- •Мазмұны
- •Бухгалтерлік есеп шоттарының жіктелуі мен жоспары
- •I.Шоттарды жіктеу қағидалары
- •1.1 Дайындау процесінің есебі
- •1.2. Өндіріс процесінің есебі
- •1.3. Сату процесінің есебі
- •Іі. Шоттардың жіктелуінің мағынасы
- •2.1.Шоттардың мақсаты және құрылымы бойынша жіктелуі
- •2.2.Шоттардың экономикалық мазмұны бойынша жіктелуі
- •2.3.Шоттардың баланспен байланысы бойынша жіктелуі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бухгалтерлік есеп шоттарының жіктелуі мен жоспары
I.Шоттарды жіктеу қағидалары
1.1 Дайындау процесінің есебі
Шоттардың бухгалтерлік еепте алатын орны ерекше. Шоттардың көмегімен есеп мәліметтерінің топтастырылуы мен жинақталуы жүргізіледі. Оларда ағымдағы есептің көрсеткіштері құрылады. Шоттар – баланстың негізі. Шоттармен бухгалтерлік есеп беру үшін жалғыз ғана қайнар көз болып табылады.
Шоттардың мазмұнын анық түсіну және оларды дұрыс пайдалана білу бухгалтерлік есепті меңгерудің басты мақсаты болып табылады. Осы мақсатты шешу ең алдымен шоттардың қасиеттері мен ерекшеліктерін меңгеруді талап етеді.
Көптеген шоттар бірдей қасиеттерге ие бола отырып, өзара ұқсас болып келеді. Сондықтан шоттарды меңгеруді жеңілдету үшін оларды белгілі бір жүйеге, яғни біртектес топқа біріктіріп, жіктеуіміз керек. Шоттарды жіктеу тек шоттарды меңгеруге ғана емес, сонымен қатар олармен тәжірибе жүзінде пайдалануға да мүмкіндік береді.
Шоттар шаруашылық құралдарының, олардың құрылу көздері мен процестерінің ағымдағы есебі мен бақылауын топтастырудың әдісі болып саналады.
Шаруашылық құралдары, олардың құрылу көздері мен процестері олардың экономикалық мазмұны бойынша құрылады. Соңғысы өз кезегінде шоттардың экономикалық мазмұнын анықтайды. Осыдан әртүрлі шоттар оларда есептелінетін объектілер сияқты әр қилы мазмұнда болады.
Бір мазмұн шаруашылық қызметіндегі құралдарының экономикалық мәні мен функционалдық рөлін білдіретін шаруашылық құралдары шоттарын көрсетеді. Екінші бір мазмұны шаруашылық құралдарының пайда болуын, тиістілігін және мақсаттылығын көрсететін құралдардың құрылу көздеріне тән. Тағы да басқа мазмұн кәсіпорында жүзеге асырылатын шаруашылық процестерінің сипаты мен маңыздылығын ашатын процестер шоттарын білдіреді.
Әр топтың ішінде шоттардаң жеке түрлері сонымен қатар есепке алынатын объектілердің сипаты мен ерекшеліктеріне сәйкес өз мазмұндары бойынша өзара тағы бөлінеді.
Тиісінше, барлық шоттар өз мазмұндары бойынша белгілі бір топтар мен түрлерге біріктірілуі мүмкін. Шоттардың мазмұны оларда есепке алынатын объектілердің экономикалық мазмұнынан туындайтындықтан, ол шоттардың жіктелу негіздері болуы керек.
Шоттармен берілетін көрсеткіштердің жиынтығы шоттардың мақсаты мен олардың атқаратын қызметтерін анықтайды.
Шоттардың мақсаты өздерімен байланысты олардың мазмұндары сияқты әр түрлі шоттар үшін сан алуан. Шоттардың бір түрі шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің қозғалысын көрсету мақсатында болады. Басқаларының мақсаты – процестердің қандай да бір сәттерін сипаттайтын көрсеткіштерді береді. Мысалы, өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау, өнімді сату нәтижесін анықтау және т.б. Тиісінше, шоттарды олардың мақсаттары бойынша да топтастыруға болады.
Шоттардың мақсаты – олардың жіктелуінің екінші белгісі.
Шоттардың мзмұны мен мақсаты шоттардың құрылуын немесе олардың құрылымы, яғни олардың дебеттік және кредиттік жазбалары мен қалдықтарының сипаты мен мағынасын, байланысстағы жағдайын және т.б. анықтайды. Шоттардың құрылуы олардың мазмұны мен мақсатына байланысты әр түрлі шоттар үшін сан алуан болып табылады.
Шоттардың бір түрі өз құрылыстары бойынша тек дебеттік қалдығы болып және активтік болуы мүмкін; басқалары – тек кредиттік қалдықтары болып, пассивтік шоттарға қатысты болуы мүмкін. Тағы бір шоттар есепті кезеңнің аяғына қалдықтары болып, баланста көрсетілуі мүмін. Басқа бір шоттар есепті ккезеңнің аяқталуы кезінде қалдықтары болмауы себепті жабылады және баланста көрсетілмейді. Тиісінше, шоттарды құрылуы бойынша да топтастыруға болады.
Өндірістік кәсіпорындардың басты мақсаты – кәсіпорынның өзінде ішінара пайдаланылатын, бірақ көбінесе басқа кәсіпорындарға, ұйымдарға және тікелей тұрғылықты халыққа жөнелтетін өнім өндіру болып табылады.
Өндірісті ұйымдастыру үшін еңбек құралдары, еңбек заттары және жұмыс күші қажет. Еңбек құралдары мен заттары басқа жақтан әкелінуі немесе кәсіпорынның өзінде өндірілуі мүмкін. Жұмыс күші – кәсіпорынға келісім-шарт негізінде және бұйрық бойынша қабылданған жұмысшылар мен мамандар.
Кәсіпорындар сатудан табыс таба отырып, өндірілген өнімдер сатады. Егер осы табыстар оларды өндіруге кеткен шығындардан асып түсетін болса, онда өндіріс процесінде анықталатын пайда алады. Егер түскен түсім өндірістік шығындардан аз болса, онда кәсіпорын зиян шегеді. Құралдар айналымы негізгі шаруашылық процестерінен: дайындау, өндіру, сату процестерінен тұрады және үздіксіз жүреді, нәтижесінде еңбек заттары бір нысаннан басқа бір нысанға ауысады.
Кәсіпорынның жұмысын ойдағыдай және үздіксіз ұйымдастыру үшін кәсіпорынның дайындау процесін қамтамасыз ететін өндірістік қорлары болуы керек. Дайындау процесі ол өнім өндіруге қажетті еңбек заттарының кәсіпорынды қамту үшін белгілі бір әрекеттердің жиынтығын орындау болып саналады. Кәсіпорын жабдықтаушылардан материалдар, отын және басқа да еңбек заттарын алады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына алынған заттарды өзі үшін дайындау немесе сатып алу құны болып табылатын олардың босату құнымен төлейді. Сонымен қатар ол дайындау әрекеттерімен туындайтын шығындарға ұшырайды. Мысалы, алынған құндылықтарды тасу төлемі, оларды тиеу және түсіру, темір жол станциясынан қоймаға дейін жеткізу және басқа да шығындар. Осы барлық шығындар көлік дайындау шығындары деп аталады. Сондықтан дайындау процесі есебінің басты мақсаттары:
Дайындау бойынша барлық шығындарды ынықтау;
Дайындалған материалдардың нақты өзіндік құнын анықтау.
Есептегі материалдық құндылақтардың қозғалысы нақты өзіндік құнмен көрсетіледі. Алынатын материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құны сатып алу құнынан және көлік дайындау шығындарынан тұрады. Заттай көрсеткіштермен берілген дайындау процесінің көлемі талдау шоттарында жүргізіледі, ал ақшалай өлшегішпен жинақтау шоттарында есепке алынады.
Осы жинақтау шоттарының дебеті бойынша алынған заттардың сатып алу құны, сонымен қатар жеткізу бойынша көлік дайындау шығындары есептелінеді.
Дайындау процесі есебі кезінде материалдық құндылықтарды бағалау маңызды орын алады. Жинақтау есебінде және баланста барлық сатып алынған өндірістік қорлар, меншікі өндіріс құндылықтары сияқты олардың нақты өзіндік құнымен есептелінеді. Ағымдағы есепте құндылықтарды нақты өзіндік құнымен есептеу қиынырақ, өйткені ол материалдың әр түрлі ірі партиялары үшін әр түрлі болуы мүмкін, ал өз өндірісінде өндірілген материалдық құндылықтары бойынша нақты өзіндік құны тек мерзімнің аяғында ғана анықталады. Сондықтан құндылықтардың ағымдағы есебі есеп бағасымен жүргізіледі. Қазіргі кезде сатып алынған материалдар үшін есеп бағасы ретінде келісім көтерме, нарық бағалары қолданылады, ал өзінде өндірілген құндылықтар үшін – жоспарлы өзіндік құн пайдаланылады.
Материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құнын анықтау үшін әрбір жинақтау шотының жеке талдау шоттарында ұқсас материалдар тобы бойынша көлік-дайындау шығындар есебі жүргізіледі. Сатып алынған матералдар бойынша көлік-дайындау шығындары материалдық құндылықтардың қалдығын есепке ала отырып шығынға жатқызылған сомаға пропорционалды түрде бөлінеді.
Өндіріске жеткізілген материалдар бойынша көлік-дайындау шығындарының сомасын анықтау үшін материалдардың әрбір түрін дайындаудың нақты өзіндік құнын анықтап алуымыз керек.
Осы шығындардың есеп бағасымен дайындалған материалдардың құнына пайызы анықталады. Осы пайызға байланысты материалдарға көлік шығындары таратылады. Өндіріске материалдарды жеткізу шамасы бойынша есеп бағасы бойынша шығындалған материалдардың құнына пропорционалды ауытқу сомалары да жатқызылады.
