Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Хир.бол.ОМ. каз- 14-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.11 Mб
Скачать

Ойық жарадан қан кету

Гастродуоденалды қан кету барлық асқазан – ішек жолдарындағы қан кетудің 49% құрайды. Өсу қарқыны 1,4 – 1,6 рет. Асқыну әйелдермен салыстырғанда, ерлерде жиі кездеседі 3 есеге. Ресей хирургтарының пікірінше леталдылығының кездесу жиілігі 10 – 14%, ауыр дәрежедегі асқазан – ішек жолдарынан қан кететін топтағы науқастарда 50%. Ең жоғары мөлшерде өмірге қауіпті қан кетулер асқазан кіші иініндегі тесілген жара мен 12 елі ішектің артқы медиалды аймағында кездеседі.

Жіктелуі

Орналасуы бойынша:

  • Асқазанның жарасы

  • 12 елі ішек жарасы

  • Операциялық араласулардан кейінгі асқазанның қайталамалы жарасы

Қан кету дәрежесін топтау ( А. И. Горбашко, 1982)

Қан көрсеткіші

Қан кету дәрежелері

жеңіл

орташа

ауыр

Эритроциттер саны

>3.5*10\л

3.5*10\л-2.5*10\л

<2.5*10\л

Гемоглобин деңгейі г\л

>100

83-100

<83

Пульс көрсеткіші 1мин

80 дейін

80-100

100 жоғары

Систолалық қан қысымы

(сын.бағ бой)

>110

110-90

<90

Гемокриттік көрсеткіш %

>30

25-30

<30

Глобулярлы көлем дефициті

% қалыпты көлеммен

20дейін

20-30

30дан жоғары

Қан кету дәрежесінің эндоскопиялық критерийлері (j. A. H. Forrest, 1974 критерийі бойынша)

Қан кету дәрежесі

Форрест критерийі

Эндоскопиялық белгілер

Белсенді түрде

I A

өте тез артериялық қан кету

I B

жарадан қанның баяу ағуы

Қан ағудың жалғасуы

II A

Жара түбінде қан тамыры көрінеді, бірақ қан ағу жоқ

II B

Жараға бекінген қара тромб

III C

Боялған дақ тәрізді тромбталған ұсақ тамырлар

Қан кету белгілері жоқ

III

Жара болғанымен қан кету жоқ

Клиникасы

Шағымы: кенеттен пайда болған жалпы әлсіздік, бас айналу, жүрек қағу, суық тер басу, ентігу, ауа жетіспеушілік сезімі, қанмен құсу (өзгерген- гематемезис, кофе тәрізді құсу), нәжістің қара түсті « қара май» тәрізді болуы (мелена) немесе аз мөлшерде өзгерген қан (гематохезия).

Анамнезінде: Науқастардың көпшілігінде қан кету жара ауруы өршігенде дамиды: науқаста хабаршы кезеңде ауру сезімі мазалағанда естен тану болуына, қанмен құсу жиілігі мен ұзақтығын және меленаны анықтау қажет.

Ойық жарадан қан кетудің негізгі үштігі:

  • Жедел анемияның көріністері (кенеттен жалпы әлсіздік, бас айналу, жүректің қағуы, суық тер, ентігу, ауа жетіспеушілік сезімі)

  • Қанмен құсу ( жаңа, өзгерген – гематемезис, кофе тұнбасы)

  • Нәжістің қара түсті болуы мелена немесе аз мөлшерде өзгерген қан (гематохозия)

Есте сақтау қажет кейде 12 елі ішектен қан кеткенде мелена, кофе тәрізді құсу болмауыда мүмкін. Гематохозияның бөлінуі қауіпті белгі – көп мөлшерде қан кетуді білдіреді 1500 мл немесе АҚК 25%.

Обективті: Есі анық емес, терісі бозарған, суық тер, АҚҚ төмендеген, пульсі әлсіз.

АҚҚ 100 мм.сын.бағ және пульсі минутына 100-ден көп болса бұл АҚК 20% жоғалтқанын көрсетеді.

Іші жұмсақ, ауру сезімсіз, ішектің тітіркену синдромы теріс. Әрбір аіж – қан кету қаупі бар науқасқа міндетті түрде ректалды зерттеу жасалуы тиіс.

Аспаптық диагностика

Зерттеу медбике көмегімен, горизонталды жағдайда (кушеткада) жүргізіледі.

Міндетті түрде жүргізілетін зерттеу әдісі: ЭФГДС.

  • ЭФГДС – қан кету көзін, белсенділігін анықтайды. Өлім аузындағы және реанимациялық әрекеттерді қажет ететін науқастарға ЭФГДС жасалынбайды.

  • Техникалық мүмкіндіктер жеткенде – селективті және суперселективті мезентерикогарфия жасалынады.

Лабораторлық көрсеткіш

  1. Ең маңызды диагностикалық әдіс ЖҚА төмендейді

  • Эритроцит саны

  • Гемоглобин

  • Гематокрит

Есте сақтау қажет қан кетудің алғашқы сағатында бұл көрсеткіштер өзгермеуі мүмкін өзгеріс гемодилюция дамығаннан кейін бірнеше тәуліктен кейін байқалады.

  1. Коагулограмма (ТШҚҰ дамуы)

  2. ҚБА (гипопротейнемия).

Хирургиялық тәсіл

Операцианың негізгі мақсаты : науқастың өмірін сақтап қалу, турақты гемостаз қалыптастыру, ойық жараны емдеу.

Шуғыл операцияға көрсеткіш :

Белсенді жалғасқан қан кету – F І a

(мынадай науқастар – белсенді, жалғасқан қан кетудегі, гемморагиялық шокпен жатқан)

Эндоскопиялық гемостазды қолдану мумкін болмаған жағдайда.

Жедел операцияға көрсеткіш:

Қан кетудің қайталану қауіпі жоғары, турақсыз гемостаз кезінде.

Жеделдеу операциялар: анемия көріністері дамығаннан кейін орындалады.

Операция турі – науқас жағдайына операцияныңанестезиологиялық қауіп сатысына, қан кету орнына, туріне байланысты.

Асқазан резекциясы – жара асқазанда орналасқанда орындалады.

Ваготомиямен жасалынатын ағзаны сақтап қалушы операция (бағаналы) – жара он екі елі ішекте орналасқанда қолданылады : пилородуоденотомия, тігіс салу, пенетрацияда- экстрадуоденизация.

Вагатомия антрумэктомиямен – жара ішекте орналасқанда, қауіп факторы төмен жағдайда (науқас жас, қан кетудіңжеңіл немесе орташа дәрежесінде), асқынулар қосарланғанда(қан кету және стеноздың соңғы сатысында), операция турақты гемостазды қажет етеді.

Ваготомиясыз пилоропластика- операцияның анестнезиологиялық қаупі жоғары, қан кету жалғасқан жағдайда орындалады.

Тігіс салу – операциялық анестезиологияның қаупі жоғары науқастарға орындалады.

Әдебиет:

  1. Нұрмақов А.Ж. Хирургия //Алматы: Эверо, 2009. – 420 с.

  2. Братусь В.Д. Дифференциальная диагностика и лечение острых желудочно-кишечных кровотечений //Киев: Здоровья. – 1991 – 270 с.

  3. Василенко В.Х., Гребенев П.Я., Шептулин А.А. Язвенная болезнь //М.: Медицина, 1987. – 288с.

  4. Кузин М.И. Хирургические болезни //М.: «Медицина», 2005. – 784с.

  5. Нурмаков А.Ж., Нурмаков Д.А. Хирургические болезни //Алматы: Эверо, 2009. – 476 с.

  6. Нұрмақов А.Ж. Хирургия //Алматы: Эверо, 2009. – 420 с.

  7. Панцырев Ю.М., Михалев А.И., Федоров Е.Д. Хирургическое лечение прободных и кровоточащих гастродуоденальных язв //Хирургия, 2003. - №3. - с. 43-49.

  8. Руководство по неотложной хирургии органов брюшной полости /Под редакцией В.С.Савельева. – М., Издательство «Триада-Х». 2005. - 640 с.

  9. Султаналиев Т.А., Джумабеков А.Т. Тактика и лечение больных с язвенным гастродуоденальным кровотечением /Методические рекомендации. - Астана, 2004. – 24 с.

  10. Хирургические болезни: Учеб.: В 2 т./ Под ред. В.С.Савельева, А.И.Кириенко. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005. – Т. 1. – 608 с.: ил.

  11. Шалимов А.А., Радзиховский А.П. Атлас операций на органах пищеварения. В 2-х томах. Т.2. //Киев: Наукова думка, 2005. – 287 с.

  12. Яицкий Н.А., Седов В.М., Морозов В.П. Язвы желудка и двенадцатиперстной кишки //М.: «МЕДпресс-информ», 2002. - 376 с.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасының асқынуы.

2. Ойық жара асқынуын хирургиялық емдеудегі негізгі принциптері.

3. Ойық жараның тесілуі, оның жіктелуі.

4. Ойық жараның тесілуінің клиникасы, диагностикасы.

5. Ойық жара тесілуінің хирургиялық емі, көрсеткіші, негізгі принциптері.

6. Ойық жарадан қан кету, Горбашко бойынша жіктелуі, Forrest критериі.

7. Ойық жарадан қан кетудің клиникасы, диагностикасы.

8. Ойық жарадан қан кетудің этиопатогенетикалық емі, хирургиялық емге көрсеткіш.

Тақырып №9: Ішектің жедел түйілуі

Мақсаты: Студенттерде ішектің әртүрлі түйілулерінің этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы және емдеу тәсілдері жөнінде білімдерін қалыптастыру.

Дәріс жоспары:

  1. «Ішектің жедел түйілуі» анықтама түсінігі

  2. Ішектің жедел түйілуінің этиологиясы мен патогенезі

  3. Ішектің жедел түйілуінің жіктелуі

  4. Ішектің мехеникалық түйілуінің клиникалық көрінісі

  5. Ішектің жедел түйілуінің диагностикасында қолданылатын аспаптық зерттеу әдістері

  6. Ішектің жедел түйілуін емдеудің негізгі принцптері

Ішектің түйілуі – ішек қуысындағы заттардың қалыпты қозғалуының толық немесе жартылай бұзылуымен сипатталатын ауру.

Ішектің түйілуі жалпы іш қуысы мүшелерінің жедел хирургиялық ауруларының арасында 3-10% жағдайда кездеседі. Ішектің түйілуі 40-60 жастағы адамдарда жиі кездесіп, солардың ішінен ер адамдарда 50-55%, ал әйелдерде 40-45% шамасында байқалады. Іш түйілу ауруынан болатын өлім 20-25%-ды құрайды. Бұл аурудың кездесу жиілігі жаз айларында (шілде-қазан) біршама арта түседі, себебі жылдың осы мезгілінде адамдар бай өсімдіктерді көп пайдаланады.