Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уч пос по кл бх для студентов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
437.25 Кб
Скачать

Қант диабетінің диагностикасы

Қант диабетін анықтау тиімділігін арттыру үшін диабеттің жіктелуі және диагностикасы бойынша Халықаралық эксперттік комитеті денісау популяцияда диабетті тесттілеудің келесі критериилерін ұсынады (1998 ж.): жасы 45 тен асқандар (тексеру үш жылда 1 рет), анағұрлым ерте жаста – семіздік, диабет бойынша тұқымқуалаушылық салмақ, анамнезінде гестациондық диабет кезінде, салмағы 4,5 кг артық туылған балалар, гипертония, гиперлипидемия, ерте анықталған глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы.

Жаңа ұсыныстарға сәйкес, қант диабетінің диагностикалық критериилері келесідей:

 Диабет симптомы оған қоса қан плазмасындағы 11,1 ммоль/л артық глюкоза деңгейін кездейсоқ анықтау.

 Ашқарында қан плазмасындағы глюкоза деңгейі 7,0 ммоль/л артық.

 2 сағаттан кейін 75 г глюкозамен толеранттылық тестін жүргізгеннен кейін қанда глюкоза деңгейі 10,0 ммоль/л артық, плазмада –11,1 ммоль/л артық. Диабеттің диагностикасы үшін кеотірілген 3 критериидің 2-і жеткілікті.

Глюкозурия диагнозды қою үшін қолданылмайды, себебі түтікшелік сорылудың бұзылуының нәтижесінде зәрде глюкозаның пайда болуы мүмкін, тіпті қанда оның қалыпты концентрациясы кезінде де.

Түсініксіз жағдайда глюкозаға толеранттық тестін жүргізу қажет (ГТТ). Бүкілодақтық денсаулық сақтау ұйымы (БОДСҰ) ГТТ және «қант диабеті» диагнозын қою үшін немесе «глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы» критериилері туралы (1-ші кесте) ұсыныс өңдеді (1999 ж).

Сонымен, қант диабеті диагнозы ашқарында қан плазмасында глюкоза деңгейі  7,0 ммоль/ және капиллярлық қанда -  6,1 ммоль/л артқан кезде қойылуы мүмкін.

Глюкоза концентрацясының диагностикалық деңгейі (ммоль/)

Диагноз

Сынаманы алу кезінде

Қан

Тамырлық қан плазмасы

тамырлық

капиллярлық

Қалыпты

ашқарында

3,3-5,5

3,3-5,5

4,0-6,1

глюкозалық салмақтан кейін 2 сағаттан соң

<6,7

<7,8

<7,8

Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы

ашқарында

<6,1

<6,1

<7,0

глюкозалық салмақтан кейін 2 сағаттан соң

6,7 и <10,0

7,8 и <11,1

7,8 и <11,1

Қант диабеті

ашқарында

6,1

6,1

7,0

глюкозалық салмақтан кейін 2 сағаттан соң

10,0

11,1

11,0

Кейбір пациенттерде глюкоза деңгейі жоғары, бірақ ол қант диабеті ретінде жіктелетін мәнге жетпейді. Бұл жағдайда «глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы» туралы айтады. Мұндай жағдайда диабет туралы айтуға болмайды, алайда бұндай ауруларға көңіл қою қажет, олар көмірсулары шектетілген диетаны ұстауы қажет. Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуымен пациенттердің арасында жыл сайын 2-4 % -да қант диабеті дамиды, осыншама пациенттер толығымен қалпына келеді. Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуымен пациенттердің арасында, сондай-ақ диабетпен ауыратындардың арасында, инсульт пен миокард инфарктінің даму қауіптілігі жоғары.

ГТТ диагноз түсініксіз болған жағдайда жүргізіледі. Егерде «қант диабеті» диагнозы клиникалық бейнесі жағынан және тамақтан кейін немесе ашқарында глюкоза деңгейі артқандығында күмән болмаса, онда ГТТ жүргізу көрсетілмейді, яғни бұл тест ұйқы безінің қызметі үшін бәрібір емес. ГТТ жүргізу үшін көрсеткіштер мен оның хаттамасы 17-ші кестеде көрсетілген.

Акромегалияның диагностикасы кезінде және глюкозурия себептерін айқындау кезінде қанның сынамасы 30 минуттық интервал бойынша алынуы мүмкін.

Қант диабетімен ауыратындарға емді таңдау кезінде гликемиялық және глюкозуриялық профильдерін жүргізу тағайындалады. Профильді тағайындау қантты төмендетуші терапияның көлемі мен түрін таңдау үшін қажет. Глюкозаны зерттеу әрбірбір тамақтану алдында, таңертеңгңлңк, түскі, кешкі және жатар орын алдындағы астан кейін 120 минуттан соң жүргізіледі.