
Абира......Асылтас
АБИРА - тәжік тілінен алынған абера — шөбере, шөбере қыз. АҒИЛА - араб және иран тілдерінен алынған агиля — ақылды, парасатты сөзінен жасалған. АҒЛИЯ - грек тілінен — сұлулық, көркемдік, салтанат. АДЛИЯ - тәжік тілінен алынған адл — әділдік, ақиқаттық + ия қосымша. АЖАР - көрікті, келбет, нұрлы; түр, өң. АЖАРГҮЛ - гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті. АЖАРХАН - көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы. АЗА - тәжік тілінен алынған азза — қымбатты, сүйікті, сүйкімді. АИДА - араб тілінен — пайда, сый. АЙБАЛА - ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім. АЙБАРША - қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз. АЙБИКЕ - екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді. АЙБИБІ – қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған биби — әйел, ханша деген мағынаны білдіреді. Бұл есім қыз бала сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылады. Түрлері — Бүбіш, Бүбіхан, Айбүбі, Бүбі. АЙГҮЛ – қазақтың сөзі ай — тәжіктің сөзі гул. Гүл сөзі тәжік тілінде роза деген мағынаны береді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген тілекпен қойылған. АЙҒАНША - қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді. АЙҒЫЗ - айдай сұлу, көркем қыз бала. АЙДАЙ - айдай сұлу, көркем. АЙДАНА – қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған дана - білгір, данышпан, ғалым. АЙДАРИЯ – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған дәриа - теңіз, үлкен өзен. АЙЖАМАЛ – қазақтың сөзі ай + араб тілінен алынған жамал — әдемі, сұлу, яғни айдай сұлу, әдемі болсын деген мәндегі есім. АЙЖАН – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған жан. Айдай сұлу, әдемі. АЙЗАДА - қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала. АЙЗЕРЕ - қазақ тілінен алынған ай + зере иран тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі. АЙЗИБА - қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зиба - сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу. АЙЗИЯ - қазақтың сөзі ай + зия - араб тілінен алынған зийна - жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу. АЙКҮМІС - қазақтың сөзі ай + күміс - сұлу, әдемі, көркем. АЙМАН – қазақ тілінен— белгілі, әйгілі, даңқты; араб тілінен - ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл. АЙМИРА – жана есім ай + орыс тілінен мир — бейбітшілік, тыныштық. Бейбіт, тыныштық болсын деген тілекпен қойылған есім. АЙНА - араб тілінен алынған аин — көз, қарақ, жүз көретін шыны, әйнек. АЙНАГҮЛ - тәжік тілінен алынған айна — жүз көретін қалың шыныдан жасалған зат. Пәктіктің, тазалықтың, адалдықтың символы ретінде көбіне қыз балаларға қойылатын есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Айнажан, Айнанұр, Айназия. АЙНАША - айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу. АЙНҰР - қазақ тілінен алынған ай + араб тілінен алынған нур — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті. АЙПАРА - қазақ тілінен алынған ай + иран тілінен алынған парә — пари — періште, сұлу; яғни Ай періштесі, Ай көрікті. Айрықша, ерекше, бөтенше. АЙСӘУЛЕ - екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылған. АЙСҰЛУ - екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім. АЙТОЛДЫ - бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған. АЙША - араб тілінен алынған гайшә — көне еврей тілінен айше - ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Түрлері — Ғайша, Қайша. АЙШАЙЫМ - Айша және айым сөздерінен қысқарған есім. АЙШОЛПАН - Ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім. АЙЫМ - менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім. АЙЫМГҮЛ - менін ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім. АЙЫМЖАН - айымдай жаным деген мағынада қойылған есім. АЙЫМША - ай сияқты жарык, ашық деген мағынада қойылған есім. АҚАЙША - аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім. АҚБАЛА - сұлу, әдемі қыз бала. АҚАРУ – жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім. АҚБӘТЕС - ақ және бәтес сөзінен қойылған кыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу. АҚБОТА - бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім. АҚЖІБЕК - Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған кыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған. АҚЗИЯ – қазақ сөзі ақ + араб тілінен алынған зия - жарық, сәуле, арай. АҚҚАЛ - қазақ тілінен алынған ақ + тәжік тілінен алынған хол - бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б. АҚҚЫЗ - аппақ, әдемі, сұлу қыз бала. АҚМАРАЛ - бұл есім сұлу анды қасиет тұтумен байланысты қойылған. АҚНӘЗІК – нәзік, мейрімді, әдемі қыз бала. АҚТАМАҚ - бейнелеу түрінде қойылған есім. АҚТОҚТЫ - төл аттарын балаға қою қазақ тұрмысында ертеден бар. АҚЛИМА - араб тілінен алынған ғәклыя — ақыл, сана, ес, ақыл парасаты. АЛҚА - асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл. АЛМА - қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Алмагүл, Алмақан, Алмажан. АЛТЫН - кобіне әйел адамдарға қойылатын есім. Бұған ай, гүл, бике, шаш, зер, т. б. сөздер қосылу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады — Алтынай, Алтынгүл, Алтыншаш т. б. АЛУА – араб тілінен алынған халва — тәтті дәм, тағам. Бала балдай болсын деген тілекпен қойған. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі — Қалуан. АМАН - сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады. АНАР - иран тілінен - қызыл түсті дәні бар алма тектес жеміс. Осы сөздің қосылуы арқылы жасалған есімдер .— Анаргүл, Анархан, Анаржан, Гүлнәр және т. б. АНИСА - араб тілінен алынған — жолдас, дос, жора. АРАЙША - арай сөзіне ша қосымшасының қосылуы арқылы жасалған есім. АРДАҚ - құрмет, қадір. АРНА - бір адамға бағыштау, арнайы қою. АРУ - сұлу, көркем. АРШАТ - араб тілінен - адал, таза, батыл, сенімді, қайырымды. АСИЯ - иран тілінен — қайырымды, мейірімді (әйел). АСЛИ - араб тілінен — нағыз, шын. Түрі - Аслия. АСПАЗИЯ - грек тілінен — қалаулы, әдемі, сүйкімді. АСЫЛ - араб тілінен алынған әсил - негіз, түбір, түп нұсқасы; шынайы, нағыз; қымбатты, ардақты.
АСЫЛЖАН - асыл және жан сөздерінен - мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді. АСЫЛША - асыл және шахзада сөздерінен жасалған есімнің қысқарған түрі.
АСЫЛТАС - қымбат бағалы тас.
АЯНАТ – араб тілінен ийан – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық.