Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уч пос по кл бх для студентов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
437.25 Кб
Скачать

Аі және в апопротеиндер

Липопротеиндердің - атерогендік (апо –В) және антиатерогендік (апо-АІ) белоктық жиынтықтарынан тұрады, соған байланысты осы екі класстың апобелоктарының деңгейі атеро-және антиатерогендік липопротеиндер арасындағы құрамы мен арақатынасын бейнелейді.

Әйелдерде апо-АІ құрамының қалыпты көрсеткіші шамамен 1,04-2,02 г/л, еркектерде - 1,08-2,25 г/л; әйелдерде апо-В құрамы - 0,6-1,17 г/л, еркектерде -0,66 -1,17 г/л.

Қанда апо-В және апо-АІ құрамын зертханалық зерттеулермен холестеролдың, тығыздығы төмен липопротеиндердің холестеролын, триацилглицериндердің деңгейін анықтауды толықтыру ұсынылады.

Апопротеиндерді зерттеу көрсеткіштері:

атеросклероздың қауіпті-факторларын анықтау;

орталық және шеткері қанайналымының бұзылуымен, қолқалық жетіспеушілігімен пациенттерді тексеру;

порфирия;

бүйрек ауруларымен, қант диабетімен, гиперурикемиямен, гипертониямен, семіздікпен ауыратын пациенттерді тексеру;

темекі тартатындарды тексеру;

ұзақ уақыт бета-тежегіштерді, гормональдық, контрацептивтік, диуретикалық терапияны қабылдаған пациенттерді тексеру.

апо АІ/ апо В қатынасы бойынша апопротеиндік профильді анықтау ұсынылады. Қансарысуында апо АІ қаншалықты көп және апоВ аз болса, жүрек-қантамырлары ауыруының даму айқындылығы төмен болады. Қаншалықты апо АІ / апо В коэффициенті аз болса, бұл қатер соншалықты көп. Қаншалықты коэффициент 1.1 артатын болса, атеросклероздың қатері төмен.

Бурштейн мен самая сынамасы

Бурштейн мен Самая сынамасы апо-В-құрамды липопротеиндердің, дәлірек бета-липопротеиндердің, пребета-липопротеиндердің және олардың қалдықтарының («ремнанттар») сынамасы болып табылады. Бауырда холестаздық процесстерді анықтау үшін және ағзада атерогендік бұзылуларды анықтайтын тест ретінде коллоидтық-қалдықтық сынама ретінде қоланылады. Зерттеу үшін қансарысуы пайдаланылады.

Бурштейн мен Самая сынамасының қалыпты көрсеткіштері 0,35-0,55 шартты бірлікте.

Бурштейн мен Самая сандық мәнінің жоғарылауы байқалады:

механикалық (обтурациялық) сарғаюда;

өткір гепатиттің соңғы фазасында;

атеросклерозда;

семіздікте;

қант диабетінде;

қалқанша безінің қызметі төмендегенде (гипотиреоз);

липоидтық нефрозда және т.б..

Постгепатиттік жағдайды бағалау үшін сынаманың ерекше мәні: ол бауырдың зақымдалуын айқындайтын жалғаз флокуляциондық сынама болып саналады.

Ескертпе. Тимолмен қиюластырылған Бурштейн және Самая сынамасы механикалық сарғаюды паренхиматоздық сарғаюдан ажырату үшін аса маңызды болып саналады. Паренхиматоздық сарғаю кезінде екі сынамада оң немесе тимолдық оң, ал Бурштейн және Самая сынамасы теріс. Механикалық сарғаю кезінде тимол сынамасы теріс (егер екіншілік гепатит жоқ болса), Бурштейн және Самая сынамасы күрт оң.

Миоглобин

Миоглобин – гемқұрамды белок, бұлшықет тінінде және қаңқа бұлшықет құрамында оның мөлшері көп.

Қансарысуында миоглобин құрамының қалыпты көрсеткіші құрайды: еркектерде 19-92 мкг/л (орташа есеппен 49±17 мкг/л), әйелдерде 12-76 мкг/л (орташа есеппен 35±14 мкг/л); әдетте 65-80 мкг/л аспайды. Жасы ұлғайған сайын қалыпты мәні біршама артады (олар қолданылған зерттеу әдісіне тәуелді: РИА, иммунонефелометрикалық, иммунофлюоресценттік).

Қан құрамында артуы (қансарысуында (плазмада) миоглобин деңгейінің жоғарылауы) байқалады:

миокард инфарктінде (миоглобин деңгейінің артуы креатинкиназа белсенділігінің өзгеруінен болады); қанда миоглобин құрамының жоғарылауы ауыспалы, миокард инфарктісі кезінде ауырсыну ұстамасы туындағаннан кейін 30 минут және 1 сағат арлығында байқалып және 2-3 тәулік бойына сақталады; миоглобиннің диганостикалық мәні оншалықты емес (54%), бірақ болжамдық мәні маңызды; миоглобиннің теріс мәні ауырсыну ұстамасынан кейін 12 сағат аралығында 98% дәлдікпен миокард инфарктін теріске шығарады;

қаңқа бұлшықеттерінің шамадан тыс ауырсалмағы (мысалы, спортпен шұғылданғанда);

электроимпульстік терапияда;

уремияда;

жарақаттарда;

құрысуларда;

бұлшықеттің қабынулық зақымдануында;

бұлшықет егулерінде (инъекция);

күйіктерде;

аса физикалық салмақта.

Краш-синдромында

Қансарысуында миоглобин құрамының төмендеуі байқалады:

полиомиозитте;

ревматоидтық артритте;

миастенияда (миоглобинге айналымдағы антидененің болу салдарынан).

Зәрде миоглобин құрамының (пайда болуы) артуы байқалады:

жүрек бұлшықеті немесе қаңқа бұлшықеттерінің зақымдануында;

екіншілік улы миоглобинурияда;

термиялық күйіктерде;

миокард инфарктінде;

ішімдікпен уланғанда;

балықтың кейбір сорттарымен уланғанда;

қаңқа бұлшықеттерінің шамадан тыс ауырсалмағы (мысалы, спортпен шұғылданғанда);

Краш-синдромында (бұлшықет массасының көптеп ыдырауында);

бүйректкрдің зақымдануында.

Ескертпе. Зәрдегі миоглобиннің концентрациясы бүйректің қызметіне байланысты.

Спорттық медицинада миоглобин спортшылардың дайындық деңгейін бағалау үшін анықталады. Жаттықтырылған спортшыларда миоглобиннің қансарысуына шығуы ұсталынып тұрады және спорттық форманы жоғалтқандарда жоғары.