Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Хир.бол.ОМ. каз- 14-15.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.11 Mб
Скачать

1.Жалпы мәлімет:

*ЖОО аты: С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті

*Кафедра №1 хиругиялық аурулар

*Пәні, пәннің коды: Хирургиялық аурулар

*Мамандық: № 051301 – «Жалпы медицина»

*Оқу сағатының көлемі (несие): 132 сағат

*Курс: төртінші

*Оқыту семестрі: 7-8

Оқытушылар туралы мәліметтер:

Аты жөні

қызметі

атағы

1

Баймаханов Абылай Ниятұлы

доцент, кафедра меңгерушіс.

м.ғ.к.

2

Нұрмақов Аман Жәмелұлы

профессор

м.ғ.д.

3

Қалиасқаров Ерік Шәріпұлы

доцент

м.ғ.д.

4

Нұрмақов Даурен Аманұлы

доцент

м.ғ.д.

5

Ахмеджанова Гүлнәр Ахмеджанқызы

доцент

м.ғ.к.

6.

Альжанова Жанар Серікқызы

ассистент

м.ғ.к.

7

Сабиров Қуандық Отарбайұлы

ассистент

м.ғ.к.

8

Надыров Момынжан Талғатұлы

ассистент

-

9

Есергенева Риза Төлеуканқызы

ассистент

-

10.

Еликбаев Айдын Молдашұлы

ассистент

-

Қысқаша ақпарат:

Кафедраның орналасқан жері: Алматы қаласы, Папанин көшесі, 220, №4 қалалық клиникалық аурухана, хирургиялық бөлімшесі

Телефон: 235-10-50

Пәннің саясаты оқу үрдісін кезеңдік және мақсатты бағытта жүргізуге негізделген. Мұғалімдердің студенттерден талап етуі медициналық жоғарғы оқу орындарына қойылатын талаппен сәйкес:

  1. Тәжірибелік сабақтарға, дәрістерге міндетті түрде қатысуы.

  2. Әртүрлі формадағы СӨЖ-дің 2 түрін міндетті түрде орындау.

  3. Оқу үрдісіне белсенді қатысуы (практикалық сабақтың конспектісі, теориялық материалды дайындау, тестер мен ситуациялық есептерді шешу, науқасты тексеру қатынасу, қажетті машықтарды өздігімен орындау) – науқасты курация жасамаса немесе сырқатнама, курация күнделігін толық орындалмаса студентке балл қойылмайды.

  4. Жоспарланған тақырып бойынша сырқатнаманы немесе курация парағын, тестерді, ситуациялық есептерді, СӨЖ қорғау бөлімді, белгіленген уақыттан кешіктермей тапсыруы тиіс.

  5. Орындалған жұмыстардың барлық түрлері бойынша студенттердің жеке күнделігі болуы тиіс.

  6. Студент сабаққа кешікпеуі керек.

  7. Таза, үтіктелген ақ халаты, хирургиялық костюмі, бас киімі, маскасы, бахиласы және алмастырып киетін екінші аяқ киімі болуы тиіс.

  8. Жұмыс атқаруға рұқсат етілген белгісі бар жеке санитарлық кітапша

  9. Кафедра қызметкерлері мен студенттерге, аурухана қызметкерлері мен мейірбикелерге және науқастар мен олардың туыстарына сыпайы қарым-қатынас болуы тиіс.

  10. Кафедра меңгерушісі және оқу бөлімі меңгерушісі қатысуымен жанжалды жағдайларды ашық талқылау.

  11. Базалық мекеменің ішкі талаптарын қатаң сақтау және деонтология талаптарын орындау.

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Хирургиялық аурулар жалпы практика дәрігерін дайындауда негізгі пәндердің бірі болып табылады. Қазіргі хирургия – медицинаның көптеген ауруларды емдеу мәселелерін сәтті шешуге мүмкіндік беретін деңгейге жеткен саласы. Хирургиялық патология кезінде клиникалық ойлауды, білім мен іскерлікті қалыптастыру, диагностика мен тиімді хирургиялық тәсіл принциптері медициналық ЖОО-лар түлектерінің кәсіби қызметінде қажет болады.

2.2 Пәннің мақсаты: хирургиялық патологияның диагностикасы мен емінің негізгі принциптері бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру