
- •(Жүрек ақаулары кезінде жүрек аускультациясын жүргізу )
- •(Митралды қақпақша жетіспеушілігімен науқас)
- •(Митралды қақпақша стенозымен науқас)
- •(Қолқа қақпақшасы жетіспеушілігімен науқас)
- •(Қолқа қақпақшасы стенозымен науқас)
- •(Муляжда өкпе аускультациясын жүргізу)
- •(Жедел пневмониямен науқас)
- •(Бронх демікпесімен науқас)
- •Электрокардиограмма жазу әдісі
- •Артериалды қан қысымын өлшеу тәсілі
(Қолқа қақпақшасы жетіспеушілігімен науқас)
Студентке арналған ақпарат: Сіз ЖДА қабылдауындағы жанұялық дәрігерсіз. Сізге 28 жастағы аздаған физикалық күш түскенде ентігуге, жүрек тұсында стенокардиялық типтегі ауруға, бас айналуға шағымданатын науқас келді. Анамнезінен: жүрек ауруымен бала кезінен ауырады. Жүрек аускультациясын муляждан тыңдап, өз әрекетіңізді айтып отырыңыз. Алынған мәліметті бағалаңыз. Пациент мәселесін және осы патологияда жүргізілетін негізгі тексеру әдістерінің нәтижелерін қорытындылаңыз.
Экзаменаторға арналған ақпарат: Студентті төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
№ |
Бағалау критериилері |
Балл бойынша бағалау |
||
1. |
Жүрек аускультациясы кезектілігін сақтады ма (митралды клапан-жүрек ұшында, қолқа қақпақшасы төстің оң жағында 2-ші қабырға аралығында, өкпе бағаны- төстің сол жақ 2-ші қ/а. Үш ашпалы қақпақша-төстің семсер тәрізді өсіндісінің негізінде, қолқа қақпақшасы- Боткин-Эрба нүктесінде). |
1,0 |
0,5 |
0 |
2. |
І және ІІ тондарға сипаттама берді ме (әлсіреу және күшеюі, ІІ тон акценті, екіге бөліну, екі еселенуі). І және ІІ тондардың ең жақсы естілетін нүктелерін, қосымша тондардың болуын көрсетті ме. (Жүрек ұшында І тон және қолқа үстінде 2 тон әлсіреуі, сан артериясында Траубенің қос тоны) |
1,0 |
0,5 |
0 |
3. |
Жүректегі шуларға сипаттама берді берді ме: - систолалық н/е диастолалық (қолқада және Боткин-Эрба нүктесінде диастолалық шу, (протодиастолалық), пресистолалық Флинт шуы(функционалды митралды стеноз), Виноградов-Дюрозьенің қос шуы); - шудың белгілері (сипаты-жұмсақ,үрлейтін, күші-біртіндеп азаятын, ұзақтығы-ұзақ) - шудың орналасуы (ең жақсы естілетін нүкте-Боткин-Эрба және қолқа нүктесінде) - шудың таралу бағыты (төстің сол жиегі бойымен) |
1,0 |
0,5 |
0 |
4. |
Шудың жақсы естілетін жағдайын көрсетті ме ( науқас тұрған кезде). |
1,0 |
0,5 |
0 |
5. |
Алынған мәліметтер негізінде пациенттің мәселесін қортындылады ма (қолқа қақпақшасы жетіспеушілігінің аускультативті көрінісі). |
1,0 |
0,5 |
0 |
6. |
Осы клиникалық жағдайда студент пульс пен артериалды қысымның мүмкін өзгерістерін сипаттай алды ма (пульс жылдам, жоғары,үлкен, СААҚ жоғарылап, ДААҚ төмендейді, пульстік қысым жоғары). |
1,0 |
0,5 |
0 |
7. |
Осы клиникалық жағдайда студент рентгенологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма (жүректің қолқалық конфигурациясы, сол қарынша ұлғаюы, жүректің өрлеуші бөлімінің кеңеюі, оның пульсациясы күшеюі). |
1,0 |
0,5 |
0 |
8. |
Осы клиникалық жағдайда студент электрокардиологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма (сол қарынша гипертрофиясы белгілері, ЖЭО солға ығысқан, оң жақ кеуде әкетулерінде терең S тісшесі, сол жақ кеуде әкетулерінде R тісшесінің үлкен амплитудасы, S-T ығысуы мүмкін, Т тісшесі теріс). |
1,0 |
0,5 |
0 |
9. |
Осы клиникалық жағдайда студент эхокардиологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма (митралды клапанның алдыңғы қақпақшаларының диастола кезінде жыбырлауы) |
1,0 |
0,5 |
0 |
10. |
Осы клиникалық жағдайға тән қосымша мәліметтер бере алды ма (перифериялық артериялар пульсациясы белгісі- ұйқы (« каротид биі»), бұғана асты, иық, самай т.б.; «Мюссе белгісі», капиллярлы пульс «Квинке белгісі», үлкейген, солға ығысқан жүрек ұшы соққысы және т.б.) |
1,0 |
0,5 |
0 |
Өте жақсы - (90-100%) - 9-10 Жақсы – (75-89%) - 7,5-8,5
Қанағаттанарлық – (60-74%) - 6-7 Қанағаттанарлық емес- 5,5 және төмен
Станция бойынша максималды балл- 10
№ 2-4 Клиникалық жағдай