Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Хир.бол.ОМ. каз- 14-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.11 Mб
Скачать

Қан тамырларын аспапты зерттеу әдістері.

Электротермометрия және термография. Аяқ-қолдың магистралды қан тамырларының зақымдануларында немесе аурулары кезінде тері жамылғысының электротермометриясы “Комплексті дерматологиялық құрылғы” (КДУ-3) және “Медициналық жартылай өткізгіштік термометр” (ТПЭМ-1) көмегімен жүзеге асырылады. Артериялардың өткізгіштігінің жедел бұзылуында және тамырлардың зақымдануында тері температурасы градиентінің зақымданған тұстан 15-20 см төмен бөліктердің өзінде төмендеуі байқалады.

Реовазография. Реовазография (РВГ) регионалды қан айналымның артериалды және венозды компоненттерін қоса алғандағы қалпын айғақтайтын, обективті және жоғарғы сезімталды зерттеу әдісі болып табылады. Зерттеу тіндердің жоғары жиіліктегі электр тогына қарсы тұру қабілетін тіркеуге негізделген. Қарсы тұру қабілетінің деңгейі қан айналудың қарқынына және қанның толастауына тікелей байланысты. Клиникалық тәжірибеде қолданылып жүрген реовазографиялық зерттеулер негізінен артериалдық қан айналудың қалпын көрсетеді.

Ангиография. Артериялық жүйедегі қан айналудың нақты қалпы жөніндегі ақпаратты тамырларды рентгенконтрасты зерттеуден алуға болады. Қолқа тамыры мен оның тармақтарының зақымдануларын анықтау үшін аортография әдісі қолданылады.

Аяқ-қолдың магистралды қан тамырларының жедел бітелуі.

Қан тамырларының жедел бітелуін магистралды қан тамырындағы қан айналудың толық тоқтауы, соның салдарынан тіндердің ишемияға ұшырауы деп түсінеміз. Терминді алғаш рет клиникалық тәжірибеге енгізген З.В.Оглоблина (1955ж.) Бұл термин бірден пайда болған артериалды қан айналудың себептерінің барлығын (эмболия, жедел тромбоз, травмалық зақымданулар) біріктіретін түсінік.

Эмболияның кездесу жиілігі. Көбінесе сан артериясы зақымданады (33,7%), ал мықын артериялары (24,3%), қолқа бифуркациясы (17,3%), балтыр артериясы (10,5%), иық артериясы (4,5%) жағдайларда ұшырасады. 12,8% жағдайларда көптеген эмболиялар ұшырасады. Эмболия көбінесе 40-60 жас аралығындағы әйел адамдарда жиі кездеседі.

Артерия тамырларының жедел бітелуі айқын клиникалық белгілермен сипатталады: зақымданған аяқ-қолда қатты ауру сезімі, терісінің мұздап, сұрлануы, алғашында беткей сезімталдықтың, соңынан терең сезімталдықтың жоғалуы, қызметінің бұзылуы, бітелуден төмен тұста тамыр соғысының анықталмауы.

Атеросклероз

Атеросклероз – эластикалық және бұлшық етті эластикалық артериялардың қабырғалары ішкі қабатының липидтік инфильтрациямен қосарланған дәнекер тінмен ошақты түрде алмасуымен сипатталатын жүйелі ауру. Атеросклероз адам денесінің барлық артерияларын зақымдайды, бірақ ол көбінесе қолқада, коронарлы, брахиоцефалды, бүйрек және мықын артерияларында кездеседі.

Клиникасы. Аяқ артерияларының зақымдануында жиі байқалатын алмасушы (перемежающейся) ақсау симптомы: жүрген кездегі, науқасты тоқтауға мәжбүрлейтін икра тәрізді бұлшық еттегі қатты ауру сезімі, тыныққаннан кейін ол жоғалып, жүргенде қайта басталады.

Диагностикасы. Науқастың аяғын қарап тексергенде бұлшық ет артофиясы, тері түсінің өзгеруі, тырнақ деформациясы, түктің түсуі байқалады. Физикалық күш түскен кездегі ауру сезімінің тез пайда болуы маңызды диагностикалық критерии болып саналады, «ақсау белгісі» неғұрлым тез байқалса, зақымданудың соғұрлым айқын екендігін аңғартады.