Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Хир.бол.ОМ. каз- 14-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.11 Mб
Скачать

5. Оқудың және оқытудың әдістері:

1.Ауызша сұрау;

2. Науқастарды қарауға қатысу;

3.Тақырыпқа сай науқастарды мысал ретінде зерттеу және талдау;

4.Тақырыптық науқастарды курациялау ( тәжірибелік дағдыларды меңгеру және машықтану, шағымдарды, анамезін жинау, клиникалық қарау, таңулар мен операцияларға қатысу);

5.Шағын топтармен жұмыс жасау, ролдір ойындар, кейс-стади;

6.Тақырып бойынша СӨЖ, презентация, дискуссия;

7.Дидактикалық материалдармен жұмыс жасау, тесттерді және ситуациялық есептерді шешу.

6. Әдебиет:

6.1 Негізгі:

1. Нұрмақов А.Ж. Хирургия //Алматы: Эверо, 2009. – 420 с.

2. Кузин М.И. Хирургические болезни //М.: «Медицина», 2005. – 784с.

3. Нурмаков А.Ж., Нурмаков Д.А. Хирургические болезни //Алматы: Эверо, 2009. – 476с.

4. Клиническая хирургия: национальное руководство + СД: в 3-х томах. - М.: ГЭОТАР-Мед. -2008. Т. 1. – 864 с.

6.2 Қосымша:

1. Панцырев Ю. М. Клиническая хирургия. Москва, 1988.

2. Петровский Б.В. Хирургическая пульионология.. Москва, 1972.

3. Частная хирургия. Том 2. /Под ред. Шевченко Ю. Л. Санкт-Петербург, 2000.

С 13-31.

  1. Руководство по хирургии легких. Том 1. /Под редакцией А. Е. Борисова. Санкт- Петербург, Скифия, 2003. - 560 с.

  2. 1. Абдрахманов Е.А. Хирургия эхинококкоза и альвеококкоза. Алма-Ата, 1981.

  3. 2. Панцырев Ю. М. Клиническая хирургия. Москва, 1988.

  4. 3. Петровский Б.В. Хирургическая гепатология. Москва, 1972.

  5. 4. Алиев М.А. Осложненный эхинококкоз органов брюшной полости, Алматы, 1996.

  6. 5. Частная хирургия. Том 2. /Под ред. Шевченко Ю. Л. Санкт-Петербург, 2000. - С 13-31.

  7. 6. Руководство по хирургии печени и желчевыводящих путей. Том 1. /Под редакцией А.Е. Борисова. Санкт- Петербург, Скифия, 2003. - 560 с.

7. Бақылау: ауызша сұрау, тестік тапсырмалар, ситуациялық есептер.

Тестік тапсырмалар:

1. П. А. Куприяновтың жіктелуі бойынша-гемоторакстар; кіші, орташа, көлемді және тотальді болып бөлінеді. Орташа гемоторакс дегеніміз не?

  1. плевра қуысының қанмен толуы

  2. синустардың толуы

  3. сұйықтық деңгейі жауырын бұрышына дейін

  4. сұйықтық деңгейі жауырынның жоғарғы бұрышына дейін

  5. сұйықтық деңгейі жауырынның ортаңғы бұрышына дейін

2. Газ алмасудың айқын бұзылуы қандай ағзаның зақымдалуында болады:

  1. кеуде

  2. құрсақ

  3. торакоабдоминалды

  4. люмбоабдоминалды

  5. ішпердеден тыс кеңістік

3. Ашық пневмотораксқа тән тыныс?

  1. парадоксалды тыныс

  2. Чейна-Стокс тынысы

  3. амфорикалық тыныс

  4. Биотт тынысы

  5. Куссмауля тынысы

4. Клапандық пневмоторакстың пайда болу механизмінің себептері?

  1. өкпе тінінің зақымдалуымен бірге бронхтың жыртылуы

  2. өкпе паренхимасының тесіп-кесілген жарақаты

  3. өкпенің ұрып соғылуы кезінде

  4. өкпенің беткейлік жыртылуында

  5. барлығы дұрыс

5. Гемопневмотораксты және оның деңгейін анықтап емдеу тактикасын шешу мақсатында тиімді диагностикалық әдіске жатады:

  1. рентгенологиялық

  2. спирографиялық

  3. ульрадыбыстық зерттеу

  4. торакоскопиялық тексеру

  5. бронхоскопиялық

6. Плевра қуысына қанның тоқтаусыз ағып тұрғанын анықтайтын қарапайым зерттеу тәсілі:

  1. Ривель-Грегуар сынамасы

  2. Валисав сынамасы

  3. Кауфмана сынамасы

  4. тыныс алуды тоқтату сынамасы

  5. физикалық жүктеме түсіру сынамасы

7. Кеуденің тесіп өткен жарақаты кезіндегі жиі кездесетін симптом:

  1. пневмоторакс

  2. жарадан қан кету

  3. төс артылық тыныс

  4. тері астылық эмфизема

  5. қанмен қақыру

8. Науқас құрғақ жөтелге, терлегіштікке, жалпы әлсіздікке, субфебрильді температураға шағымданады. Рентгенограммада оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде гомогенді емес көлеңке анықталады. Сіздің алдын-ала қойған диагнозыңыз?

  1. өкпе туберкулезі

  2. өкпе рагы

  3. оң жақ өкпедегі бөгде дене

  4. оң жақ өкпеденің жоғарғы бөлігінің эхинококкозы

  5. бронхоэктатикалық ауру

9. Рентгенограммада өкпеде шеттері анық дөңгелек пішінді көлеңкелі түзіліс анықталады. Осы көрініс қандай ауруға тән?

  1. өкпе эхинококкозы

  2. өкпенің жалған ауалы кистасы

  3. өкпе абсцессі

  4. өкпе аспергиломасы

  5. өкпенің ошақты пневмониясы

10. Өкпе тінінің қуыс түзетін шектелген іріңді қабынуы::

  1. жедел өкпе абсцессі

  2. өкпе тінінің гангренасы

  3. жедел пневмония

  4. Некрэктомия

11.Эхинококктың жұмыртқасы (онкосфера) бауырға не арқылы түседі:

  1. бауыр артериясымен

  2. лимфа жолдарымен

  3. қақпа венасымен

  4. артерио-венозды анастамозбен

  5. бауырдан тыс өт жолдарымен

12. Бауыр эхинококкозының клиникалық көрінісі:

  1. оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезім

  2. оң жақ қабырға астындағы үнемі мазалайтын ауру сезімі

  3. жүрек айну, тәбетінің болмауы

  4. үнемі аштықты сезіну

  5. денесінің қызарып қышынуы

  1. Бауырдың эхинококктық кистасының хирургиялық еміне жатады:

  1. марсипулизация

  2. кистаны пункция жасап кейін дренаж қалдыру

  3. цистоеюноанастамоз салу

  4. қалдық қуысты «капитонаж» жасау

  5. фиброзды қабатымен бірге алынған эхтнококкэктомия жасау

14.Альвеококкоздың хирургиялық емі болып:

  1. бауыр резекциясы

  2. резекциямен қоса түйіндерді сылып алып тастау

  3. кистаны ашу және дренаждау

  4. марсипулизация

  5. некрэктомия

  1. Бауыр эхинококкозы кезінде сарғаюдың себептері:

  1. өт жолдарына кистаның жарылуы

  2. өт жолдарын басып тастау

  3. холелитиаздың қосарланып жүруі

  4. кистаның іріңдеуі

  5. эхинококкоздың қайта дамуы

  1. Бауыр эхтнококкозының рецедивін болдырмау мақсатында қолдануға болады:

  1. рентгенотерапия

  2. бильтрицид

  3. кең спектрлі антибиотик

  4. зентел

  5. Е- аминокапрон қышқылы

  1. Идеалды эхинококкэктомия дегеніміз:

  1. кистаны ашып ішіп тазалау

  2. кутикулярлы қабатын фиброзды қабатымен бірге алып тастау

  3. кутикулярлы қабатын бұзбай кистаны алып тастау

  4. кистаны ағзаның бір бөлігімен қоса алып тастау

  5. құртты қабатымен бірге алып тастап, қалған қуысты тігу

  1. Эхинококкэктомиядан кейін операциядан кейінгі асқынуларға жатады:

  1. көкет астындағы іріңдіктің дамуы

  2. қалдық қуыстың іріңдеуі

  3. қан кету

  4. диспепсиялық синдром

  5. терінің қызарып бөртуі

  1. Бауыр альвеококкозының жиі орналасатын жері:

  1. оң жақ бөлігінде

  2. сол жақ бөлігінде

  3. бауыр қақпасында

  4. өт қабында

  5. өт жолдарында

  1. Бауыр эхинококкозын алдын-алу мақсатында қолданылады:

  1. антибилтиктерді қабылдап тұру

  2. жеке гигиенаны сақтау

  3. ауыл тұрғындарын иммунизациялау

  4. ет өнімдерін термиялық өңдеу

  5. емдік дене шынықтырумен айналысу

Ситуациялық есептер:

Есеп № 1

Науқас Р., 55 жаста осыдан 3 жыл бұрын сол жақ өкпенің қатерлі ісігіне байланысты кеңейтілген пульмонэктомия жасалған. Операциядан кейінгі кезеңде қалған қуыстың жедел эмпиемасы дамыған. Осыдан кейін ұзақ уақыт бойы дренажды түтіктен ірің бөлініп жүрген. Қазіргі кезде сол жақ кеуде клеткасында ортаңғы қолтық асты сызығы бойымен 5 қабырға аралықта көлемі 5 мм болатын жылангөз бар, одан шырышты – іріңді бөлінді ағады. Оң жақ қырына жатқызғанда іріңді қақырықпен жөтел пайда болады.

Рентгенологиялық: қалдық қуыс анықталады, кеуде аралық солға ығысқан, сол жақ күмбезі тартылған, деформацияланған, төменгі жағында сұйықтық деңгейі анықталады. Сіздің диагнозыңыз? Диагнозын дәлелдеу үшін қандай диагностикалық тексерулер жүргізесіз?

Есеп № 2

Науқас Х, 25 жаста 1998 жылдың наурызында оң жақ өкпесінің жарақаттануымен бірге кеуде клеткасының көптеген пышақпен жарақатына байланысты операция жасалған. Операциядан кейінгі кезеңде оң жақ плевраның жедел эмпиемасы және пышақ тиген операциялық жараларының біреуінің іріңдеуі дамыған. Толық және жергілікті консервативті емдеуге қарамастан жалпы улану белгілері мен дренаждан ірің ағу 3 ай бойы сақталды.

Ауруханаға түскен кезде оң жақ кеуде клеткасында 6 қабырға аралығында алдыңғы-бүйірлік торакотомиядан кейінгі тыртық анықталады, ал 4 қабырға аралықта парастернальді сызық бойымен ұзындығы 3-4 см болатын тыртық бар, оның ортасында қою іріңді бөліндісі бар жыланкөз анықталады. Жыланкөзді қарағанда оның түбі 4 қабырғамен аяқталады, айналасындағы жұмсақтіндер қызарған. Дене температурасы субфибрильді. Рентгенограммада: оң жақ плевра қуысында шектелген сұйықтық анықталады.

Сіздің диагнозыңыз? Плевраның жедел эмпиемасынан созылмалы түріне ауысуына қандай себептер болды және қандай қосымша зерттеу тәсілін жүргізесіз?

Есеп № 3

Науқас Н., 34 жаста оң жақ плевраның эмпиемасымен ауруханаға түсті. Осыдан 3,5 ай бұрын оң өкпесінің деструктивті пневмониясымен емделген, сол кезде плевраның эмпиемасымен асқынған. Оң жақ плеврада орналасқан дренаждан іріңді бөлінді мен ауа шыққаны анықталады. Науқасты сау қырына жатқызған кезде іріңді қақырықпенен жөтелі күшейеді. Эмпиемалық қуысты тазалаған кезде науқаста жөтел пайда болады. Рентгенограммада: оң жақ бөлігінде аздаған сұйықтық деңгейі және оң өкпенің 1/3 бөлігінің кішірейгені анықталады.

Жергілікті емнің әсерінің болмау себебі? Осы асқынуды қандай зерттеу әдісімен дәлелдеуге болады? Емдеу тактикаңыз?

Есеп №4

Хирургияның қабылдау бөліміне ішінің қатты ауруы синдромымен 28 жастағы науқас келіп түсті, ауруы осыдан 1 сағат бұрын ауыр жұмыстан кейін басталған. Аурухана түскеннен кейін 15 минут өткеннен соң денесінде қызарған бөртпелер пайда болып дене температурасы жоғарылап қышыну қосылды. Науқас ауылды жерде тұрады, үйінде ірі қара мал ұстайды. Обьективті: Тері жабындысы құрғақ, терісінде көптеген бөртпелер бар. Пульсі минутына 100 рет, АҚ -90/60 мм.сн.бағ. Тілі ылғалды, жабындымен қапталған. Іші симметриялы, пальпация жасағанда оң жақ жартысының ауру сезімі мен бұлшық еттерінің ширығуы анықталады. Іш пердесінің тітіркену симптомы оң. Құрсақ қуысының шолымалы рентгенографиясында патологиясы жоқ. УДЗ бауырының оң жақ жартысында дөңгелек пішінді көлемі 10-12 см болатын түзіліс анықталады. Эритроцит-4,2 х 1012/л, лейкоцит-7,8 х 109/л, эозинофил – 12. Сіздің алдын – ала қойған диагнозыңыз? Науқасты емдеудегі тактикаңыз?

Есеп №5

35 жастағы науқас, қабылдау бөліміне ішінің ауыруымен, дене температурасының жоғарылауымен (4 күннен бері), әлсіздікке шағымданып түсті. Ауылды жерже малшы болып жұмыс істейді.

Обьективті: Есі бүтін, белсенді. Тері жабындылары қалыпты, таза. Пульсі минутына 100 рет, АҚ -120/80 мм.сн.бағ. Іші симметриялы, пальпация жасағанда эпигастрий аймағында тығыз консистентциялы, шеттері тегіс, шамалы ауыратын ісік тәрізді түзіліс анықталады. Іш пердесінің тітіркену симптомы теріс. УДЗ бауырдың сол жақ бөлігінде дөңгелек пішінді көлемі 15 см болатын қуысты түзіліс анықталады. Лейкоцит-18,0 х 109/л, эозинофил – 8. Сіздің алдын – ала қойған диагнозыңыз? Науқасты емдеудегі тактикаңыз?

Есеп №6

57 жастағы науқас ауруханаға оң жақ қабырға астындағы түйіліп ауру сезіміне,

әлсіздікке шағымданып түсті. Қалаға жақында көшіп келген, 20 жасынан бастап Якутияда жұмыс істеп, сол жерде тұрған. Объективті: Науқастың жалпы жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық, тері жабындылары және склерасы аздап сарғайған, арық, пульсі минутына 72 рет, АҚ 130/80, іші симметриялы, мезогастрий аймағында, бауырдың сол жақ бөлігі беті тегіс емес тығыздалған, ауырмайды. УДЗ-да бауырдың сол жақ бөлігі ұлғайған, оның паренхимасын диаметрі 0,5-1 см болатын ұсақ ұяшықтар құрайды, ішіндегі сұйықтығы біркелкі емес. Билирубин 98 мкмоль/л, тура 48, тура емес 50, АЛТ 1,4, АСТ 1,0. Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз? Науқасқа тағы да қандай қосымша тексерулер жүргізу керек? Сіздің тактикаңыз?

Есеп №7

52 жастағы науқас емханаға өзі анықтаған іштегі ісіктәрізді түзіліске шағымданып

қаралуға келді. Анамнезінен: 4 жыл бұрын науқас ауыр перфорациямен өткен бауырдың эхинококкты кистасы бойынша операция жасатқан.

Объективті: Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Науқас көп тамақтанады. Іші симметриялы, керілмеген. Пальпацияда оң мезогастриде 10х13 см аз қозғалмалы, шеттері қызғылт, тығыз эластикалық консистенциялы, домалақ пішінді, ауру сезімсіз ісіктәрізді түзіліс анықталды. УЗИ-де: құрсақ қуысының оң жақ мезогастрий аймағында жіңішке ішектік шажырқайдан шығатын 10х12 см қуысты түзіліс көрінеді. Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз? Сіздің келесі іс-әрекетіңіз?

Есеп №8

44 жастағы науқас диагностикалық орталыққа аяқастынан анықтаған эпигастрий аймағындағы ісіктәрізді түзіліске шағымданып келді. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Объективті: пальпацияда эпигастрий аймағында 10-12 см қозғалмайтын шеттері анық дөңгеленген, ауру сезімсіз ісіктәрізді түзіліс анықталды. Сонымен қатар бауырдың ұлғаюы (қабырға доғасынан 2,5-3,0 см шығып тұрады) анықталады. Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз? Қорытынды диагноз қою үшін науқасқа қандай зерттеу әдістерін жүргізу керек?

1. Тақырып №9 Тік ішектің аурулары.

2. Мақсаты: Тік ішек ауруларын (Геморрой. Тік ішектің түсуі. Жедел және созылмалы парапроктит. Артқы өтістің жедел және созылмалы сызаттары. Эпителиалды-құйымшақтық жол (жыланкөз)) диагностикалау және емдеу әдістерін оқытып үйрету.

3. Оқыту міндеттері

3.1 Білімді қалыптастыру

- Этиология, патогенез және классификациясы бойынша;

- Тік ішек ауруларының клиникалық ағымы бойынша;

- Дифференциалды диагностика және лабораторлық аспаптық зерттеу бойынша;

- Тік ішек ауруларының оперативті емдеуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер;

- Тік ішек ауруларының асқынулары бойынша.

3.2. Коммуникативті компетенцияны қалыптастыру:

- Науқастармен қарымқатынасының эффективтілігі бойынша;

- Науқастың туыстарымен және жақын адамдарымен қарым-қатынасы;

- Курстастар, дәрігерлер және медициналық қызметкерлермен қарым-қатынасының эффективтілігі бойынша.

3.3.Құқықтық компетенцияны қалыптастыру:

-Қазақстан Республикасының хирургиялық стационарлары мен амбулаторияларының нормативті-құқықтық базасы бойынша;

-Қазақстан Республикасының халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі атты Кодекісінің ( 19.01.2011ж.) негізінде дәрігердің құқығы, міндеті және жауапкершілігін түсіндіре отырып профессионалдық аспектісі бойынша;

-заңды және медициналық аспектілер бойынша диагноз қою, емдеу тәсілін анықтау және медициналық құжаттарды толтыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- Тік ішек ауруларының анықтамасы, этиопотогенезі және классификациясы:

- Тік ішек ауруларының клиникалық көрінісі;

- Тік ішек ауруларының патогномды симптомдарын, шағымдары мен анамнездерін жинау;

- Тік ішек ауруларына тән спецификалық симптомдарды анықтау, физикалық зерттеу

- Тік ішек ауруларының визуалды диагностика әдістері.