәліметтерге қосымша ретінде шаруашылық процестері мен олардың нәтижелері есебі үшін қолданылатын бірқатар арнайы шоттарды қарастырған болатынбыз. Бұл шоттардың жіктелуін жалпылама түрде, сонымен қатар шоттардың жеке түрлері бойынша неғұрлым толығырақ қарастыруға мүмкіндік береді.

Осы қағидалардың негізінде бухгалтерлік есептің барлық шоттары мынадай үш белгісі бойынша жіктеледі:

  1. Мақсаты мен құрылымы бойынша. Бұдан шоттарды шаруашылық құралдарының жеке түрлері мен процестерінің қалай есептелінетіндігі анықталады.

  2. Экономикалық мазмұны бойынша. Бұдан шоттарда не есептелінетіндігі анықталады.

  3. Баланспен байланысы бойынша. Бұдан жекелеген шоттардың балансқа қатыстылығы анықталады.

Шоттардың жіктелуінің теориялық маңыздылығы оның әр түрлі кәсіпорындарда қолданылатын көптеген сан алуан шоттарды біркелкі белгі бойынша жүйлендіруден байқалады, бұл бухгалтерлік есепті ғылым ретінде жетілдіруге мүмкіндік береді, өйткені бұл бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәжірибесіне тікелей ықпал жасайтынымен түсіндіріледі. Шоттардың жіктелуі кәсіпорын қызметкерлеріне кәсіпорын қызметінің икемді жедел басқарылуы және бақылануы үшін жеке шоттардың пайдаланылу мүмкіндігін және мақсатын неғұрлым айқын түсінуге үлкен көмек көрсетеді.

Шоттардың экономикалық мазмұны және балансқа қатысы бойынша жіктелуі шоттардың есептік-техникалық қасиеттері мен ерекшеліктері анықталғаннан кейін, яғни бухгалтерлік есепшоттарының мақсаты мен құрылымы игеріліп болғаннан кейін ғана дұрыс құрылымы мүмкін болды. Сондықтан ең алдымен шоттардың мақсаты мен құрылым бойынша жіктелуін қарастырумен танысамыз.

Бухгалтерлік есеп шоттары тағайындалуы және құрылымы шоттардың мақсатты бағытталуына, яғни шаруашылық өмірдің фактілерін бейнелеп көрсету кезінде олардың алдына қойылатын мақсат-міндеттерге байланысты.

Бухгалтерлік еспшоттары мақсаты мен құрылымы бойынша мынадай екі топқа бөлінеді:

  • Шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің шоттары;

  • Шаруашылық процестері мен олардың нәтижелерінің шоттары

Шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің шоттары өз кезегінде екі топқа бөлінеді: негізгі жіне реттеуші.

Негізгі шоттар шаруашылық құралдарының құрамы мен орналасуы және құрылу көздері бойынша болуы мен қозғалысына бақылау жасау үшін қолданылады. Есепке алынатын объектілер кәсіпорынның шаруашылық қызметінің түпқазығы болғандықтан, олар негізгі объектілер болып саналады.

Негізгі шоттардың құрамына мыналар жатады:

  1. Инвентарлық;

  2. Ақшалай;

  3. Есеп айырысу;

  4. Капитал.

Инвентарлық немесе материалдық-құндылық шоттар нақты бір материалдық нысаны бар шаруашылық құралдарының болуы және олардың қозғалысын бейнелеу үшін қолданылады. Оларға «Негізгі құралдар», «Материалдар», «Тауарлар» және т.б. шоттар жатады.

Инвентарлық шоттардың құрылуы мынадай белгілермен сипатталады:

  1. Барлық инвентарлық шоттар активтік болып табылады;

  2. Дебет бойынша – жазбалар олардың көбеюін, ал кредиті бойынша жазбалар есепке алынатын құралдардың азаюын білдіреді;

  3. Қалдығы құралдардың болуын көрсететін дебеттік болып қана табылады;

  4. Талдау шарттарында инвентарлық шоттардағы жазбалар тек ақшалай түрде, сонымен қатарзаттай түрде жүргізіледі.

Ақшалай шоттар ақшалай қаражаттың болуы мен қозғалысын көрсетеді. Ақшалай шоттарға «Кассадағы ақша», «Есеп айырысу шотындағы ақша», «Волюталық шоттағы ақша», «Басқа да арнайы шоттардағы ақша» шоттары жатады.

Ақшалай шоттардың құрылуы инвентарлық шоттардың құрылуымен бірге келесідей белгілермен сипатталады:

  1. Барлық ақшалай шоттар активтік;

  2. Дебет ойынша жазбалар олардың көбеюін, ал кредиті бойынша жазбалар есепке алынатын ақша қаражаттарының азаюын білдіреді.

  3. Қалдығы ақшалай қаражаттың болуын көрсететін дебеттік болып қана табылады;

  4. Талдау шоттарында ақшалай шоттардағы жазбалар тек ақшалай түрде жүргізіледі.

Есеп айырысу шоттары кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен және тұлғалармен болатын шаруашылық-құқықтық өзара есеп айрысу қарым-қатынастарын есепке алуға және бақылауға арналған. Бұл топқа тар мағынадағы есеп айырысу шоттары ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның басқа кәсіпорындарға қарыздары немесе кәсіпорындардың осы кәсіпоырндың осы кәсіпорынға әлеуметтік сипаттағы қарыздары, мысалы, міндеттемелер, бюджетке төлемдер бойынша әрекеттері есепке алынады. Ееп айырысу шоттары активтік және пассивтік болып бөлінеді.

Капитал шоттары кәсіпорынның меншікті капиталын есептеуге арналған. Оларға «Жарғылық капитал», «Резервтік капитал» және т.б. шоттары кіреді.

Капитал шоттарының құрылуының ерекше белгілері болып мыналар табылады:

  1. Капитал шоттарының барлығы пассивтік;

  2. Кредиті бойынша жазбалар капиталдың құрылуы мен келешекте артуын, ал дебеті бойынша жазбалар олардың азаюын білдіреді;

  3. Қалдығы капиталдың болуын білдіретін тек кредиттік шот қана болады.

Реттеуші шоттардың негізгі шоттарға қосымша ретінде ашады және олар дербес бір шоттар болып саналмайды. Олар негізгі шоттарда есепке алынатын объектілерді бағалау үшін арналған. Сондықтан реттеуші шоттар өзінің қалдығының сомасына негізгі шоттардың қалдығын азайтады немесе көбейтеді.

Реттеуші шоттар былар бөлінеді:

  1. Контрарлық

  2. Қосымша

Контрарлық шоттар өзінің қалдығы сомасына негізгі шоттарда құралдардың қалдығын кемітеді. Осыған байланысты олар: контрактивтік және контрпассивтік шоттар болып бөлінеді.

Контрактивтік шоттар негізгі активтік шоттар қалдығын талдауға арналған. Оған негізгі және реттеуші шот пассивті шот ретінде қатысады. Негізгі шот активті шот, ал реттеуші шот пассивті шот ретінде қатысады. Контрактивтік шот өзінің қалдығы сомасына негізгі активті шоттың қалдығын азайтады. Осылайша бухгалтерлік есепте негізгі құралдар жойылу немесе сатылу сәтіне дейін бастапқы құны бойынша есептелінеді. Сонымен қатар олар өздерін пайдалану кезінде тозуға ұшырайды, өзінің құнын есептелген тозу сомасына жоғалтады. Жойылу немесе сатылу кезінде негізгі құралдардың қалдық құнын білуіміз үшін олардың бастапқы құнынан тозу сомасын алып тастауымыз керек.

Контрпассивтік шоттар пассивтік шоттарда есепке алынатын құраушылық құралдарының құрылу көздерінің сомасын талдауға арналған. Контрпассивтік шоттар бойынша қалдық негізгі шоттың құрылу көзі мөлшерін кемітеді. Мұнда негізгі шот пассивтік шот, ал реттеуші шот активтік шот ретінде жүреді.

Қосымша шоттар контрарлық шоттарға қарағанда өзінің қалдығы сомасына негізгі шоттарда шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің қалдығын кемітпейді, керісінше арттырады. Қандай шоттардың қосымша болуына байланысты олар активтік және пассивтік болып бөлінеді.

Қосымша активтік шот өзінің қалдығы сомасына негізгі активтік шоттардың қалдығын толтырады. Мұнда негізгі және реттеуші шоттар активтік шот болып табылады. Қосымша пассивтік шоттар өзінің қалдығы сомасына сәйкес пассивтік шоттардың қалдығын толтырады. Мұнда да екі шоттар да пассивтік болып саналады. Әрекеттік шоттар шаруашылық әрекеттері есебіне арналған шоттар. Оларды үш топқп бөледі:

  1. Тарату шоттары;

  2. Калькуляциялық шоттар;

  3. Салыстырмалы шоттар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]