Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс VB 2010_2 .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
480.26 Кб
Скачать

15 Visual basic-тін графикалық әдістері.

МӘТІНДІК ДЕРЕКТЕРДІ ӨНДЕУ ФУНКЦИЯЛАРЫ

15.1 Графикалық әдістер

Visual Basic-тін графикалық әдістерін тек қана Form және PictureBox объектілеріне қолдануға болады.

Графика мен жұмыс істеу алдында Graphics объектісін құру қажет. Бұл объект сурет салу және графикалық бейнелерді құру үшін арналған жазықтық болып келеді. Координаттық жүйе басы графикалық объектінің сол жақ жоғарғы бұрышында орналасады.

Графикалық объекті нысанда құру:

Dim graph As Graphics = MyBase.CreateGraphics

Графикалық объекті PictureBox –та құру:

Dim graph2 As Graphics = PictureBox1.CreateGraphics

Графикалық бейнелерді құру үшін келесі "аспаптарды" құру қажет:

- қауырсың (графикалық бейнелердін контурларын құру);

- қылқалам (іші боялған графикалық бейнелерді құру);

Қауырсынды құру:

Жалпы формат: Dim аты As New Pen(Color.түсі)

Мысал: Dim pen1 As New Pen(Color.Red)

Қылқаламды құру:

Жалпы формат: Dim аты As New SolidBrush(Color.түсі)

Мысал: Dim brush1 As New SolidBrush(Color.Red)

Visual Basic. Графикалық әдістер

Графикалық әдістердін жалпы форматы:

Объект_аты.Әдіс а(параметрлер)

1. Объект_аты.DrawLine(қауырсын_аты, x1, y1, x2, y2) – кесінді құру.

Мұнда x1, y1 – кесіндінің басты және соңғы нүктелерінің координаттары.

Мысалы: graph.DrawLine(pen1, 30, 30, 150, 150)

2. Объект_аты.Rectangle(қауырсын_аты, x1, y1, a, h) – тіктөртбұрыш құру.

Мұнда x1, y1 – басты бұрыштың оординаттары, , a и h – тіктөртбұрыштың ені және биіктігі.

Мысалы: graph.DrawRectangle(pen1, 50, 30, 150, 180)

3. Объект_аты.FillRectangle(қауырсын_аты, x1, y1, a, h) – боялған тіктөртбұрышты құруға мүмкіндік береді.

Мұнда x1, y1 – басты бұрыштың оординаттары, , a и h – тіктөртбұрыштың ені және биіктігі.

Мысалы: graph.FillRectangle(brush1, 50, 30, 150, 180)

3. Объект_аты.DrawEllipse(қауырсын_аты, x1, y1, a, h) – шенбер, эллипс құруға мүмкіндік береді.

Мұнда x1, y1 – басты бұрыштың координаттары, , a и h – эллипс орналастыратың тіктөртбұрыштың ені және биіктігі. Егер a және h параметрлердін мәндері бірдей болса, онда шенбер құрылады, болмаса-эллипс.

Мысалы: graph.DrawEllipse(pen1, 10, 10, 200, 100)

4. Объект_аты.FillEllipse(қылқалам_аты, x1, y1, a, h) – боялған шенбер, эллипс құруға мүмкіндік береді.

Мұнда x1, y1 – басты бұрыштың координаттары, , a и h – эллипс орналастыратың тіктөртбұрыштың ені және биіктігі. Егер a және h параметрлердін мәндері бірдей болса, онда шенбер құрылады, болмаса-эллипс.

Мысалы: graph.FillEllipse(brush1, 10, 10, 200, 100)

4. Объект_аты. graph.DrawPie(қауырсын_аты, x1, y1, a, h, r1, r2)

- сектор құруға мүмкіндік береді.

Мұнда:

x1, y1 - басты бұрыштың координаттары,

a,h – бөлігі сектор ретінде құрылатын эллипсты орналастыратың тіктөртбұрыштың ені және биіктігі. Егер a және h параметрлердін мәндері бірдей болса, онда шенбер секторы құрылады, болмаса-эллипс сеткоры.

r1 – сектордын бас нүктесін аңықтайтын, абсцисс осьінен бастап сағат тілі бағыты бойынша, градуста берілген бұрыш.

r2 –бас нүктеден бастап сағат тілі бағыты бойынша соңғы нүктені аңықтайтын, градуста берілген бұрыш.

Мысалы: graph.DrawPie(pen1, 10, 10, 200, 200, 225, 135)

4. Объект_аты.graph.FillPie(қылқалам_аты, x1, y1, a, h, r1, r2)

- боялған секторды құруға мүмкіндік береді.

Мұнда:

x1, y1 - басты бұрыштың координаттары,

a,h – бөлігі сектор ретінде құрылатын эллипсты орналастыратың тіктөртбұрыштың ені және биіктігі. Егер a және h параметрлердін мәндері бірдей болса, онда шенбер секторы құрылады, болмаса-эллипс сеткоры.

r1 – сектордын бас нүктесін аңықтайтын, абсцисс осьінен бастап сағат тілі бағыты бойынша, градуста берілген бұрыш.

r2 –бас нүктеден бастап сағат тілі бағыты бойынша соңғы нүктені аңықтайтын, градуста берілген бұрыш.

Мысалы: graph.FillPie(brush1, 10, 10, 200, 200, 225, 135)