- •Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қр қазақ мма-дағы меджоо оқу - әдістемелік секциясы қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
- •Карағанды, 2008
- •1. Өткір фазалық белоктар
- •Альфа – фетопротеин (афп)
- •Фибриноген
- •Бета-2-микроглобулин
- •Ктт (көмірсу-тапшылық трансферрин)
- •Альбумин
- •Аі және в апопротеиндер
- •Бурштейн мен самая сынамасы
- •Миоглобин
- •І және т тропониндер
- •Гаптоглобин
- •Трансферин (сидерофилин)
- •Ферритин
- •Липопротеин –х (Lp – х)
- •Гликозилирленген гемоглобин (НbAlc) (гемоглобин Alc, қан)
- •Метгемоглобин (МtHb)
- •Жалпы белок
- •Гемостаз жүйесі
- •Анемиялардың клиникалық - зертханалық диагностикасы
- •Инсулинрезистенттілікті диагностикалау әдістері
- •Қант диабетінің диагностикасы
- •Глюкозаға толеранттылық тесті
Альфа – фетопротеин (афп)
Альфа-фетопротеин (альфа-1-фетопротеин) – сарыуыз қабында, бауыр мен асқазан-ішек жолдарында синтезделеді. Әсіресе көп мөлшерде сарыуыз қабында, ал оның атрофиясынан кейін – эмбрион бауырында түзіледі. Постнатальдық кезеңде білінбейтін, ұрықтың жатырішілік дамуы кезінде түзілетін, онкофетальдық антигендердің қатарына жатқызылады. АФП көптеген концентрациясы жүктіліктің 13-ші аптасында білінеді. АФП концентрациясының біршамасы ұрықтың қанында, осы белок деңгейінің артуы жүкті әйелдің қанында өтеді.
Тесттің клиника-диагностикалық маңыздылығы ананың қанында АФП деңгейі бойынша ұрық дамуындағы кемістіктерді, бірінші кезекте жаңа туылғандардың арасында 1/250-1/1000 жиілікте кездесетін және өлі тууға немесе толығымен кемтарлыққа алып келетін жүйке түтікшелерінің ақауларын (бас миы мен бастың бір бөлігінің болмауы, омыртқаның бөлініп кетуі және т.с.с.), сонымен қатар, ақыл-есі кем және көптеген физикалық кемтарлықтарымен сипатталатын және жаңатуылғандарда 1/700 - 1/800, ал үлкен ересек топтардағы аналардан жаңа туылатындарда 1/45-1/100 жиілікте кездесетін, тұқымқуалайтын хромосомдық ауруға жататын, Дауна синдромымен жүктіліктің қауіпті кезеңі мен идентификациясын анықтау болып табылады.
АФП анықтау тесті бауырдың бастапқы рагын (гепатомалар), аталық және аналық ұрық бездерінің эмбриональдық-жасушалық ісіктерін диагностикалау және емдеудің тиімділігін бағалау үшін қолданылады. Клиникалық практикада АФП биологиялық сұйықтықтар құрамынан зерттеу маңызды түрде гепатоцеллюлярлық ракты диагностикалау және емдеу мониторингісі үшін, сондай-ақ ұрықтың дамуындағы кемтарлықтарды айқындау үшін қолданылады.
Қан плазмасындағы АФП құрамының қалыпты көрсеткіштері:
балаларда бірден туылғаннан кейін– 33 000-100 000 U/ml (Ед/мл);
өмірінің алғашқы күнінде –100 Ед/мл аз;
келесі 6 ай аралығында қан плазмасындағы АФП құрамдық мәні ересектердің деңгейіне жуықтайды;
ересектердің плазмасында АФП концентрациясы 8 Ед/мл, немесе 6 мкг/л аз;
жүкті әйелдерде;
І триместрде –референттік мән аралығында (қалыпты интервалда);
ІІ және ІІІ триместрлерде -38-160 Ед/мл (28-120 мкг/л).
Жүктіліктің физиологиялық ағымы кезінде қан плазмасында АФП құрамының көрсеткіштерінің динамикасы келесідей: 4-8 аптада-7,0 U/ml (Ед/мл) аз; 9-14 аптада-30,0 аз; 15-21 аптада -30,0-140; 22-28 аптада-50,0-270; 29-37 аптада – 65-350; 38-41 аптада-35,0-250; 42 аптада -32,5-105 U/ml (Ед/мл).
Зерттеу үшін биологиялық материал қансарысуы болып саналады (1 мл).
Ересектердің плазмасында АФП концентрациясының жоғарылауы байқалады:
алғашқы бауыр рагы (80-95 % барлық жағдайларында);
жұтқыншақ, асқазан, ұйқы безі, тоқ ішек рактарында (асқазан, ішек, өт қабы, ұйқы безі рагында, әсіресе бауыр метастазымен пациенттерінде) – анғұрлым сирек;
ұрықтық (зародыш) ісіктерде – тератомаларда (30-70% барлық жағдайларында);
эмбриональдық карциномада;
«өсу жасушаларынан» тарайтын ісіктерде – семиномалар және дисгерминомалар;
Жасушалық элементтерінің регенерациясымен бірге жүретін бауырдың зақымдануында: егер АФП концентрациясы 10 Ед/мл артса, онда анализді 2-3 айдан соң қайталау қажет, себебі, ары қарай АФП деңгейінің жоғарылауы болды ма, жоқ па соны айқындау үшін (бұл әсіресе қажет, егер әңгіме бауыр рагының дамуына аса күдікті пациенттер туралы болса, яғни гепатит В, гемохроматоз кезінде);
бауыр циррозы және гепатитте (аздап жоғарылауы байқалады);
қант диабетінде.
Қанда немесе ұрықмаңылық сұйықтықтарда АФП құрамын анықтау жүктіліктің 14-ші және 18-ші апталарында жекелеген туабіткен патологияларды пренатальдық диагностиканы жүзеге асыру үшін өткізіледі. Осы тұста ананың қансарысуында АФП концентрациясының жоғарылауы тән:
жүйке жүйелерінің кемтар дамуында (анэнцефалия; олигогидрамнионда; «бифид белі» (жүйке түтікшелерінің ақауы));
іш қуысы мүшелерінің ақаулары;
гестоздар.
Ананың қан сарысуында АФП концентрациясының төмендеуі ұрықта Дауна синдромы кезінде байқалады.
