Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уч пос по кл бх для студентов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
437.25 Кб
Скачать

Липопротеин –х (Lp – х)

ЛП-Х ақаулы липопротеин, бауырда өттің тұрып қалуы (холестаз) кезінде қанда пайда болады. Денісау адамдарда ЛП-Х анықталмайды (ЛП-Х қанда болмауы қалыпты көрсеткіш ретінде бағаланады).

ЛП-Х құрамының жоғарылауы холестаз кезінде байқалады.

Гликозилирленген гемоглобин (НbAlc) (гемоглобин Alc, қан)

Гликозилирленген гемоглобин – посттрансляцилық ұйымдасатын гемоглобин. Глюкоза белоктармен (сонымен қатар гемоглобинмен) әсерлесе отырып, шиффтік негіз түзеді. Гемоглобиннің гликозидациялық дәрежесі анализге қанды алғанға дейінгі 4-6 апта кезеңінде глюкозаның орташа деңгейін бейнелейді.

Сонымен, қандағы глюкоза концентрациясының уақытша жоғарылауы қанда гликозилирленген гемоглобин құрамының артуы сияқты өзіндік «із» қалдырады. Гликозилирленген гемоглобин концентрациясын өлшеу қант диабеті кезінде гипергликемияның айқындығын ретроспективті бағалауға мүмкіндік береді.

HbAl 3 компоненттен тұрады: HbAlа, HbAlb, HbAlс. Мөлшерлік жағынан HbAlс басым.

Гликозилирленген гемоглобин (гемоглобин Alс) қандағы құрамының қалыпты көрсеткіші диабет еместерде 6 % азды құрайды.

Қант диабетімен ауыратындардың анықтау нәтижесін бағалау:

6 % төмен-көмірсу алмасуының реттелуінде бұзылудың болмауы;

8-9 % - көмірсу алмасуының қанағаттанарлық реттелуі;

9-12 % - көмірсу алмасуының реттелуі нашар;

12% жоғары - көмірсу алмасуының реттелуі өте нашар.

HbAl концентрациясының жоғарылауы қант диабетінде байқалады (5,5-8 % - жақсы компенсирленген қант диабеті, 8-10 % - жеткілікті компенсирленген қант диабеті, 10-12 % - біршама компенсирленген қант диабеті, 12 % көп – компенсирленбеген қант диабеті).

HbAl концентрациясының төмендеуі анықталады:

гемоглобиннің белсенді синтезінде;

қан жоғалтқаннан кейін эритропоэздің регенерациясында;

гемолизде.

Метгемоглобин (МtHb)

Метгемоглобинде темір үшвалентті күйге дейін тотығады және ауа оттегімен байланысуға қабілетті емес (оны қан арнасына өткізеді). Оның концентрациясының 10-20 г/л дейін артуы айқын цианоз туындатады.

МtHb қандағы құрамының қалыпты көрсеткіші 0,6-2,4 г/л (9,3-37,2 мкмоль/л) немесе қандағы жалпы гемоглобин массасының 0,0078±0,0037 бөлігін құрайды.

Қандағы метгемоглобин құрамының жоғарылауы байқалады:

тұқымқуалайтын туабіткен патологиялық жағдайларда (НАДН-редуктазаның, глутатионредуктазаның тапшылығында);

гемоглобин М ретінде белгіленетін, гемоглобиннің құрылымдық варианттарында.

Плазмада метгемоглобин құрамын зерттеу үшін тамырдан 4 мл қан алып, ЭДТА құйылған пробиркаға енгізеді, және зерттеуге зертханаға жеткізіледі.

Қандағы метгемоглобиннің қалыпты құрамы 1 % аз (2,4 г/л аз).

Қандағы метгемоглобин құрамының жоғарылауы улы метгемоглобинемия кезінде анықталады.

Жалпы белок

Жалпы белок – қансарысуындағы (плазма) белоктардың жиынтығы. Денісау ересек адамдардың қан плазмасында жалпы белоктың құрамы 65-85 г/л құрайды. 6 жасқа дейінгі балалардың плазмасында жалпы белоктың деңгейі 56-85 г/л. Жалпы белоктың концентрациясының төмендеуі «гипопротеинемия» (гипо-аз, белок-протеин), жоғарылауы – «гиперпротеинемия» терминімен белгіленеді.

Жалпы белок құрамының өзгеруі абсолюттік те, сондай-ақ салыстырмалыда сипатқа тән (су тепе-теңдігінің бұзылу салдарынан).

Ескертпе! Концентрация дәрежесіне дененің жағдайы және физикалық белсенділік әсер етуі мүмкін. Денені горизонтальды жағдайдан вертикальды жағдайға өзгерткен кезде жалпы белоктың концентрациясы жуық шамамен 10 %-ға 30 минут аралықта артады, сондай-ақ белсенді физикалық жұмыс жалпы белоктың деңгейін 10%-ға дейін жоғарылауын туындатады. Қан алатын кезде тамырды қысқанда және «қолмен жұмыс жасағанда» қансарысуында жалпы белок концентрациясының артуына әкелуі мүмкін.

Қансарысуында зерттеу. Қансарысуында жалпы белоктың қалыпты құрамы 1 айға дейінгі жаңатуылғандарда - 46,0-68,0 г/л, ересектердің жасында, алдында көрсетілгендей -65,0-85,0 г/л құрайды.

Қандағы жалпы белоктың концентрациясының абсолюттік (су тепе-теңдігінің бұзылуына байланысты емес) артуы («гиперпротеинемия») сирек кездеседі.

Байқалады:

плазмоцитомада (миеломдық ауру) жалпы белок концентрациясының артуы біршама байқалады –120 г/л дейін);

Вальденстрем ауруы;

ауыр тізбектердің ауруы;

лимфогранулематозда;

созылмалы полиартритте (айқындығы төмен);

белсенді созылмалы гепатитте;

өткір және созылмалы инфекцияларда;

аутоиммундық ауруларда;

парапротеинемиялық гемобластоздарда;

саркоидозда;

айқын емес бауырлық-жасушалық жетіспеушілікпен бауыр циррозында.

Салыстырмалы (относительный) (яғни, қан арнасындағы су құрамының азаюынан туындайтын) гиперпротеинемия ауру ағзасынан сұйықтықты жоғалту салдарынан туындайды:

ауыр күйіктер;

жайылған перитонит;

ішектің жүрмеуі (непроходимость);

тоқтаусыз құсу;

іш өту;

қантсыз диабет;

созылмалы нефрит;

көп терлеу кезінде.

Қан плазмасында жалпы белок концентрациясының азаюы (абсолюттік гипопротеинемия көрінісі ретінде) туындайды:

ағзаға белоктың жеткіліксіз түсуі (ашығу, тойып тамақ жемеу, өңештің тарылуы, асқазан-ішек жолдарының қызметінің бұзылуы, мысалы, энтериттер, энтероколиттер);

бауырдың созылмалы қабыну процесстерімен жүретін, белок биосинтезінің басылуы (гепатит, бауыр циррозы, интоксикация);

қанның жекелеген белоктарының синтезінің туабіткен бұзылуларында (анальбуминемия, Вильсон- Коновалов ауруы, басқада дефектопротеинемия-анағұрлым сирек);

ағзада белоктың ыдырауының артуы, қатерлі ісік ауруларында, ауқымды күйіктерде, қалқанша безінің қызметі артқанда, ісіктерде, жарақаттарда, гипергидратацияда, ұзақ уақыт кортикостероидтармен емдеген кезде, ұзақ уақыт дене қызуы көтерілгенде, безгекте және т.б. байқалады;

белоктың зәрмен бірге көп мөлшерде бөлінуі, нефротикалық синдромда, гломерулонефритте, қант диабетінде, созылмалы іш өткенде;

белоктың «үшінші» кеңістікке ауысуы, асциттің қалыптасуы, плевральдық экссудат, транссудат;

қан кету.

Қан плазмасында белок концентрациясының азаюы кейбір физиологиялық жағдайларда байқалады, мысалы, әйелдерде жүктіліктің соңғы айларында және лактация кезеңінде.

Қан плазмасында жалпы белок концентрациясы құрамының төмендеуі қан арнасындағы су көлемінің өзгеруіненде туындауы мүмкін (салыстырмалы гипопротеинемия).

Байқалады:

сулық салмақта («сумен уланғанда»);

зәрдің бөлінуі тоқталғанда;

диурездің азаюында;

бүйректің шығару қызметінің бұзылуымен ауыратындарға көп мөлшерде глюкоза ерітіндісін тамырішілік енгізген кезде;

ағзада судың ұсталуына мүмкіндік жасайтын гормонның, қанға жоғары мөлшерде секрециялануы (гипоталамустың антидиуретикалық гормоны).

Ликворда зерттеу. Ликвордағы жалпы белок құрамының қалыпты көрсеткіші 150,0 - 450,0 мг/л құрайды.

Жұлынмиы сұйықтығындағы жалпы белок концентрациясының жоғарылауы байқалады:

бактериальдық менингитте –20 г/л дейін;

туберкулездық менингитте –5 г/л дейін;

вирустық менингитте –1 г/л дейін;

энцефалитте – 4 г/л дейін;

компрессиондық синдромда – 40 г/л дейін;

полирадикулитте –20 г/л дейін.

Зәрде зерттеу. Зәрді 24 сағат бойы жинайды (консервант ретінде тұз қышқылын пайдаланбайды). Зерттеуге 20 мл зәрді оның жалпы мөлшерінен алады. Қалыпты жағдайда зәрмен бірге жалпы белоктың экскрециясы 1,10 г/т аспайды (нақты түрде анықталмайды).

Зәрдегі белоктың құрамының артуы байқалады:

гломерулонефритте;

нефротикалық синдромда;

өткір пиелонефритте;

жайылған миеломада.

Қақырықта зерттеу. Қалыпты жағдайда қақырықтағы белок құрамы 1,4 – 6,4 г/л құрайды.

Синовиальдық сұйықтықта зерттеу (буынішілік). Қалыпты жағдайда мұндағы жалпы белоктың құрамы 22 г/л аз, СРБ синовиальдық сұйықтықтағы құрамы – 5 мг/л азды құрайды.

Ұрықмаңы суында зерттеу. Жүктіліктің 9-14 аптасында ұрықмаңы суында жалпы белоктың құрамы 7 г/л аз, 35-40 аптада 11 г/л құрайды.

Көкірек сүтінде зерттеу. Қалыпты жағдайда мұнда жалпы белоктың құрамы 7-20г/л құрайды.