Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurstik jumis.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.26 Кб
Скачать

1.2. Өндіріс процесінің есебі

Өндіріс процесі шикізат пен материалды табу мен өңдеу бойынша және олардың дайын өнімге айналуы бойынша әрекеттердің кешенді жиыны. Өндірілетін өнімнің мақсатына байланысты кәсіпорынның өндірістік қызметі мынадай түрлерге бөлінеді: негізгі, көмекші және әлеуметтік қызмет көрсететін өндіріс пен шаруашылықтар.

Негізгі өндіріс, ереже бойынша, кәсіпорын құрылғанда қандай өнім өндіру үшін құрылғанына байланысты өнім өндіреді.

Көмекші өндіріс негізгі өндірісте тұтынылатын өнім шығарады. Оларға жөндеу шеберханалары, автокөлік, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау шеберханалары және т.б.

Әлеуметтік қызмет көрсететін өндіріс – кәсіпорын жұмысшыларының тұрмыс және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағыттаоған өндірістер. Оған асхана, наубайхана, монша, шаштараз, тұрғын үйлер, жатақхана, мектепке дейінгі балалар лагерьлері, профилакторийлар, балалар демалатын лагерьлері, демалыс орындары мен үйлері және т.б. жатады.

Өндіріс процесі кезінде өнім өндіру үшін жұмыс күшін, еңбек заттары мен еңбек құралдарын пайдаланады. Өндіріс процесінде осы үш негіздің қатысуы кәсіпорынды тиісті шығындарға душар етеді. Өндіріс процесінде шығындалған ресурстар ақшалай бағалауда өндіріс шығындары деп аталады. Барлық шығындардың жалпы сомасы өнімнің өзіндік құнын құрайды.

Өндіріс шығындарының нәтижесі дайын өнімді шығару болып табылады. Өндіріс шығындары мен өнім шығару өндірістік процестің бухгалтерлік есепте көрсетілетін екі жағы болып саналады. Осыған өндіріс процесін бухгалтерлік есепке алудың негізгі мақсаттары болып мыналар табылады:

  • Өндірістің нақты көлемін анықтау. Ол үшін өндірілген өнімнің жалпы көлемі және де өнімнің жеке түрлері бойынша анықталады. Өнімнің жеке түрінің көлемі ақшалай және заттай өлшегәштермен анықталады.

  • Өнімнің өзіндік құнын есептеу;

  • Аяқталмаған өндірістің көлемін анықтау. Өнімнің өзіндік құнын, өндірістік шығындар есебі мен талдауын дұрыс есептеу үшін шығындарды топтастыру мен жіктеу маңызды орын алады.

Өндіріс шығындары көптеген белгілері бойынша жіктеледі. Оның негізгілері мыналарды жатқызуға болады:

  • Өндірілген орны бойынша;

  • Техникалық-экономикалық мақсаты бойынша;

  • Оларды өнімнің өзіндік құнына жатқызу әдісі бойынша;

  • Өндіріс көлеміне қатысы бойынша.

Өндірілген орны бойынша өндірістің барлық шығындары – цех, учаскелер жіне басқа өндірістік бөлімшелер бойынша бөлінеді. Бұл шығындар өнімнің жеке түрерінің өзіндік құнын есептеуге мүмкіндік беретін өнім түрлері бойынша жіктеледі.

Техникалық-экономикалық мақсаты бойынша аталған шығындар негізгі және үстеме болып бөлінеді. Негізгі шығындарға өнім өндірумен тығыз байланысты және өндірістің технологиясымен шартталған шығындар жатады. Үстеме шығындарға, өндірісті басқаруға және оны қамтамасыз етуге жұмсалған шығындар, яғни жеке өндірістік бөлімшелерді басқарумен жіне қамтамасыз етумен байланысты шығындар жатады. Бұл мысалы, өндірістік және жалпы өндірістік негізгі құралдарды қолдану жөніндегі шығындар, цех мамандарының төлемақылары және т.б.

Үстеме шығындар алдын ала жеке шотта есепке алынады. «Үстеме шығындар» шотының дебеті бойынша есепті кезең ішінде барлық сәйкес шығындар жазылады. Ал кредиті бойынша жиналған шығындар «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне өндірістік шығындардың жалпы сомасына қосу және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін апарылады. Өндірістің негізгі және үстеме шығындары дайын өнімнің өндірістік өзіндік құнын құрайды. «Үстеме шығындары» шоты бойынша есепті кезеңнің соңында қалдығы болмайды.

Өнімнің өзіндік құнына қосылу әдісі бойынша өндірістік шығындар тура және жанама болып бөлінеді.

Тура шығындар деп белгілі бір өнім түрінің өндірісіне тікелей қатысты шығындарды айтамыз. Алайда, белгілі бір өнім түрінің өндірісіне тура жатқызуға мүмкін емес шығындар да болады. Мұндай шығындар бірінші жеке шоттарда жиналады. Осы шығындар есепті кезеңнің соңында әр түрлі көрсеткіштерге тепе-тең бөлінеді, ереже бойынша, сметалық ставкаларға, заттай өлшемдегі шығындалған материалдарға немесе өндірістік жұмысшылардың төлемақысы сомасына тепе-тең бөлінеді. Жеке шоттарда есепті кезең бойы жиналған және осы кезеңнің аяғында бөлінетін шығындар жанама шығындар деп аталады.

Көп жағдайда негізгі шығындар тура, ал үстеме шығындар – жанама шығындар болып табылады. Есеп теориясы мен тәжірибесі жанама шығындарды тарату әдістерінің көптеген нұсқаларын көздейді. Қалыпты жағдайда әрбір өнімге бөлінетін шығындардың тепе-тең өзгеруіне әкелмейтін мөлшерінің өзгерісі неғұрлым заңды база болып табылады.

Өндіріс процесі есебінде бірқатар арнайы шоттар – өндірістік есеп щоттары қолданылады. Олардың ішінде маңыздысы «Негізгі өндіріс» - кәсіпорынның өнім өндірісінде шығындары туралы ақпараттар жинақталатын активті шот, оның дебетінде негізгі өндірістің өнімін өндірудегі барлық шығындары, ал кредитібойынша дайын өнімнің шығуы көрсетіледі.

Бірінші әрекеттің нәтижесінде материалдардың нақты өзіндік құны бойынша жатқызылуы көрсетіледі. Осы материалдардың шығарылуы №7 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес әр түрлі әдістермен жүргізілуі мүмкін. Егер материалдар сатып алу бағасымен есептелінсе, онда сатып алу бағасы бойынша материалдар жазылған шоттардың дебетіне көлік-дайындау шығындарының сомасын жазу жүргізіледі.материалдарды жазу шамасы бойынша белгілі бір үлесте ауытқу сомасы да жазылады.

Екінші әрекет те бірінші әрекет сияқты өнімнің өзіндік құнына тікелей қосылатын өндірістің тура шығындарын көрсетеді. Әрбір кәсіпорынның жұмысшыларға төлемақы есептеп, төлеуімен бірге одан Салық кодексіне сәйкес есептелген төлемақы сомасынан әлеуметтік салыққа аударым жасайтындығын да ескергеніміз жөн. Осы аударымдар өнімнің, жұмыс пен қызметтің өзіндік құнына қосылып есептелген төлемақы сияқты «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне жазылады. Осылайша, кәсіпорынның әлеуметтік салық бойынша бюджетке қарызы құралады.

Төртінші шаруашылық әрекет бойынша жанама шығындардың таратылып, олардың өнімнің өзіндік құнына қосылуы көрсетіледі. Осыдан жанама шығындарының өздері есепті кезеңнің ішінде материалдар, төлемақы бойынша есеп айырысу, бюджетпен әлеуметтік салық бойынша есеп айырысу, тозу және т.б. шоттар мен корреспонденцияларды пайдалана отырып, «Үстеме шығындар» шотына жинақталады. Нәтижесінде «Үстеме шығындар» шотының дебеті бойынша осы шығындардың құрамын анықтауымызға болады. «Үстеме шығындар» шотының қалдығы болмайды, өйткені осы шығындардың барлығы осы есепті кезеңге өнімнің өзіндік құнының бөлігін құраушы кешенді шығын баптары ретінде негізгі өндіріс шотының дебетіне көшіріледі.

Дебеттік айналым, яғни өндірістік шығындар «Негізгі өндіріс» жалпы шотына ай соңында жазылады, ал ай соңына дейін №7 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес шығын элементтері шоттарына материалдық шығындар, төлемақы шығындары, төлемақыдан аударымдар және т.б. шығындар шоттары жатады.

Өнімнің жеке түрлерінің нақты өзіндік құны талдау шоттарының мәліметтері бойынша анықталады. Өнімнің өзіндік құнын есептеу калькуляция деп аталады және бухгалтерлік есеп әдістері элементтерінің бір түрі болып табылады. Калькуляция есептеу кезінде өнімнің нақты және нормативтік өзіндік құны анықталады.

Өндірістен түскен өнім «Дайын өнім» шотына «Негізгі өндіріс» шотының кредитінен кірістеледі. Есепті кезеңнің соңына «Негізгі өндіріс» шотының қалдығы болмауы мүмкін. Бұл жағдайда барлық шығындар өнімнің өзіндік құнына көшіріледі және соған жинақталады. Осы шот бойынша бір кезеңнен екіншісінен екіншісіне өту кезінде қалдығы болатындығына назар аударуымыз керек. Бұл қалдық кәсіпорынның аяқталмаған өндірістік шығынын көрсетеді, ол жылдың соңында, егер ондай бар болса, қаржылық есепшотына көшіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]