
- •Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қр қазақ мма-дағы меджоо оқу - әдістемелік секциясы қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
- •Карағанды, 2008
- •1. Өткір фазалық белоктар
- •Альфа – фетопротеин (афп)
- •Фибриноген
- •Бета-2-микроглобулин
- •Ктт (көмірсу-тапшылық трансферрин)
- •Альбумин
- •Аі және в апопротеиндер
- •Бурштейн мен самая сынамасы
- •Миоглобин
- •І және т тропониндер
- •Гаптоглобин
- •Трансферин (сидерофилин)
- •Ферритин
- •Липопротеин –х (Lp – х)
- •Гликозилирленген гемоглобин (НbAlc) (гемоглобин Alc, қан)
- •Метгемоглобин (МtHb)
- •Жалпы белок
- •Гемостаз жүйесі
- •Анемиялардың клиникалық - зертханалық диагностикасы
- •Инсулинрезистенттілікті диагностикалау әдістері
- •Қант диабетінің диагностикасы
- •Глюкозаға толеранттылық тесті
Ктт (көмірсу-тапшылық трансферрин)
Бұл трансферриннің изоформасы, оның простетикалық тобында сиал қышқылы аз немесе мүлдем жоқ. Бауырда синтезделеді. Бұл белоктың көмірсулық бөлігінің бұзылу механизмі болмайды. Оның диагностикалық мәні – ішімдікке салыну маркері, қазіргі кездегі ең маңыздысы. КТТ тек қана ішімдікті созылмалы түрде қабылдағанда артады (50-80 г спиртті бірнеше аптада). Ішімдіктен бас тартқан кезде КТТ қалыпты жағдайға дейін 1-2 ай аралығында төмендейді.
Альбумин
Бауырда синтезделеді. Зерттеу үшін қансарысуы, жұлынмиы сұйықтығы (1 мл көлемнен артпау қажет) және зәр қолданылады.
Қансарысуын зерттеу. Қансарысуында альбумин құрамының қалыпты көрсеткіші -35-55 г/л.
Қансарысуында альбумин деңгейінің жоғарылауы нақты түрде кездеспейді, ал егер анықталатын болса, онда, қан арнасындағы су құрамының азаюынан туындайды (дегитратация). Тағыда гемоконцентрация, тамырішіне көп мөлшерде альбуминнің концентрленген «ерітіндісін» енгізген кезде байқалады. Сондай-ақ, ағзаның сусыздануы псевдогиперальбуминемияға, немесе біршама гиперальбуминурияға әкеледі.
Қансарысуында альбумин құрамының төмендеуі байқалады:
тағам өнімдерімен бірге белоктың жеткіліксіз мөлшерде түсуі (ашығу, өңештің стриктурасы және басқалар);
асқазан-ішек жолы шырышты қабығы арқылы белоктың ыдырау өнімдерінің сіңірілуі бұзылғанда (энтериттер, асқазанның ойық жарасына, онкологиялық ауруларына байланысты асқазанның бір бөлігін алып тастаған жағдайда);
альбумин синтезі төмендегенде (улы зақымдануда, бауыр циррозы);
белокты артығымен жоғалтқанда (қан кету): ішек қуысына (ішектің айналып кетуі, ойықжара колитінде, перитонитте), күйіктің беткейіне (көлемді күйік кезінде); аурудың зәрімен бірге, нефротикалық синдроммен бар ауруларында (бүйрек арқылы альбуминнің артық мөлшерде және плазманың жалпы белоктарының кейбір басқада фракцияларының бөлінуі), өткір және созылмалы гломерулонефрит; қан кету кезінде, «үшінші кеңістікке» шығуы (экссудаттар мен транссудаттардың түзілуі);
операциядан кейінгі жағдай.
Зәрді зерттеу (микроальбуминурияны анықтау үшін). Зәрді 24 сағат аралығында жинайды (тұз қышқылын қоспай). Анализге оның жалпы мөлшерінен 10 мл алынады.
Зәрдегі альбумин құрамының қалыпты көрсеткіші - 17,0 мг/л аз, тәуліктік экскрециясы – 0-30 мг/тәу..
Зәрдегі альбумин құрамының жоғарылауы байқалады:
гломерулонефритте (артериальдық қысымы жоғарылауымен жүретін);
нефротикалық синдромда;
пиелонефритте;
бүйрек тамырларының немесе төменгі қуыс тамыры тромбоздары;
диабеттік нефропатияда (қант диабетінің ерте фазасы қалыптасқан кезде);
жүйелік ауруларда (саркоидоз, амилоидоз, коллагеноздар).
Ликворды зерттеу. Ликворда альбумин құрамының қалыпты көрсеткіші -110-350 мг/л.
Жұлын-ми сұйықтығында альбумин құрамының жоғарылауы байқалады:
бактериальдық менингитте;
вирустық менингитте;
туберкулездік менингитте;
энцефалитте;
компрессиондық синдромда;
полирадикулитте.
Қан плазмасында альбуминді анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңыздылығы
Қалыпты жағдайда: 37-53 г/л
Гиперальбуминемия: жедел сусыздану, анаболикалық стероидтарды қабылдау.
Гипоальбуминемия: синтездің төмендеуі (бауыр циррозы, тойып тамақтанбау, мальабсорбция синдромы, анальбуминемия), катаболизмнің артуы (жарақат, инфекция, сепсис, безгек, ісіктер, гипоксия, Кушинг синдромы, гипертиреоз, гиперкортицизм), аномальдық жоғалтулар (шок, қан кету, энтероколиттер, нефротикалық синдром), патологиялық таралулар (операциялық араласулардан кейін, күйік кезінде, токсикозда, асцитте, плевритте).