Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уч пос по кл бх для студентов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
437.25 Кб
Скачать

І және т тропониндер

Жүректік тропонин Т молекулалық салмағы 37 000 болатын белок. Ол жасушаның екі бөлігінде анықталады. 6 % жуығы цитозольде анықталады, ал басқа бөлігі саркомердің жіңішке талшықтарымен байланысты. Бұл таралу жүрек зақымдалуы кезінде тропонин Т-ң екіфазалық босатылуын негіздейді.

Қансарысуындағы тропонин Т құрамының қалыпты көрсеткіші– 0 – 0,1 мкг/л.

Қансарысуында тропонин Т құрамының жоғарылауы байқалады:

Миокард инфарктінде. Жүректік тропонин Т-ң құрамы миокард инфарктінен кейін 2-6 сағат аралығында жоғарылайды және аз дегенде 6 тәулікке дейін жоғары күйінде қалуы мүмкін; кейбір жағдайларда миокард инфарктінен кейін қанда тропонин Т-ң жоғары концентрациясы 20 тәулікке дейін байқалады. Қансарысуында тропонин Т-ң концентрация көрсеткіші 40 рет және қалыпты жағдайдың жоғарғы шамасынан анағұрлым артады (яғни миоглобин құрамының және жалпы креатинкиназдың, МВ – креатинкиназдың, лактатдегидрогеназдың белсенділік дәрежесінің артуына қарағанда, анағұрлым жоғары). Тропонин Т-ң жоғарғы деңгейінен қайталанған инфаркт айтарлықтай өзгерістермен жүрмеуі мүмкін. Сондықтан КК-МВ белсенділігін зерттеу бұл орайда анағұрлым пайдалы;

микроинфарктіде;

тұрақсыз стенокардияда;

теріарқылы қолқалық ангиопластикадан немесе қолқалық шунт жасаудан кейінгі миокардтың зақымдануы;

миокардитте.

Сирек түрде қаңқа бұлшықет миопатияларында кардиоспецификалық тропонин Т деңгейінің жоғарылауы байқалады; қаңқа бұлшықет нейрогендік атрофиясы кезінде мұндай жоғарылау байқалмайды.

Кейбір жағдайларда тропонин Т деңейінің жалған оң болып жоғарылауы қаңқа бұлшықеттерінің өткір және әсіресе созылмалы аурулары кезінде байқалады.

Кардиоспецификалық тропонин І миокардиальдық тропонин І әртүрлі үш изоформаларда болады.

Қансарысуында тропонин І қалыпты көрсеткіші –10 мкг/л аз.

Қансарысуында тропонин І құрамының артуы байқалады:

миокард инфарктінде (маңызды түрде). Кардиоспецификалық тропонин І-ң деңгейі миокард инфарктісі туындағаннан кейін 2-6 сағаттан соң жоғарылайды. Жүректік тропонин І құрамының өзгеру динамикасы инфарктің қалыптасуы басталғаннан кейін екіфазалық көріністе босап 15-24 сағаттан кейін бастапқы шегіне және 60-80 сағаттан кейін әйтседе жоғары болады. Тропонин І концентрациясы ұстамадан кейін, миокард инфарктіне әкеле отырып шамамен 7 тәуліктен қалыпты көрсеткішке соң келеді;

жүректің созылмалы ишемиялық ауруы;

қаңқа бұлшықетінің өткір зақымдануында (миокард инфарктіне қарағанда, онша маңызды емес).

Тропонин І тропонин Т-ға қарағанда, жүрек зақымдануында анағұрлым арнайы маркер.

Гаптоглобин

Гаптоглобин – гемоглобинмен байланысатын және оның зәрмен бірге шығып кетпеуінен қорғайтын арнайы белок (өткірфазалық протеин, транспротеин, гликопротеин). Қан эритроциттерінің гемолизінің күшеюі қанда гаптоглобин деңгейінің төмендеуімен бірге жүреді, ал стресстік, қабынулық және некробиотикалық жағдайлар, керісінше, гаптоглобулин құрамының артуына әкеледі (өткір фазалық белоктар сияқты).

Ересек адамдарда қан плазмасында (қансарысуында) жалпы гаптоглобин құрамының қалыпты көрсеткіші 0,3-2,0 г/л құрайды. Жаңатуылғандарда гаптоглобиннің концентрациясы өмірінің алғашқы 5 күнінде артады.

Қанда гаптоглобин құрамының жоғарылауы байқалады:

өткір қабынулық процесстерде;

ісіктерде;

нефротикалық синдромда.

Қанда гаптоглобин құрамының төмендеуі байқалады:

тамырішілік гемолизде;

медикаментоздық, мысалы, сульфонамидтердің немесе пиразолдың туындыларын қабылдағанда туындайтын (глюкозо-6-фосфатдегидрогеназдың жетіспеушілігі кезінде);

инфекциялық, мысалы, малярияда;

бауыр паренхимасының зақымдануы;

мальабсорбция синдромында.

Тағайындаудың ерекшелігі: гаптоглобин өткір фазалық белок болғандықтан, онда оны гемолиздің көрсеткіші ретінде дәл бағалау үшін қосымша СРБ және альфа1-қышқыл гликопротеинді анықтау талап етіледі.

Гаптоглобинді анықтауды анағұрлым жиі түрде гемолиз бен эффективті емес эритропоэздің ажырату диагностикасы үшін тағайындалады. Егер гаптоглобиннің концентрациясы нөлге жақын болса, онда гемопексинді анықтау керек. Егер бос гемоглобиннің гем және глобинге диссоциациясы кезінде түзілетін, бос гемнің концентрациясы > 6 мг/л құраса, гемопексиннің концентрациясы төмендейді. Гемопексиннің азаюы тамырішілік және тамырсыртылық гемолиздің сенімді критериі болып табылады.