 
        
        - •Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қр қазақ мма-дағы меджоо оқу - әдістемелік секциясы қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
- •Карағанды, 2008
- •1. Өткір фазалық белоктар
- •Альфа – фетопротеин (афп)
- •Фибриноген
- •Бета-2-микроглобулин
- •Ктт (көмірсу-тапшылық трансферрин)
- •Альбумин
- •Аі және в апопротеиндер
- •Бурштейн мен самая сынамасы
- •Миоглобин
- •І және т тропониндер
- •Гаптоглобин
- •Трансферин (сидерофилин)
- •Ферритин
- •Липопротеин –х (Lp – х)
- •Гликозилирленген гемоглобин (НbAlc) (гемоглобин Alc, қан)
- •Метгемоглобин (МtHb)
- •Жалпы белок
- •Гемостаз жүйесі
- •Анемиялардың клиникалық - зертханалық диагностикасы
- •Инсулинрезистенттілікті диагностикалау әдістері
- •Қант диабетінің диагностикасы
- •Глюкозаға толеранттылық тесті
Глюкозаға толеранттылық тесті
| Көрсеткіші | Орындалуы | 
| - Ашқарында / кездейсоқ қандағы глюкоза деңгейін өлшеу кезінде күмәнді нәтижелер. - Күтпеген глюкозурия, сонымен қатар жүктілік кезінде. - Қандағы глюкоза деңгейінің қалыпты жағдайындағы қант диабетінің клиникалық белгілері. - Акромегалии диагностикасы | - Пациент 3 күн аралығында күніне құрамында 150 г көмірсуы бар жай тағамды қабылдау қажет. - жай физикалық салмақты сақтау. - Сынаманы ашқарында 8 немесе одан да артық уақыт тамақтанбаған жағдайда жүргізіледі. - Ашқарында қан плазмасындағы глюкоза деңгейін таңертең өлшеу. - 75 г глюкозаны 300 мл суға ерітіп, 5 минут алдын ішу. - Қан плазмасында глюкоза концентрациясын 2 сағаттан кейін анықтау (балаларға 1,75 г глюкоза/кг дене салмағының, бірақ 75 г артпау қажет). - тестті жүргізу уақытында пациент сабырлы болу қажет, темекі шекпейді, су ішпейді. Ескертпе! Глюкозаның орнына сахарозаны қабылдауға болмайды. | 
Түнгі гипогликемияны жіберіп алмау үшін, глюкозаны түнгі уақыттада зерттейді (сағат таңғы 3-те). Глюкозуриялық профиль үшін зәрді қанды зерттеу аралығындағы аралықта жинайды. Диагностикалық мәнділігі инсулинрезистенттілік синдромын ертерек анықтау міндеті болып табылады, яғни бұл ҚД 2 типін және оның асқынуларын бөлуге және емдеуге көмектесуі мүмкін.
Гликозилирленген гемоглобин – посттрансляциялық ұйымдасатын, гемоглобин. Глюкоза белоктармен (сонымен қатар гемоглобинмен) әсерлесе отырып, шиффтік негіз түзеді. Гемоглобиннің гликозидациялық дәрежесі анализге қанды алғанға дейінгі 4-6 апта кезеңінде глюкозаның орташа деңгейін бейнелейді.
Сонымен, қандағы глюкоза концентрациясының уақытша жоғарылауы қанда гликозилирленген гемоглобин құрамының артуы сияқты өзіндік «із» қалдырады. Гликозилирленген гемоглобин концентрациясын өлшеу қант диабеті кезінде гипергликемияның айқындығын ретроспективті бағалауға мүмкіндік береді.
HbAl 3 компоненттен тұрады: HbAlа, HbAlb, HbAlс. Мөлшерлік жағынан HbAlс басым.
Гликозилирленген гемоглобин (гемоглобин Alс) қандағы құрамының қалыпты көрсеткіші диабет еместерде 6 % азды құрайды.
Қант диабетімен ауыратындардың анықтау нәтижесін бағалау:
6 % төмен-көмірсу алмасуының реттелуінде бұзылудың болмауы;
8-9 % - көмірсу алмасуының қанағаттанарлық реттелуі;
9-12 % - көмірсу алмасуының реттелуі нашар;
12% жоғары - көмірсу алмасуының реттелуі өте нашар.
HbAl концентрациясының жоғарылауы қант диабетінде байқалады (5,5-8 % - жақсы компенсирленген қант диабеті, 8-10 % - жеткілікті компенсирленген қант диабеті, 10-12 % - біршама компенсирленген қант диабеті, 12 % көп – компенсирленбеген қант диабеті).
	 
		
