Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РПАғаштану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83.5 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық білім беру корпорациясы

БЕКІТЕМІН:

Бірінші проректор

ҚБСҚА-ның кампус директоры

______________ Г.Г. Шапрова

«____»_______________20__ ж.

Мамандығы: 5В072500 «Ағаштан жасалған бұйымдар және ағаш өндеу технологиясы»

«Ағаштану» пәнінің

Жұмыс бағдарламасы (қолданылу саласы бойынша) Алматы 2014

Жұмыс бағдарламасы «Ағаштану» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасының негізінде 5В072500 – «Ағаш өңдеу және ағаштан бұйым жасау технологиясы» (қолданылу саласы бойынша) мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің сәулет-құрылыс мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясының отырысында «30».11. 2012 жылғы №8 хаттамамен Бекітілген және Қолданылысқа енгізілген, барлық оқу түріне арналған.

  1. Жұмыс бағдарламасы талқыланған және ұсынылған:

құрылыс технологиялары, инфраструктура және менеджмент факультетінің әдістемелік кеңесінің отырысында « » . 20 ж., № хаттамасы

Ассоц.проф. _____________ Еспаева А.С.

Факультет ӘК төрайымы _____________ Калдыгожина С.А.

ҚТИжМ деканы ______________ Адилова Д.А.

  1. Академия әдістемелік кеңесімен

« » . 20 ж., хаттама №

Академияның ӘК төрайымы _____________ Гуменюк В.В.

  1. Пәннің міндеті

«Ағаштану» пәні болашақта технологиялық пәндерді игеру үшін базалық болып табылады, жұмыс оқу жоспарына сәйкес 5В072500 - «Ағаш өңдеу технологиясы және ағаштан бұйым жасау» (қолданылу облысы бойынша) мамандығы үшін ағашты өңдеу технологиясының белсенді инженерлік және зерттеу қызметі үшін қажетті мамандарды дайындаудан тұрады.

Пәннің мақсаты – ағаштың құрылысы мен қасиеттерін игеру.

Пән бағдарламасы бойынша дәрістік және практикалық сабақтар өткізу қарастырылған.

2. Оқытушы жайлы мәліметтер:

Аркабаева Зина Ракизаевна профессор ассистенті

Телефоны: 269 27 51.

Сабақ уақыты: сабақтар бекітілген кесте бойынша өткізіледі.

3. Пән туралы мәліметтер: Пән «Ағаштану»

Жұмыстық оқу жоспары бойынша сағатты бөлу

Курс

Семестр

Кредит саны

Контактты сағаттар

СӨЖ (сағат)

Жалпы жұмыс көлемі сағатпен

Барлығы

соның ішінде

Барлығы

Соның ішінде СОӨЖ

Лекциялар

Практиалық сабақтар

Лабораториялық сабақтар (студиялық)

2

3

3,0

135

45

30

15

-

90

22,5

2*

2*

3,0*

135

15

10*

5*

-

120*

3,75*

*-сырттай оқыту түрі үшін студенттерге арналған мәлімет.

4. Пәннің алдындағы оқытылатын реквизиттер: «Ағаштану» курсын үйрену үшін келесі пәндер бойынша білім қажет: «Физика».

Пәннен кейінгі оқытылатын реквизиттер: осы пәннің білімі келесі курстарды оқу кезінде қажет: «Ағаш бұйымдары технологиясы І», «Ағаш бұйымдары технологиясы ІІ», «Арнайы өндіріс технологиясы», «Жұмсақ жиһаз технологиясы», «Ағаш үй», «Ағашты әрлеу технологиясы», «Ағаш кептіру», «Желімделген материалдар технологиясы», «Тақта материалдары технологиясы», «Ағаш өңдеудегі энерготиімді және ресурстарды сақтау материалдары мен бұйымдары» және т.б.

5. Қысқаша сипаттама: Берілген пәнде ағаштың макро- және микроскопиялық құрылысы, оның химиялық және физика-механикалық қасиеттері, тұрақтылығы және оны жоғарылату әдістері, өндірісте әртүрлі ағаштарды және ақауларды тиімді пайдалану оқытылады.

Дублин дескрипторларының негізінде қазіргі заман талабына сай келетін білім беру нәтижесіне жету үшін «Ағаштану» пәнін оқығаннан соң студенттің:

түсінігі болуы керек:

- ағаш тұқымдарының жіктелуі;

- ағаштың басты тіліктері: тамыры, діңі, жасыл жамылғысы;

- діңнің негізгі тіліктері.

- ағаштың физика-механикалық қасиеттерін, ағаштың түрлерін анықтау әдістерін;

білуі керек:

- ағаштың макро және микро құрылысының ерекшеліктерін;

- ағаштың химиялық құрылысы мен оны химиялық шикізат ретінде пайдалану ерекшеліктерін;

- технологиялық процесстерді жетілдіру үшін қажетті физика-механикалық қасиеттерін.

көрсете білуі керек:

- ағаштың макро, микро құрылысын, физико-механикалық қасиеттерін, қасиеттерін зерттеу және оларды ағаш өңдеу өнеркәсібінде қолдану; туралы білімін;

- ой-тұжырымдар, концепциялар, теориялар қалыптастыру үшін сынып талдау және тұжырымдау аппараты бойынша түсінігін.

құзыретті болуы керек:

- ағаштың сыртқы түрі бойынша ағаштың түрін анықтауды;

- анықтамалық-нормативтік әдебиеттерді, ҚНжЕ-ді, ЕВРОкодтарды;

- ағаштың физика-механикалық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштерін анықтауды;

- ағаштың ақауын өлшеп және анықтауды;

- стандартты пайдалануды;

- ағаштан алуан түрлі материалдар алу және оларды ағаш өңде өнеркәсібінде қолдану;

Ағаш өңдеу облысындағы ақпараттық компъютерлік технологияны қолдану;

МемСТ-ың анықтамалық-нормативтік әдебиеттерді, Еврокодтарды пайдалану;