- •Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қр қазақ мма-дағы меджоо оқу - әдістемелік секциясы қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
- •Карағанды, 2008
- •1. Өткір фазалық белоктар
- •Альфа – фетопротеин (афп)
- •Фибриноген
- •Бета-2-микроглобулин
- •Ктт (көмірсу-тапшылық трансферрин)
- •Альбумин
- •Аі және в апопротеиндер
- •Бурштейн мен самая сынамасы
- •Миоглобин
- •І және т тропониндер
- •Гаптоглобин
- •Трансферин (сидерофилин)
- •Ферритин
- •Липопротеин –х (Lp – х)
- •Гликозилирленген гемоглобин (НbAlc) (гемоглобин Alc, қан)
- •Метгемоглобин (МtHb)
- •Жалпы белок
- •Гемостаз жүйесі
- •Анемиялардың клиникалық - зертханалық диагностикасы
- •Инсулинрезистенттілікті диагностикалау әдістері
- •Қант диабетінің диагностикасы
- •Глюкозаға толеранттылық тесті
Фибриноген
Фибриноген бауырда синтезделеді. Фибриноген өткірфазалық белоктарға жатқызылады. Сонымен қатар қан плазмасында фибриноген концентрациясының жоғарылауы тромбоздың және жүрек-қантамырлары ауруының туындауы сияқты қатерлі факторы ретінде қарастырылады.
Қан плазмасында қалыпты жағдайда фибриногеннің құрамы 1.8,0-3,5 г/л (5,8-11,6 мкмоль/л) құрайды.
Қан плазмасында фибриноген құрамының артуы байқалады:
әртүрлі қабыну процесстерінде: өкпенің (пневмония); бүйректердің (нефротикалық синдром, өткір және созылмалы пиелонефрит, гломерулонефрит, гемолитикалық-уремикалық синдром); бауырдың; көк еттің (перитонит);
өткір фазалық реакцияларда (безгек, қабынулық және некроздық процесстер, инфекциялық ауру, өткір миокард инфаркті, жарақат, күйіктер, кең көлемді хирургиялық араласулар);
коллагеноздар;
сәулелік аурулар;
кейбір жерлерге жайылған қатерлі ісіктер, әсіресе өкпе рагы кезінде;
жүктілік және менструация кезінде қанда фибриноген деңгейінің физиологиялық артуы.
Плазмада фибриноген концентрациясының төмендеуі байқалады:
Фибриногеннің тұқымқуалаушылық ақауы (а- және гипо-фибриногенемия);
диссеминирленген тамырішілік қанның ұюы – ДТҚҰ (ДВС) – синдром (диссеминированный внутрисосудистый свертывания крови) (өткір және өткірлеу, латентті және созылмалы декомпенсация фазасында);
қанкетуден кейінгі жағдай; баласерігінің (плацента) жатыр қабырғасынын ажырап кетуімен сипатталатын жүктілік, ұрықмаңылық сумен эмболиясы кезінде;
коагулопатияны тұтынуда;
тромболитикалық терапияда;
дис-, гипо-, афибриногенемияда;
аспарагиназотерапияда;
шұғыл босануларда;
менингококктық менингитте;
метастазымен простатаның рагында;
лейкоздарда;
өткір және созылмалы бауыр жетіспеушілігінде;
бауырлық-жасушалық жетіспеушіліктің қалыптасу стадиясындағы бауыр ауруларында (бауырдың өткір сары атрофиясы; бауыр циррозы, гепатотроптық улармен улану);
сүек майы зақымдануымен жүретін ауруларда (сүек майының метастазы);
кейбір дәрілерді қолданғанда (фенобарбитал, стрептокиназа, урокиназа).
Қазіргі кезде көпсалалыорталықтандырылған эпидемиологиялық зерттеулердің негізінде жаңа мағлұматтар алынды, яғни фибриноген жүрек-қантамырлары ауруларының жаңа тәуелсіз қауіпті факторлары туралы жаңа көріністі тұжырымдайтын және клиникалық практикада келесі мақсатта оны анықтау ұсынылды:
Жүрек-қантамырлары ауруларының қауіпті топтарына жатқызылатын, жеке адамдарды ертерек анықтау
Жүрек-қантамырлары ауруларының ауырлығын анықтау
Миокрад инфарктісін немесе инсультті болжау
Емнің тиімділігін бағалау.
Бета-2-микроглобулин
Бета-2-микроглобулин. Нақты айтқанда ағзаның барлық ядролық жасушаларында синтезделеді. Қан плазмасындағы осы белоктың құрамы үнемі өтетін биосинтез процессіне және жасушалардың жекелеген элементтерінің бұзылуына негізделген. Бұл белоктың жаңалану жылдамдығы плазмада үнемі біркелкі.
Бета-2-микроглобулин бүйрек шумақтарында бос сүзіледі, бірақ қалыпты (физиологиялық) жағдайда бүйрек түтікшелерінің проксимальді бөлігінде қайта сорылады, мұнда ары қарай ыдырауға ұшырайды. Бүйрек түтікшелерінің қызметі бұзылған кезде бета-2-микроглобулин қан плазмасында төмендейді, ал оның зәрмен бірге бөлінуі артады.
Сондықтан зәрде бета-2-микроглобулинді анықтау тесті бүйрек түтікшелерінің зақымдалу дәрежесінің көрсеткіші ретінде қолданылады. Жаңа пайда болған қатерлі ісіктер кезінде қанда бета-2-микроглобулин құрамының артуына қарамастан, ісіктердің маркері ретінде оның деңгейін диагностикалық арнайы анықтау біршама аз.
Бета-2-микроглобулин тұрақсыз. рН-ы 5,5 аз және нейтрофильдер болған жағдайда оның құрамы төмендейді (бета-2-микроглобулинді бүлдіретін, нейтрофилдерде эластазаның болуы салдарынан).
Қанда зерттеу. Қалыпты жағдайда бета-2-микроглобулиннің жасы 60-қа жетпеген адамдардағы қансарысуындағы құрамдық көрсеткіші–2,4 мг/л аз, 60 жастан жоғары адамдарда –3,0 мг/л аспайды, зәрде 250 мг/л дейін.
Тағайындауға көрсеткіштер:
Лимфа жүйелерінің Ходжкин лиимфомасы, ходжкиндік емес лимфомасы, көпше түрдегі лимфомасы патологияларының ағымын бақылау және емдеу. Бүйрек аурулары (гломерулалық сүзілуі шектелген бүйрек зақымдануы, бүйрек трансплантатының сәйкес келмеуі (отторжение), бүйрек жетіспеушілігі (шумақтық сүзілуі 80 мл/мин аз));
өткір вирустық инфекциялар (кейбір жағдайларында);
Зәрде бета-2-микроглобулин құрамының жоғарылауы анықталады:
бүйрек ауруларында, олардың түтікшелерінің зақымдалуымен жүретін;
кадмий және сынаппен өткір және созылмалы интоксикациясында;
аминогликозидтармен улануда.
Сонымен, бета-2-микроглобулиннің құрамын анықтауды тест дагностикалық және лимфома, бүйрек зақымдалуы, олардың жетіспеушілігімен сипатталатын мониторингі ретінде қарастыруға болады.
