
- •Мазмұны
- •Бухгалтерлік есеп шоттарының жіктелуі мен жоспары
- •I.Шоттарды жіктеу қағидалары
- •1.1 Дайындау процесінің есебі
- •1.2. Өндіріс процесінің есебі
- •1.3. Сату процесінің есебі
- •Іі. Шоттардың жіктелуінің мағынасы
- •2.1.Шоттардың мақсаты және құрылымы бойынша жіктелуі
- •2.2.Шоттардың экономикалық мазмұны бойынша жіктелуі
- •2.3.Шоттардың баланспен байланысы бойынша жіктелуі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
КІРІСПЕ............................................................................................................... |
3 |
|
I |
Шоттарды жіктеу қағидалары................................................................... |
5 |
1.1 |
Дайындау процесінің есебі........................................................................ |
5 |
1.2 |
Өндіріс процесінің есебі............................................................................ |
8 |
1.3 |
Сату процесінің есебі................................................................................. |
11 |
II |
Шоттардың жіктелуінің мағынасы........................................................... |
13 |
2.1 |
Шоттардың мақсаты мен құрылымы бойынша жіктелуі....................... |
13 |
2.2 |
Шоттардың экономикалық мазмұны бойынша жіктелуі....................... |
16 |
2.3 |
Шоттардың баланспен байланысы бойынша жіктелуі........................... |
17 |
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................... |
19 |
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................... |
21 |
КІРІСПЕ
Баланс шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздері жағдайының – белгілі бір сітке жалпы көрінісін береді.
Алайда, бұл жеткіліксіз. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін оңтайлы басқару және бақылау үшін шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің жеке топтар бойынша ағымдағы егжей-тегжейлі ақпараттары керек.
Әрбір кәсіпорында бір айдың ішінде көптеген шаруашылық әрекеттері орындалады, сондықтан шаруашылық процестерінің нәтижелері туралы мәліметтерді алуымыз керек. Ал мұндай деректер күнделікті қажет болып тұрады.
Осындай мәліметтерді бухгалтерлік есепшоттардың көмегімен қамтамасыз етеді.
Бухгалтерлік шоттар – бұл ағымда есепке алу үшін кәсіпорынның шаруашылық құралдарының, олардың құрылу көздерінің және шаруашылық процетерінің құрамында болып жататын өзгерістерді ақшалай және заттай бірліктерде экономикалық жағынан топтастыру әдісі.
Шот – бұл сонымен қатар есеп беру үшін ақпараттарды жинақтаушы.
Әрбір шоттың атауы онда шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің қандай топтары есепке алынатындығына байланысты, мысалы: «Касса», «Есеп айырысу шоты», «Жарғылық капитал» және т.б.
Бухгалтерлік шотты сызба түрінде екі жақты кесте ретінде көрсетуге болады, сол жағын «Дебет» (Дт), ал оң жағын «Кредит» (Кт) деп атайды. Бұл ұғымдар тарихи түрде Италияда дүниеге келген, бірақ есептің дамуымен олар өздерінің бастапқы мағыналарын жоғалтқандықтан, олардың қолданылуы шартты болып табылады.
Балансқа қатысы бойынша бухгалтерлік есептің барлық шоттары активті және пассивті болып бөлінеді. Сөйтіп, шоттардағы жазбалардың екі сызбасын көрсетуге болады.
Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорлардың жабдықтау, өндіру және сату процестерінің барысындағы қозғалысы туралы мәліметтер қажет. Ол үшін әрбір шаруашылық операциясын көрсету керек, мұның өзі қажетті ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі пайдаланылады. Оның көмегімен есептің экономикалық жағынан біртектес объектілері жіктелінеді.
Бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістерінде бухгалтерлік есеп шоттарын жүйесіне ерекше рөл беріледі, өйткені оларды пайдаланумен қатар ақпараттарды қосарлап көрсету, оларды жинақтау және жалпылау проблемалары шешіледі. Шоттарда жазбалар екіжақты жазу әдісін қолдану арқылы жүргізіледі.
Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі.
Шоттар шаруашылық қорларының әрбір түріне, олардың көздеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғашқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай көрсеткіштерге ауыстырылады.
Шаруашылық операцияларын шоттарда көрсету үшін құжаттық растау қажет. Оған қағаздық алғашқы құжаттар, машиналық тасығыштар, дискеттер және т.с.с. мысал бола алады. Бұл орайда олардың әрқайсысының заңдық күші болуы тиіс.
Шоттардың активтік және пассивтік деген түрлері болады. Олар өз атауын баланс жақтарының атауынан алған және олардың мазмұнын көрсетеді.
Бухгалтерлік ақпараттар жүйесін жинақтау және ақпараттарға жазылған әрбір жекелеген есеп объектілерінің жағдайы мен қозғалысын, сондай-ақ бухгалтерлік байқау мен бақылау үшін арнайы әдіс – бухгалтерлік есеп шоттары қолданылады.
Бухгалтерлік есеп шоттары байқаға түсетін бухгалтерлік есеп объектілері өрісіндегі жекелеген шаруашылық фактілерінің мазмұнын тіркеп, тіркелген фактілердің сандық және сомалық нәтижесін шығаруға арналған.