Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Хир.бол.ОМ. каз- 14-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.11 Mб
Скачать

2.3 Пәннің міндеттері:

  • Клиника, диагностика, емнің хирургиялық әдістеріне көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді анықтау, кең тараған хирургиялық ауруларды операция жолымен емдеу принциптері туралы білім беру;

  • студенттерді хирургиялық науқастарды тексеру әдістемесіне үйрету;

  • тұлғалармен қарым-қатынас жасау және пациенттерге консультация беру машықтарын жетілдіру.

2.4 Білім берудің қорытынды нәтижелері

Студент білуі керек:

  • таралған хирургиялық аурулардың этиологиясы мен патогенезін;

  • таралған хирургиялық аурулардың жіктемесін, клиникасын, ағымын, асқынулары мен болжамын;

  • клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеулердің қазіргі әдістерін;

  • таралған хирургиялық ауруларды консервативті және хирургиялық жолмен емдеудің қазіргі принциптерін, оларды қолдануға арналған көрсетілімдерді;

  • хирургиялық науқастардың реабилитациясын, операцияға дейінгі және операциядан кейінгі кезеңді жүргізуді.

Студент үйреніп алуы қажет:

  • хирургиялық науқастан анамнез жинауды;

  • хирургиялық патологиясы бар науқасты физикалық тексеруден өткізуді;

  • кең таралған хирургиялық жағдайлар кезінде тексерудің клиникалық-зертханалық және аспаптық әдістерінің түрі мен көлемін анықтауды;

  • «іштеспесіне» пальпациялау арқылы диагноз қою;

  • науқасты емдеу және реабилитациялау жоспарын құруды;

  • оториноларингология мен офтальмологиядағы кең тараған синдромдарға диагноз қоюды;

  • пациентпен, оның туыстарымен, қызметтестермен және медицина саласының басқа да қызметкерлерімен сенімді қатынас құруды;

  • топта жұмыс істеуді.

Студент машықтануы қажет:

  • жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеуге;

  • тері тігістерін салу мен алуды;

  • қан кетуді қысқа мерзімге және уақытша тоқтатуға;

  • аяқ-қол сүйектері, омыртқа сынғанда транспорттық иммобилизациялауға;

  • теріде орналасқан бөгде денелерді жоюға;

  • тікішек пен қуық асты безін саусақпен тексеруге;

  • мұрынның сілемейлі қабығынан, конъюктива қуысынан, үрпіден сүртінді алуға;

  • мұрынның алдыңғы тампонадасын өткізуге;

  • күкірт тығынын алуға;

  • көз қабағының айналуын, қабақты тексеруге, конъюктиваны, көзалманың алдыңғы кесігін бүйірден жарық түсіру арқылы сыртқы тексеру әдісіне;

  • көздің қырағылығын анықтауға.

2.5 Пререквизиттер: анатомия, физиология, жалпы хирургия.

2.5 Постреквизиттер: хирургиялық аурулар бойынша интернатура, жалпы дәрігерлік практика бойынша интернатура, акушерия және гинекология бойынша интернатура.

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны

Хирургиялық аурулар пәні 4 блок түрінде берілген. 1 блокта хирургиялық аурулар пәнінен дәрістер берілген.

2 БЛОК Асқазан-ішек жолының хирургиялық аурулары

Өңештің зақымдары мен аурулары. Өңеш ауруларының жіктемесі. Өңеш ауруларының визуальды диагностикасының әдістері. Гастроэзофагеаль рефлюкстің асқынуы. Кардия ахалазиясы. Өңеш дивертикулы. Химиялық және термиялық күйіктер, өңештің тыртықты тарылуы. Өңештегі бөгде заттар. Клиникасы, диагностикасы, емі.

Асқазан мен ұлтабардың ойықжара ауруы. Асқазан мен ұлтабар қабырғасында эрозиялы-ойықжаралы процесстердің туындау себептеріне қазіргі көзқарас. Клиникалық әйгіленімдер. Диагностика әдістері. Консервативтік терапия әдістері, госпитализацияға арналған көрсетілімдер. Асқынулар. Операция жасалған асқазанның аурулары.

Жіті және созылмалы панкреатит. Жіктелуі. Этиология мен патогенез туралы қазіргі көзқарастар. Клиникасы, асқынулар. Диагностикасы. Емі. Хирургиялық жолмен емдеуге арналған көрсетілімдер. Операция түрлері.

Жуанішектің ісіктері. Жуанішек обырының жалпы сипаттамасы, аурушаңдық пен өлім-жітім тенденциясы. Жуанішек обырының туындауына әсер етуші факторлар. Ісікалды процесстері. Метастаздану жолдары. Тоқішек обырының клиникасы, диагностикасы мен емі. Негізгі клиникалық формалары. Диагностикасы, емдеу принциптері. Жуанішек пен тікішек обырына жасалатын түбегейлі және паллиативтік операциялардың типтері.

Тікішектің аурулары. Тікішектің анатомия-физиологиялық ерекшеліктерінің хирургиялық маңызы. Геморрой. Тікішектің айналып кетуі. Жіті және созылмалы парапроктит. Жіті және созылмалы анус сызаты. Эпителийлі құйымшақ жолы. Жіктелуі. Этиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Емдеу әдістері.

3 БЛОК Хирургиядағы іштеспесі.

Жіті аппендицит. Жіктелуі. Клиникасы, диагностикасы. Аппендэктомияға арналған көрсетілімдер. Қарсы көрсетілімдер. Операция жасау жолы, жансыздандыру түрлері, ішперде қуысын дренаждау мен тампонмен толтыруға арналған көрсетілімдер. Жіті аппендициттің асқынуы.

Өт-тас ауруы. Холецистит. Тас пайда болу теориясының жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы. Емдеу - консервативтік, операциялық. Литолизис, литотрипсия. Хирургиялық жолмен емдеуге арналған көрсетілімдер. Операция әдістері. Постхолецистэктомиялық синдром.

Жіті түйнек. Жіктелуі. Науқастарды тексеру әдістері. Операция алдындағы кезең мен науқастарды операциядан кейін жүргізудің ерекшеліктері. Консервативтік емнің принциптері және операция жолымен емдеуге арналған көрсетілімдер. Созылмалы іштүйнек. Себептері. Клиникасы. Диагностикасы. Консервативтік және хирургиялық ем. Ішперде жабысқы ауруы.

Перитонит. Жіктелуі. Шығу көздері, ішперде қуысы ағзаларының түрлі жіті хирургиялық аурулары кезінде инфекциялардың таралу ерекшеліктері. Клиникасы, диагностикасы. Кешенді емдеудің қазіргі принциптері. Операциялық емнің ерекшеліктері.

Іштің сыртқы жарықтары. Жіктелуі. Жарықтың жалпы симптоматикасы. Диагностикасы. Жарық қақпаларын жамаудың түрлері. Науқастарды операцияға дайындау ерекшеліктері мен операциядан кейінгі кезеңнің жүргізілуі. Жарықтың асқынуы. Жарықтың қысылып қалуы.

4 БЛОК Тамырлы хирургия.

Варикоз ауруы. Аяқ веналарының варикоздық кеңеюі. Халықаралық жіктеме. Эиологиясы. Венаның ілкі варикоздық кеңеюінің клиникасы. Диагностика. Вена өткізгіштігін анықтау әдістері, қақпақшалық аппарат пен коммуниканттық веналардың жағдайын бағалау. Емдеу принциптері: консервативтік, операциялық, склероздаушы терапия.

Аяқтың тромбофлебиттері. Посттромбофлебиттік синдром. Беткейлік және терең веналар тромбофлебитінің клиникасы. Диагнозы. Емі. Илеофеморальдық флеботромбоз.

Артерияның окклюзиялаушы аурулары. Артерияның атеросклероздық зақымдануы. Облитерациялайтын эндартериит. Рейно синдромы мен ауруы. Этиологиясы. Клиникалық формалары. Асқынулар. Консервативтік ем. Реконструкциялау-қалпына келтіру операцияларына арналған көрсетілімдер. Аяқ-қолды ампутациялауға арналған көрсетілімдер.

Ірі артериялардың тромбоздары мен эмболиялары. Этиологиясы. Тромбтың түзілуіне әсер етуші факторлар. Тромбоздардың эмболиядан айырмашылығы. Клиникасы. Диагностикасы. Емі.

Өкпе мен плевра аурулары. Өкпе абсцесі мен гангренасы. Бронхоэктазия ауруы. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы мен емі. Спонтанды пневматоракс. Жіті іріңді плеврит. Пионевматоракс. Плевраның созылмалы эмпиемасы. Клиникасы. Диагностикасы мен емі.

Ішкі ағзалардың паразиттік аурулары. Өкпе эхинококкозы. Бауыр эхинококкозы. Бауыр альвеококкозы. Этиологиясы, зарарлану жолдары, эндемиялық аудандар. Клиника, асқынулар, емдеудің дәрі-дәрмектік және хирургиялық әдістері (тұқым себуді болдырмау щаралары, жабық эхинококкэктомия, ашық эхинококкэктомия, кеңейген эхинококкэктомия, ағзаны резекциялауға арналған көрсетілім). Ішкі ағзалардың паразиттік ауруларын емдеудің жаңа технологиялары.