Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стенокардия Зиеда.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.93 Кб
Скачать

6. Дифференциалды диагностика жүргізу нәтижесіне сүйене отырып келесі клиникалық диагноз қойылды:

Негізгі ауруы: ЖИА, Күштемелі тұрақты стенокардия ФК ІІІ

Асқынуы: Жүрек шамасыздығы функцияналдық класы ІІ (NYHA) Қосымша (ілеспелі) ауру: Қантты диабет ІІ типі орташа ауырлықта

IX – БӨЛІМ

Ем жоспарын тағайындау (препараттың әсер ету механизмі, қолдану көрсетпелері мен қарсы көрсетпелері, жағымсыз әсері) Режим 2, Диета № 10

Диета № 10

Көрсетілімі: Жүрек ақаулары, кардиосклероз, қанайналым жетіспеушілімен сипатталған гипертониялық ауруларда.

ОЖЖ және ЖҚТ жүйесін қоздырытын сусындар мен заттарды шектеу (алкогль, кофе және қою шай, дәмдеуіштер);

Тұзды тағамдарды шектеу;

Тағамды қабылдау күніне 4-5 рет күнделікті бір уақытта болуйы керек және тағам ұйқыдан 2-3 сағ. бұрын қабылдануы керек.

Қосымша : Витаминдері көп тағамдарды қолдану;

Аскорбин қышқылы 5% 2 мл көктамырға тамшылатып 1 рет тәулігіне №9. Цитофлавин 10 мл натрий хлор 9% көктамырға тамшылатып №4. Пентоксифилин 2%-200мл көктамырға тамшылатып №1. K Cl 4%-20мл MgSO4 25%-5мл NCl 9%-200мл Тиамин 5%-1мл көктамырға тамшылатып №9 Пирацетам 5мл көктамырға тамшылатып 1 рет тәулігіне №5 Фурасемид 2мл тәулігіне 1 рет №3 Таб.Аспирин 5мг ½ таблетка тәулігіне 1 рет №8 Таб.Индомид 2,5мг 1таб. тәулігіне 1 рет №8 Таб.Семикар 20мг 1таб. тәулігіне 1 рет №8 таб.Монокард 20мг ½ таб. Күніге 2рет №16 Рипронал 10% 5мл көктамырға тамшылатып №5 Таб.Сиспрес 250 №11

Тобы: Антиангинальді зат, перифериялық вазодилятатор, органикалық нитраттар, нитроглицериннің әсері ұзартылған дәрмегі.

Әсер ету механизмі: 1. Тамырдың тегіс салалы бұлшықет жасушасында нитраттар SН-топтармен әрекеттесіп, физиологиялық эндотелийлік босаңсу факторымен тектес азот оксидін (NO) түзеді. NO гуанилатциклаза белсенділігін арттырып, тегіс салалы бұлшықет жасушасында цГМФ көбейтеді және иондалған кальцийді азайтады. Осыдан бұлшықет жасушасы босаңсып, тамырды (тәж артериясын) кеңітеді.

2. Венадилятациялық және шамалы болса да артериядилятациялық әсерінен жүрекалды және жүрекарты күштемені азайтып, жүректің қызметін жеңілдетеді.

3. Коллатеральдік тамырларды кеңіту арқылы ишемияға ұшыраған ошаққа қан келуін арттырады.

4. Тромбоциттердің агрегациясын төмендетіп, микроциркуляцияны жақсартады.

Қолданылуы: - стенокардия ұстамасын басу және алдын-алу;

- миокард инфарктінің қалпына келтіру емінде.

Жағымсыз әсері: ЖҚТЖ: бас айналу, бас ауруы, тахикардия, теріде гиперемия, қызба, артериялық гипотензия; АҚЖ: жүрек айну, құсу; ОНЖ: психотикалық реакциялар, мазасыздық; Аллергиялық реакциялар; метгемоглобинемия.

Қарсы көрсетпелері: Шок, коллапс, артериялық гипотензия АҚ< 100/60 мм с.б.б., артериялық гипотензиямен байланысты жедел миокард инфаркті, гипертрофикалық обструктивті кардиомиопатия, констриктивті перикардит, жүрек тампонадасы, өкпенің токсикалық ісінуі, жабық бұрышты глаукома көз ішілік қысымның жоғарылауы, нитраттарға жоғары сезімталдық.

Нитросорбид (10 мг) 1 таб тәулігіне 1 рет саг 9.00

Тобы: Органикалық нитраттар.Жүрек ауруларында қолданылатын вазодилататорлар.

Әсер ету механизмі: Тамырды кеңейткіш,вазодилататорлық,антиангиналді әсер көрсетеді.Миокардтың оттегіге қажеттілігін азайтып ,коронорлы кеңейткіш әсер көрсетеді.

Қолданылуы: - стенокардия

  • созылмалы жүрек жетіспеушілігі

Жағымсыз әсері: АҚЖ: 3-9% құсу, метеоризм, іштің ауырсынуы. ОНЖ: бастың ауруы, бас айналу, ұйқышылдық, көңіл күйдің төмендеуі. Аллергиялық реакциялар: қышу, эритема, ісіну.

Қарсы көрсеткіштері:

- нитратты қосындыларға жоғары сезімталдылық;

- жүктілік;

- лактация кезеңі;

- 18 жасқа дейінгі балалар;

- кардиогенді шок;

-гипертиреоз.

Дибетон 60 мг (1 таблеткадан)күніне тағайындайды.

Тобы: Гликозид

Қолданылу көрсетпелері:

Қанда қант мөлшерін төмендету үшін қолданады.

Фитотерапия - басты мақсаты қан қысымын төмендету, зәр айдайтын, қан тоқтатын, қабынуға қарсы әсер етеді.

«Сердечный сбор» шөп дәрмегі

Көрсеткіштері:

    • Стенокардия ұстамаларында

    • Аритмиялар

    • Тахикардия

    • Миокард ұстамаларынан кейін

Қолданылуы: бір стакан қайнаған суға 1 ас қасық қосып 3 мин қайнату керек.15 мин.тұнытып қою.Бір тәулік ішінде тамақ арасында қолдану.

X – БӨЛІМ