Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Хир.бол.ОМ. каз- 14-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.11 Mб
Скачать

5. Оқыту және сабақ өткізу әдістері:

1. Ауызша сұрақ;

2. Науқастарды қарауға қатысу;

3. Тақырыпқа сай науқастардың зерттеу нәтижелерін талқылау;

4. Тақырыпқа сай науқастарды курациялау (Тәжірибелік дағдыларды бекіту және меңгеру. Шағымдарды, анамнезді жинау, клиникалық тексеру, операция және тануға қатысу);

5. Кіші топтарда жұмыс істеу, рөлдік ойындар, кейс сатылар;

6. Сабақ тақырыбы бойынша СӨЖ, презентация, дискуссиялар;

7. Дидактикалық материалдармен жұмыс істеу, тестік және жағдайлық есептерді шешу.

6. Әдебиет

6.1 Негізгі:

1. Нұрмақов А.Ж. Хирургия //Алматы: Эверо, 2009. – 420 с.

2. Кузин М.И. Хирургические болезни //М.: «Медицина», 2005. – 784с.

3. Нурмаков А.Ж., Нурмаков Д.А. Хирургические болезни //Алматы: Эверо, 2009. – 476с.

4. Клиническая хирургия: национальное руководство + СД: в 3-х томах. - М.: ГЭОТАР-Мед. -2008. Т. 1. – 864 с.

6.2 Қосымша:

1. Хирургические болезни: Учебник + СД: в 2-х т./ под ред. В.С. Савельева и др - М.: ГЭОТАР-Мед. -2008.Т. 1. – 608 с.; Т. 2. - 400с.

2. Савельев В.С. Руководство по неотложной хирургии органов брюшной полости. – М., Издательство «Триада-Х», 2005. - 640 с.

3. А.С.Ибадильдин, С.М.Муканова. Грыжи. Учебное пособие. Алматы, 2003

4. Милонов О.Б., Тоскин К.Д., Жербовский В.В., Послеоперационные осложнения и опасности в абдоминальной хирургии. М.Мед, 1990

5. К.Д.Тоскин, В.В.Жебровский. Грыжи живота. - М.:Медицина, 1983.

6. Кукуджанов Н. И. Паховые грыжи. М., 1979.

7. Лаврова Т. Ф. Клиническая анатомия и грыжи передней брюшной стенки. М., 1979.

7. Бақылау: Тест тапсырмалары шешу; ұйымдастыру шаралары; ситуациялық есептер; тапсырмаларды тексеру.

Тесттер:

1. Іштің алдынғы қабырғасы қанша бөлімге бөлінеді:

  1. epygastrium

  2. mesogastrium

  3. umbilikalis

  4. hypogastrium

  5. pubica

2. Іштің алдынғы қабырғасы неше аумаққа бөлінеді?

  1. 5 аумаққа

  2. 6 аумаққа

  3. 7 аумаққа

  4. 8 аумаққа

  5. 9 аумаққа

3. Іштің сыртқы жарықтары-бұл.:

  1. Шеткі ағзалардың іш қуысының жасанды саңылау арқылы паритальды іш астарсыз шығуы.

  2. Табиғи саңылау арқылы іш астармен жабылмаған ағзаның немесе оның бөлігінің шығуы.

  3. Тері астына табиғи және жасанды саңылау арқылы шеткі ағзалардың іш астармен бірге іш қуысынан шығуы.

  4. Тері жабындыларының бүтіндігінде жамбас астауының бұлшық еттік апоневротикалық қабатының қуысы арқылы іш ағзалардың паритальды іш астармен шығуы.

  5. Диафрагманың табиғи немесе жасанды саңылаулары арқылы іш қуысы,ағзалардың кеуде қуысына енуі.

4. Шап өзегінің алдынғы қабырғасына кіреді:

  1. Шап байламы(төменгі қабырға)

  2. Іштің қиғаш бұлшық етінің сыртқы апоневрозы

  3. Іштің қиғаш және көлденең бұлшық еттерінің бос шеттері

  4. Іштің көлденең бұлшық еттері

  5. Көлденең фасция (артқы қабырға)

5. Сан сақинасының шекарасын құрайды:

  1. Сан артериясы

  2. Сан көк тамыры

  3. Шап байламы

  4. Спигелдік сызық

  5. Қасаға сүйегінің айдаршығы

6. Жарық суы қайда жиналады.:

  1. Қысылған ішек өзегінде

  2. Ішастар қуысында

  3. Жарық қапшығында

  4. Жарық қапшығын қоршаған тіндерде

  5. Ұмада

7. Іштің сыртқы жарықтарының элементтеріне кіреді:

  1. Жарық қақпасы

  2. Жарық қапшығы

  3. Жарықтың құрамына енетін ағза

  4. Жарық суы

  5. Жарықтың қабаттары

8. Пайда болуына байланысты іштің сыртқы жарықтары жіктеледі:

  1. Түзелетін

  2. Туа пайда болған

  3. Түзелмейтін

  4. Копрастаздың пайда болуымен бірге жарықтар

  5. Жүре пайда болған

9. Клиникалық ағымына байланысты іштің сырқы жарықтары жіктеледі:

  1. Іштің бүйір жарықтары

  2. Қысылумен пайда болған

  3. Қысымнан пайда болған жарықтары

  4. Копрастаздың пайда болуымен бірге жарықтар

  5. Түзелмейтін

10. Пайда болуына байланысты іштің сыртқы жарықтары жіктеледі:

  1. Операциядан кейінгі

  2. Жарақаттық

  3. Семсер тәрізді өсінді

  4. Қысылумен пайда болған жарықтар

  5. Туа пайда болған

11. Іштің сыртқы жарықтарына әсер ететін факторлар:

  1. Операциядан кейінгі тыртықтар

  2. Жиі жүктілік

  3. Ішастар қабырғасы тіндерінің атрофиясы

  4. Ұзақ жөтел

  5. Зәр шығарудағы қиындықтар

12. Іштің сыртқы жарықтарын туындататын факторлар:

  1. Тұқымқуалаушылық

  2. Ауыр босанулар

  3. Жиі босанулар

  4. Созылмалы іш қатулар

  5. Ұзаққа созылған жөтел

13. Сырғымалы жарықтар – бұл…:

  1. Жарық қапшығының бір қабырғасы ағза болса

  2. Операциядан кейінгі тыртықтың аймағында пайда болған жарықтар

  3. Жарық қапшығында бірнеше ішек ілмектері болғанда

  4. Тек ішектің бір қабырғасы ғана қысылған жарықтар

  5. Туа пайда болған түзетілген жарықтар

14. Ретрограттық қысылу – бұл:

  1. Операциядан кейін қысылған вентральді жарықтар;

  2. Туа пайда болған түзетілген жарықтар;

  3. Тек ішектің бір қабырғасы ғана қысылған жарықтар;

  4. Жарық қапшығында бірнеше ішек ілмектері болғанда, бірақ олармен байланысатын ішектер қысылған және олар ішастарда орналасқан;

15. Рихтерлік қысылу – бұл:

  1. Операциядан кейінгі вентральді жарыңқтар;

  2. Туа пайда болған шап жарықтары;

  3. Жарық қапшығында бірнеше ішек ілмектері болуында, бірақ олармен байланысатын ішектер қысылған және олар ішастарда орналасады;

  4. Іштің тек бір қабырғасы қысылған ол қарама-қарсы шекарасы шажырқайға байланысқа;

  5. Көп камералы қысылған жарықтар;

16.Қандай жарықтар жарықтардың сирек кездесетін түрлеріне жатады?

  1. Жапқыш жарықтар;

  2. Шонданай жарықтар;

  3. Кіндік жарықтары;

  4. Іштің ақ сызығының жарығы;

  5. Белдік жарықтар;

17.Іштің сыртқы жарықтарының асқынуы:

  1. Қысылуы;

  2. Капрастаз;

  3. Түзетілмеуі;

  4. Перитонит;

  5. Қабыну;

18. Шап жарықтары кезіндегі шап өзегінің пластикалаудың:

  1. Мейо;

  2. Сапежко;

  3. Спасакукоцкидің;

  4. Напалкова;

  5. Бассини;

19. Балаларда кіндік жарықтары кезіндегі жарық қақпасын пластикалау әдісін анықтаныз?

  1. Мейо

  2. Напалкова

  3. Сапежко

  4. Лексер

  5. Бассини

20. Сапежко бойынша жарық қақпасын пластикалау қолданылады:

  1. Шаптың қиғаш жарықтарыында

  2. Шаптың тік жарықтарында

  3. Жамбас жарықтарыында

  4. Кіндіік жарықтарында

  5. Операциядан кейінгі жарықтарында

21. Напалков бойынша жарық қақпасын пластикалық қолданылады:

  1. Кіндік жарықтары

  2. Іштің ақ сыызығыының жарықтарында

  3. Жамбас жарықтарында

  4. Шаптың қиғаш жарықтарында

  5. Шаптың тік жарықтарында

22. Руджи бойынша жарық қақпасын пластикалау қолданылады

  1. Жамбас жарықтарында

  2. Кіндік жарықтарында

  3. Операциядан кейінгі жарықтарда

  4. Іштің ақ сызығының жарықтарында

  5. шап жарықтарында

23. Қандай әдіс арқылы шап озегін толығымен алып тастап шап өзегін баска бағытта құрастыруға болады.

  1. Жирар

  2. Спасокукоцкий

  3. Бассини

  4. Кукуджанова

  5. Постемпского

24. Вентральды жарықтарда пластикалық материалдарды қолдануға көрсеткіш

  1. Көп реттік қайталамалы жарықтар

  2. Әйелдердегі кіндік жарықтары

  3. Балалардағы шап жарығы

  4. Операциядан кейінгі көптеген жарықтық қақпасы бар жарықтар

  5. Ішастар қабырғасы бүлінген кезгі әртүрлі көлемдегі біріншілік жарықтар

25. Қысылған жарықтар мынадай клиникалық көріністермен сипатталады

  1. Тез басталуы

  2. Жарық аумағындағы айқын ауру сезімдері

  3. Жөтел толқыны симптомы

  4. Ішектің түйілу симптомдары

  5. Ішастарға енгізгендегі түзетілмеуі

26. Лихтенштейн бойынша тартылмайтын пластинка салу әдісі қай жарықта қолданылады:

  1. Шап өзегінің пластинкасы;

  2. Жамбас өзегінің пластинкасында;

  3. Абдоминопластиинка;

  4. Вентральды жарықтардағы жарық қапшығының пластинкасында

  5. Сирек жағдайда кездесетін жарық қапшығының пластинкасында;

27. Лихтенштейн бойынша пластинкалауда қандай материал қолданылады:

  1. Аутодерма

  2. Аутовена

  3. Жергілікті тіндер

  4. Тахокомб

  5. Синтетикалық поролендік тор («випро»);

28. Операциядан кейінгі жарақаттың пайда болуына әсер ететін фактор:

  1. Жарықтың іріңдеуі

  2. Операциядан кейінгі ішектердің периоды

  3. Операциялық жарақаттың біріншілік жазылудың кешілеуі

  4. Ішастар қабырғасының нервтелуінің бұзылуы

  5. Ерте операциядан кейінгі пневмония

29. Қысылған жарықтарды түзету кезіндегі дәрігердің іс-әрекеті:

  1. Ішектердің қару мақсатында лапаротомия

  2. Жарықты алып тастау

  3. Жедел лапароскопия

  4. Науқасты стационарда бақылау

  5. Тексеру мақсатында науқасты үйіне жіберу 1 күннен кейін

30. Тік шап жарықтарының кейінгі сипаттамасы:

  1. Жарық қапшығы ұрық шылбырынан медиальды орналасады

  2. Жарық қапшығы ұрық шылбырынан сыртқа орналасқан

  3. Сыртқы шап шұңқыры арқылы шығады

  4. Сыртқы шап шұңқырынан медиальды шығады

  5. Жарықтық жабыспалары бар

Жағдайлық есептер:

Есеп №1

46 жастағы әйел 3 жыл бойы түзелмейтін кіндік жарықтары мен зардап шегеді. Ешқандай өзіндік ем шаралар жүргізбеген,бірақ 3 күннен бері жарық аймағында, қызару,ісіну және ұстағанда ауру сезіміне шағымданады. Дене қызуы 38с тілі таза, ылғалды. Іш пальпациясы кезінде ауру сезімі жоқ. Ішастардың тітіркену симптомы жоқ.

Жарықта қандай асқыну болған? Сіздің іс-әрекетіңіз?

Есеп №2

Егде тартқан әйел адам 10 жылдан бері кіндік аймағындағы 8х10 см көлеміндегі шығынқы түзілім байқалады, дене қалпын өзгерткенде жазалмайды. Кіндік аймағында ауру сезімі жоқ.Пальпатция кезінде шығынқы жер үлестерге бөлінген, жұмсақ эластикалық, ауру сезімсіз.

Сіздің диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз

Есеп №3.

16 жастағы науқасқа сол жақ шап жарығының оператциясы кезінде оның сол жақ жұмыртқасы жарық қапшығының құрамында екені анықтады.Мұндай жарық қандай типке жатады ?

Есеп №4.

60 жастағы ер адамға 4рет шап-ұмалық жарыққа операция жасалуда . Ревизия барысында іштің қиғаш бұлшық

Каким образом вы укрепите его стенки, чтобы избежать повторного рецидива?

Есеп№6.

65 жастағы ер адам стоционарға шап-ұма жарығымен түсті. Ревизия барысында ішек ілмектері қысылған және қызымет атқармайды. Ішек алынып тасталды. Не арқылы ішектің қызыметін атқармайтынын анықтаймыз. Некроздалған аумақтың резекция жасау үшін қандай шекаралары бар?.

Есеп №7.

Жоспарлы операция барысында жарық қапшығына 50мл мөлдір түсті, зәрдің иісі мен сұйықтық бөлінді. Ревизия барысында қуықтың жарақаттануы анаықталды.

Бұл жағдай неге болды? Мұндай асқынулардың қалай алдын алуға болады

Есеп №8.

Қысылған бел жарығына байланысты жасалған операция барысында хирург жарық қапшығын ашып,қысып тұрған сақинаны медиальды бағытта кескенде қатты артериальды қансырау басталды..

Қансырау көзі қандай? Қансырауды тоқтату үшін қандай шара және қандай бірізділікпен қолдану керек?

Есеп №9.

36 жасар науқасқа шап жарығы қысылғаннан кейін 12 сағаттан соң сізге операция жасалды. Жарық қапшығында жіңішке ішектің 2 ілмегі болды,қысып тұрған сақинаны кескенде ішек ілмектерінің түсі қалыпты,перисталтикалынған,ішастар қан тамырларының пульсациясы жақсы болған. 2 ілмек іш қуысына енгізіліп, шап өзегінің артқы қабырғасының пластикасы жасалды. Жайылған іріңді пеританитке байланысты операциядан 1тәуліктен соң екінші рет операция жасалды. Операция барысында жіңішке ішектің некроздалған ілмегінің перфорациясы анықталды.

Перитониттің дамуына әкелген сіздің жіберген қателігіңіз?

Есеп№10.

Науқас М,40 жаста,оң жақтың аднексит диагнозымен гинекологиялық бөлімшеде жатыр. Науқаста оң жақ шап жарығы дамыды.Сіздің жасайтын шараңыз.

1. Тақырып №3. Жедел аппендицит.

2. Сабақ мақсаты: Студенттерді жедел аппендициттің этиологиясымен, жіктелуімен, клиникасымен, диагностиканың және емінің негізгі принциптерімен таныстыру. Науқастарды сауатты клиникалық тексеруді және клиникалық диагноз қоюды үйрету.

3. Оқыту міндеттері:

3.1 Білімді қалыптастыру

- Этиология, патогенез және классификациясы бойынша;

- Жедел аппендициттің клиникалық ағымы бойынша;

- Дифференциалды диагностика және лабораторлық аспаптық зерттеу бойынша;

- Жедел аппендицитті оперативті емдеуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер;

- Жедел аппендициттің асқынулары бойынша.

3.3. Коммуникативті компетенцияны қалыптастыру:

- Науқастармен қарымқатынасының эффективтілігі бойынша;

- Науқастың туыстарымен және жақын адамдарымен қарым-қатынасы;

- Курстастар, дәрігерлер және медициналық қызметкерлермен қарым-қатынасының эффективтілігі бойынша.

3. 3.Құқықтық компетенцияны қалыптастыру:

-Қазақстан Республикасының хирургиялық стационарлары мен амбулаторияларының нормативті-құқықтық базасы бойынша;

-Қазақстан Республикасының халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі атты Кодекісінің ( 19.01.2011ж.) негізінде дәрігердің құқығы, міндеті және жауапкершілігін түсіндіре отырып профессионалдық аспектісі бойынша;

-заңды және медициналық аспектілер бойынша диагноз қою, емдеу тәсілін анықтау және медициналық құжаттарды толтыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- Жедел аппендициттің анықтамасы, этиопотогенезі және классификациясы:

- Жедел аппендициттің клиникалық көрінісі;

- Жедел аппендициттің патогномды симптомдарын, шағымдары мен анамнездерін жинау;

- Жедел аппендицитке тән спецификалық симптомдарды анықтау, физикалық зерттеу;

- Жедел аппендицитті визуалды диагностика әдістері