Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurstik jumis.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.26 Кб
Скачать

1.3. Сату процесінің есебі

Шаруашылық құралдарының айналымы сату процесінде аяқталады. Өнім сатудан түскен табысты кәсіпорын дайындау және өндіріс процестерін жаңарту, пайданы жинақтау, кәсіпорын жұмысшыларын ынталандыру және т.б. мақсаттарға пайдаланады.

Сату процесі дегеніміз – кәсіпорынның өндірілген өнімді сатып алушыға сату әрекеттерінің кешені. Есептің халықаралық стандарттарына және қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес сатылған деп сатып алушыға оны тиеу сәтінен бастап банкке төлем құжаттарын тапсырғаға дейінгі сәтті айтады.

Сату процесі кезінде кәсіпорын: өнімді орау мен қаптауға, сатып алушыларға оларды жеткізуге байланысты шығындар деп аталады. Олар кезең шығындары болып саналады және өнім сатумен байланысты өнімнің өзіндік құнына кірмейтін шығындар.

Сату процесінің бухгалтерлік есепке алу алдындағы екі мақсаты болады олар:

  • Сатылған өнімнің өзіндік құнын және табысты анықтау;

  • Сатудың қаржылық нәтижесін айқындау

Бірінші мақсатты орындау үшін бухгалтерлік есеп сатылған өнім туралы нақты өзіндік құнмен ғана емес, сонымен қатар сату бағаларымен жалпы және жеке түрлері бойынша сатылған өнімдердің көлемі туралы ақпараттар алуды қамтамасыз етуі керек. Мұндай ақпараттар мына шоттарда болады:

  1. «Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс», бұл шот пассивтік, жыл басына қалдығы болмайды, жыл ішінде тек кредиттік айналымдар ғана болады – сатып алушылар қажет ететін дайын өнімнің сату құны, бұл шот «Есептік жылдың пайдасы» шотына жатқызу жолымен ғана жылдың соңында жабылады.

  2. «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны», бұл шот активтік, жыл басына қалдығы болмайды, жыл ішінде тек дебеттік айналымдар ғана болады – «Дайын өнім» шотына сатылған өнімнің нақты өзіндік құнын жазу, бұл шот «Есептік жылдың пайдасы» шотына шығындарды жатқызу жолымен ғана жылдың соңында жабылады.

Дайын өнімді сатудан қаржылық нәтиже жыл бойы осы екі щоттардың көрсеткіштерін, яғни сатылған өнімнің өзіндік құны мен сату құнын салыстыру жолымен шоттар корреспнденцияларын құрамай-ақ жедел түрде анықталады.

Осыған орай егер сату бағасы бойынша өнімнің құны сатылған өнімнің нақты өзіндік құнынан асатын болса, кәсіпорын табыс табады. Және керісінше, сатылған өнімнің нақты өзіндік құны сатудан түскен түсімнен жоғары болса, кәсіпорын зиян шегеді.

Сату процесі кезінде субъектіде сатылған дайын өнімнің құнына сатып алушымен және сату құнынан субъектіге сатып алушымен, ал субъект бюджетке төлеуге тиіс қосылған құн салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу қатынастары туындайды.

Сатып алушылармен есеп айырысу шоты активтік шот, қалдығын дебет бойынша, қосылған құн салығын шоттың дебеті бойынша бірге есепке алғандағы сату құнымен сатылған өнім үшін сатып алушылармен дебиторлық қарыздың көбеюі көрсетіледі, ал кредиті бойынша сатып алушылардан есеп айырысу шотына ақша қаражатының түсуі арқылы қарыздың өтелуі көрсетіледі.

Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес өндірілген және сатылғанөнімнің өзіндік құнына кірмейтін кезең шығындары өнім сатудан жиынтық табыстың есебінен жабылады. Кезең шығындарына: коммерциялық шығындар, өнім сату бойынша шығындар, жалпы және әкімшілік шығындар, пайыздар бойынша шығындар жатады. Кезең шығындары активті салыстыру шоттарында есептелінеді.

Әдеттегі қызметтен түсетін табыстан корпоративті табыс салығы есептеледі және бюджет алдында корпоративті табыс салығы бойынша қарыз туындайды. Салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу шоты пассивтік, қалдығы кредиті бойынша болады, салықтар жөнінен бюджетке қарыздардың туындауы кредиті бойынша көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]