Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әйел адам есімдері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.53 Кб
Скачать

Гауһар......Гүлшаш

ГАУҺАР - иран тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар.   ГАЯНА - грек тілінен — жерге тән, жерден шыққан.   ГҮЛАЖАР - көркі гүлдей жайнаған қыз.   ГҮЛАЙ – қазақ есімі— гүлдей сұлу, айдай көркем қыз.   ГҮЛАЙЫМ - иран тілінен  — гүлдей сүлу менін гүлім, айым.   ГҮЛБАНАТ - тәжік тілінен    - қыздардың гүлі, сұлуы, әдемісі.   ГҮЛБАНУ - тәжік тілінен   — гүл жайнаған қыз, сүйкімді бойжеткен.   ГҮЛБАРАШ - иран тілінен алынған гүлбара — сұлу, көркем, яғни гүлдей сұлу, әдемі, көркем. Түрі — Гүлбаршын.   ГҮЛБАХРАМ - араб тілінен  — көктем гүлі. Еркелету түрі — Гүлпаш. Күлпаш.   ГҮЛБОЛСЫН - тәжік тілінен алынған  гүл + қазақ сөзі болсын, яғни гүлдей жайнасын, гүл сияқты әдемі, көркем болсын деп қойылған есім.   ГҮЛҒАЙША - тәжік тілінен алынған  гүл + ғайша — Айша, яғни гүл жайнаған Айша.   ГҮЛДАНА - тәжік тілінен   — сұлу дана, данышпан, білгір. Түрі — Күлдана.   ГҮЛЖАМАЛ - араб тілінен алынған жамал — сұлулық, көркемдік. Яғни, гүлдей сұлу, нұрлы, әдемі. Түрлері - Гүлжан, Гүлжанат, Өзгеріскен түрі — Күлжанат.   ГҮЛЖӘМИЛА - иран және  араб тілдерінен алынған жәмила - көркем, әдемі. Гүл сияқты көркем, ажары гүлдей.   ГҮЛЖЕҢІС - жеңістің гүлі. Ұлы Отан соғысының жеңісі күні туған қыз балаға осындай есім қойылған. Синонимі — Жеңісгүл.   ГҮЛЗАРИФА - иран тілінен алынған зариф — нәзік, жіңішке, яғни гүлдей нәзік, көркем, сұлу.   ГҮЛЗИПА - зипа иран тілінен алынған  зебо — сұлу, көркем, тамаша, өте керемет, яғни гүлдей көркем, сұлу қыз. Өзгеріскен түрі - Күлзипа.   ГҮЛМАРИЯ - иран тілінен алынған гүл + көне еврей тілінен Мария, яғни сұлу Мария.     ГҮЛМИРА - иран тілінен алынған гүл + орыс тілінен  мир(а) - бейбітшілік, тыныштық яғни бейбітшілік, тыныштық гүлі. Синонимі — Бейбітгүл.   ГҮЛНАЗ - иран тілінен алынған ноз — еркелік, наздық, яғни гүлдей құлпырған, әдемі, әсем кыз. Түрі — Назгүл. Қысқарған түрі — Назым.   ГҮЛНАР - иран тілінен алынған гүл + нар, анар өсімдігінін гүлі, қызыл, қырмызы гүл.   ГҮЛНАФИСА - иран және араб тілдерінен алынған  — гүлдей көркем, ажарлы, нұрлы.   ГҮЛНИСА - араб тілінен алынған ниса — әйел қауымы, қыздар, яғни қыз, әйел біткеннің сұлуы, әдемісі.   ГҮЛНҮР - иран  және  араб тілдерінен алынған нұр — жарық, сәуле. Гүлдей сұлу, көркем әдемі, гүлдей көркем.   ГҮЛСАНАТ - иран  және  араб тілдерінен алынған санат, санам - әдемі, сұлу, яғни гүлдей әдемі сұлу, көркем.   ГҮЛСАРА - иран және араб тілдерінен  - гүлдердің ең таңдаулысы, әдемісі яғни таза гүл, асыл гүл. Өзгеріскен түрі — Күлсара.   ГҮЛСИПАТ - иран және араб тілдерінен  - гүлдей әдемі, көркем, сұлу.   ГҮЛШАР - иран тілінен алынған шар  + араб тілінен алынған шарх - шығыс, яғни Шығыс гүлі деп қойылған есім. Өзгеріскен түрі — Күлшар.   ГҮЛШАРА - иран тілінен алынған шара - бет, жүз, шырай, ең, түс, келбет, яғни сұлу келбетті, шырайлы. Өзгеріскен түрі — Күлшара.   ГҮЛШАРУАН - гүл + шаруан, шахрбану — қаланын сұлу бикеші.   ГҮЛШАТ - иран тілінен алынған - шаттық, қуаныш гүлі.   ГҮЛШАШ  - (қараңыз: Сұлушаш).

Ғазиз......Ғафура

ҒАЗИЗА - араб тілінен алынған азиз -  күшті, қуатты;   сирек, бағалы;   сүйкімді, қадірлі. Аса сирек кездесетін, қадірлі, сүйкімді қыз деген мәнде қойылған есім. Өзгеріскен түрі — Қазиза.   ГАЙНИ, ГАЙНИЯ - араб тілінен алынған эйнь - кез, ең маңызды, аса елеулі.   ҒАЙНИЖАМАЛ - араб тілінен  - әдемі, көркем, танакез.   ҒАЛИМА - араб тілінен  - білімді, дана, оқымысты қыз, әйел.   ҒАЛИЯ  - (қараңыз: Әлия).   ҒАРИФА - араб тілінен — көмекші, оқушы, аға бастық.   ҒАФУРА - араб тілінен  — кешірімшіл.

Дайана......Ділдә

ДАЙАНА - латын тілінен алынған  Диана — пәктік пен ай құдайының аты.   ДАМИРА – жаңа  есім — «да здравствует мир» , әйелдер есімінің қосымшасы «а».   ДАНА - иран тілінен  — білгір, данышпан.   ДАНАГҮЛ - иран тілінен  — гүлдей құлпырған дана, данышпан, ақылды деген мәнде қойылған есім.   ДАРА - қазақ тілінен алынған ерекше, өзгеше, яғни басқадан артық. Яғни бала басқадан ерекше, артық, ақылды я сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.   ДАРИҒА - иран тілінен  — шіркінай, ойпырай деген көңіл-күйді, таңдануды білдіретін сөз,  керемет, тамаша деген мағыналы есім.   ДАРИЯ - иран тілінен  — теңіз, ұлы өзен.   ДӘЛИЛА - араб тілінен  — белгілі, таныс, жол көрсетуші, жолбасшы, жетекші, яғни жөн айтушы, бағыт беруші, ағартушы.   ДӘМЕЛІ - үмітті, үміткер.   ДӘМИНА - араб тілінен  — жақсарушы, әдемі, көркемдеуші, күшті, мығым. Өзгеріскен түрі - Дамина.   ДӘНЕШ - иран тілінен  — білім, ғылым.   ДИДАРА - иран тілінен  — түр, жүз, келбет, қыз бала әдемі, көрікті, келбетті болсын деген тілекпен қойылған есім.   ДАНЕШ - иран тілінен  — знание, наука.   ДИЛА – грузин тілінен  — жарық таң, бала сұлулығын жарық таңға балаудан қойылған есім.

ДИЛЬНАЗ  - парсы тілінен өмір еркесі, қосымша сөзі наз – еркелік, кежірлік.

ДИНАРА - араб тілінен - алтын тиын, ақша.   ДҮНИЯ - араб тілінен алынған дунйа —  әлем, жер жүзі;    өмір, тіршілік.   ДҮРИЯ - иран тілінен алынған дуруйе - жібектен тоқылған әдемі мата.   ДІЛАРА - иран тілінен  - көңіл көтеруші, сүйген жар, аса әдемі, өте сұлу.   ДІЛБАРА - иран тілінен  - сүйікті, өте сұлу.   ДІЛДӘ - араб тілінен  —  алтын ақша;   таза алтын.

Ерзада......Еркежан

ЕРЗАДА – қазақ сөзі ер  + иран тілінен алынған зада -  бала, перзент;  батыр. Қыз бала ер, батыл болсын деп қойылған есім.   ЕРЗИБА – қазақ сөзі ер  + иран тілінен алынған зибо - сұлу, көркем, әдемі.   ЕРКЕ - айтқанын істететін шолжың, еркін.   ЕРКЕЖАН - ерке боп өссін деп қойылған есім. Түрі - Жанерке.

Жазира......Жібек

ЖАЗИРА - араб тілінен  - ен дала, кең аймақ. Бала қайырымды, мінезі кең, көпшіл болсын деген тілекпен қойылған есім.   ЖАЙНА - гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім.   ЖАМАЛ - араб тілінен  — сұлулык, көркемділік, сүйкімділік.   ЖАМАЛИ - араб тілінен  — сұлу, көркем, сүйікті.   ЖАМИҒА - араб тілінен — барлығын қосушы, біріктіруші, жинаушы, баршасы, барлығы.   ЖАНАН - тәжік тілінен алынған  джонон — жан аямасдос, жан жолдас.   ЖАНАР —  көздің жанары, сәулесі;  күннің сәулесі, шапағы. Ауыспалы мағынасы, келбет, көрік, ажар, рең.   ЖАНАРГҮЛ – қазақ және  иран тілдерінен алынған — гүлдей көрікті, әдемі, ажарлы.   ЖАНАТ - ең асыл, көркем, керемет, рахат.

ЖАНЕРКЕ - қараңыз: Еркежан.   ЖАНИПА -  иран және тәжік тілдерінен алынған  жан-джон - яғни жан біткеннің ибалысы, сыпайысы, көріктісі.   ЖАНИЯ - иран және тәжік тілдерінен алынған  джон — жаным, жан сәулем.   ЖАННА - көне еврей тілінен келген— кептер, көгершін.   ЖАННАТ - араб тілінен  — бақ, жұмақ бағы.   ЖАНСАЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған  джон — жанға сая, тірек болсын деген тілекпен қойылған.   ЖАНСҰЛУ - жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.   ЖӘЛИЛА - араб тілінен алынған жалил — ұлы, даңкты, атақты.   ЖӘМИЛА - араб тілінен алынған жамил —  әдемі, тамаша, көркем, сұлу;  сүйкімді, ажарлы.   ЖЕҢІСГҮЛ  - (қараңыз: Гүлжеңіс).   ЖҰЛДЫЗАЙ - жұлдыз бен айдай жарқыраған сұлу болсын деген тілекпен қойылған.   ЖҰМАБИКЕ  - араб тілінен — джумга — жұма, бике — хан кызы, яғни жұма күні туған ханиза. Түрі — Жұмагүл. Еркелетіп айту тұлғасы — Жүмаш.   ЖҮПАР - хош иіс.   ЖІБЕК - мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған.

ЗАҒИЛА - араб тілінен алынған зәхирә, зехира —  қазына, байлық, қымбат бағалы асыл;  сырт пішін, келбет, түр, мүсін. Синонимі — Зағира.   ЗАҒИПА - араб тілінен алынған сахиб — дос, жолдас, серік , «а» - қыз, әйел есімдеріне жалғасатын қосымша.   ЗАҒИРА  - (қараңыз: Зағила).   ЗАЙДА - иран тілінен алынған заиде, заид — өсуші, өркендеуші сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.   ЗАЙРА - араб тілінен алынған — заиыр (Зайер) — айқын, ашық, күдіксіз сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.   ЗАЙТУНА - бір түп зайтун жемісі, аса қымбатты, құрметті.   ЗАҚИРА - араб тілінен алынған закир — ескеруші есте сақтаушы сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.   ЗАМИЛИЯ - араб тілінен алынған замил — замандас, істес, әріптес, жолдас сөзіне «я» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.   ЗАМИРА - араб тілінен -   асыл арман, тәтті қиял, ой.   ЗАРА - иран тілінен алынған зар — алтын, сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.   ЗАРЕМА – жаңа  есім — За революцию мира сөздерінен қысқартылып жасалған есім.   ЗАРИНА – иран сөзінен зар — золото — зарина —  алтындаған, алтыннан жасалған әшекей;   алтын түстес, алтындай.   ЗӘКИЯ - араб тілінен алынған зәки —  өткір, зерек, сөзімтал;   ақылды, қабілетті сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.   ЗӘМЗЕГҮЛ - араб тілінен алынған  земзем — мол, көп, көл-көсір. Гүлді, гүлі мол деген мағынаны білдіреді.   ЗӘМЗАМИЯ - араб тілінен  — су тасушы.   ЗӘРИПА - араб тілінен алынған Зариф —  өткір ойлы, ақылды, зейінді;    әдемі, сүйкімді, көркем сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған әйел есімі.   ЗӘУРЕ - араб тілінен  —  жарқыраған;  Шолпан, таң жұлдызы. Дыбыстық өзгеріске түскен түрлері — Зура, Зухра.   ЗЕЙНЕП - араб тілінен алынған зайнаб — толық, етженді, мықты.   ЗЕЙНЕГҮЛ - араб тілінен алынған зейне — нұр, көрік, көркем, әшекей + гүл.  Яғни көркі гүлдей жайнаған сұлу, әдемі.   ЗЕМФИРА – грузин тілінен сапфир — асыл тастың бір түрі.   ЗЕРЕ - иран тілінен алынған зар — алтын сөзінің қазақ тілі дыбыстың заңына сай айтылуы.   ЗИБА - иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, әдемі, әсем. Дыбыстың өзгерген түрі — Зипа.   ЗИБАГҮЛ - гүл сияқты әдемі, сұлу.   ЗИЛА - араб тілінен  — таза, ашық, айқын.   ЗИНИРА - араб тілінен - безенген көрікті, көркем.   ЗИНИЯ - араб тілінен  - безенген, әшекейленген, сәнденген.   ЗИЯ - араб тілінен алынған зийна - жарық, сәуле.   ЗИЯГҮЛ - гүлдей жайнаған, құлпырған. Еркелете-қысқартып айтылатын түрі — Зияш.     ЗИЯДА - араб тілінен алынған зиада - артықша, ерекше, тамаша.   ЗУРА  - (қараңыз: Зәуре).   ЗҮБАЙДА - араб тілінен  - таңдаған, таңдаулы, ең жақсы,  нағыз іріктелген.   ЗҮБАЙРА - араб тілінен  - күшті, ақылды.   ЗҮЛФИЯ - араб тілінен  - бұйра шаш, сүйкімді қыздың әдемі сүмбіл шашы.   ЗҮМРАТ - иран тілінен  - қымбат, бағалы тас.   ЗЫЛИҚА - араб тілінен  - жасы кіші, туыс, қарындас. Дыбыстық өзгеру түрі — Зілиха, Зүлиха.

Индира......Ирада

ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай.   ИРАДА - араб тілінен алынған — ерік, ықылас.

Кабира......Күнсұлу

КАБИРА - араб тілінен алынған кабир —  ұлы, зор, үлкен;  маңызды, байыпты, салмақты.   КАРИНА - жаңа есім  — Карск теңізі атынан қойылған есім.   КӘМАЛИЯ - араб тілінен алынған камал — толықтық, жетіктік.   КӘРИМА - араб тілінен алынған карим — жомарт, мырза, ақкөңіл, кеңпейіл, сүйкімді.

КӘУСӘР – араб тілінен алькаусар –жұмақ көзінен жыққан су, яғни таза, мөлдір жан деген мағынаны білдіреді.

КЕЛБЕТ - көрік, ажар, әр, тұлға.   КЕНЖЕ - ең кіші, соңғы перзент. Түрлері — Кенжегүл, Кенжеқыз.   КЕҢЕСГҮЛ - жаңа есім  — Советтік елдің гүлі. Кеңес елінде туған бақытты бала.   КЕРІМБАЛА - керемет сұлу қыз бала.   КЛАРА - латын тілінен   — жарқын, айқын, нұрлы.   КҮБАРА - араб тілінен алынған кубра - үлкендер, ұлылар.   КҮЛАЙ - гүл және ай сөздерінен жасалған есім. Ай мен гүлдей боп жайнап, құлпырып тұрсын, әдемі болсын деп қойылған есім.   КҮЛАЙХАН - гүл + ай + хан, яғни гүл мен айдай әдемі, сұлу ханым. Қысқарған түрі - Күлән.   КҮЛАЙША - тәжік тілінен алынған  гул + қазақ сөзі айша. Ай сияқты әдемі, көркем.   КҮЛӘНДА - тәжік тілінен алынған  гуландом — гүлге ұқсас тұлға, нәзік денелі.   КҮЛӘСИЯ - иран тілінен алынған гул  + араб тілінен алынған әсия — емші, дәрігер қыз, гүл жайнаған көркем дәрігер қыз.   КҮЛБАҒИЛА - иран тілінен алынған гуль  + араб тілінен алынған багила ~ бахи — мәңгі, мәңгілік, мәңгі жасаушы + ла қосымша, яғни бағы гүлдей жайнаған мәңгі өмір сүруші, ұзақ ғұмырлы қыз деген мәнді білдіреді.   КҮЛБАҒИРА - иран тілінен алынған гул + багира , бәкір — зерттеуші, тергеуші, яғни ғалым, зерттеуші.   КҮЛБАЛА - кул (гул) + бала, гүлдей жайнаған сұлу да әдемі қыз бала.   КҮЛИРА - иран тілінен алынған гул  + араб тілінен алынған ира , ирода — ерік, ықтияр.   КҮМІСАЙ - қыз баланы күміс пен айға балай, күмістей жарқыраған аппақ сұлу, әдемі, аса көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.   КҮНАЙ - күн мен айдай болсын деп қойылған есім.   КҮНЖАМАЛ - күндей сұлу, көркем. Еркелетіп айтылған тұлғасы — Күнке.   КҮНСҰЛУ - күндей сұлу, әдемі.