
- •Түркістан 2014
- •Ресми мәлімет (пасторттық бөлім)
- •Науқастың түскен кездегі негізгі шағымдары
- •Аурудың даму тарихы
- •Аурудың өмір тарихы
- •Объективті мәліметтер Жалпы қарау
- •Жүрек тамыр жүйесін тексеру
- •Тыныс жүйесін тексеру
- •Ас қорыту жүйесін тексеру.
- •Несеп бөлу жүйесін тексеру.
- •Нерв жүйесін тексеру.
- •Ішкі секрециялық бездердің жүйесі.
- •Алғашқы (болжамды) диагноз
- •1. Түскен кездегі шағымдарының негізінде:
- •3. Өмір тарихының негізінде:
- •Зерттеу жоспары
- •Параклиникалық зерттеу нәтижелерін сараптау
- •Клиникалық синдром және симптомдарын айыру
- •Клиникалық диагнозды негіздеу
- •1. Түскен кездегі шағымдарының негізінде:
- •6. Дифференциалды диагностика жүргізу нәтижесіне сүйене отырып келесі клиникалық диагноз қойылды:
- •Ем жоспарын тағайындау (препараттың әсер ету механизмі, қолдану көрсетпелері мен қарсы көрсетпелері, жағымсыз әсері) Режим 2, Диета № 10
- •Болжамы
Клиникалық синдром және симптомдарын айыру
Жүректік синдром - ауыр физикалық күш түскен кезде пайда болатын 10-15 минутқа созылатын, нитроглицериннің бір таблеткасын қабылдаған соң басылатын, сол иыққа, сол жауырынға таралатын төс артының ашып ауырсынуы ұстамасы,
ЭКГ нәтижесі – ритм синусты, ритм ырғақты, вольтажы сақталған, ЖСС – 75 рет/ минутына, ЖЭО қалыпты болып анықталады.
Астено-вегетативтік синдромы – жалпы әлсіздік.
VIII – БӨЛІМ
Клиникалық диагнозды негіздеу
1. Түскен кездегі шағымдарының негізінде:
Ауырсыну синдромы: Ауыр физикалық күш түскен кезде, бірінші қабаттағы баспалдақтан көтерілгенде пайда болатын 10-15 минутқа созылатын, нитроглицериннің бір таблеткасын қабылдаған соң басылатын, сол иыққа, сол жауырынға таралатын төс артының ашып ауырсынуы.
.
Жүрек шамасыздығы: әдеттегі физикалық күштемеде ентігудің пайда болуы.
тершеңдікке, тез шаршағыштыққа, жалпы әлсіздікке шағымданады.
2. Қазіргі аурудың даму тарихы негізінде Науқастың айтуы бойынша, ауырғанына бірнеше жыл болған.
Аурудың алғашқы белгілері ауыр физикалық күш түскен кезде төс артының ашып 1-2 минутқа созылатын, өздігінен басылатын ауырсынуы.
Әрі қарай бұл белгілер біртіндеп ауыр физикалық күш түскен кезде және бірінші қабаттағы баспалдақтан көтерілгенде пайда болатын 10-15 минутқа созылатын, нитроглицериннің бір таблеткасын қабылдаған соң басылатын, сол иыққа, сол жауырынға таралатын төс артының ашып ауырсынуы пайда болды.
Науқастың пікірі бойынша ауруы психоэмоционалды жағдайдан пайда болады .
Науқас 2 жылы негізгі ауруының диагнозын анықтаған. Сол жылы Талғат клиникасында негізгі ауруы бойынша ем қабылдаған. Емі нәтижелі. Жыл сайын осы ауруы бойынша ақпан, қазан айларында аймақтық поликлиника дәрігерінің жолдауымен Түркістан орталық ауруханада ем қабылдаған. Сол шағымдар қайталанып отыруына байланысты, аймақтық поликлиника дәрігері Шимкент қаласына жолдама берген. 2013 жылдың наурыз айында облыстық кардиоорталықта КАГ жасалынып,стент қойылған.кезеңімен стационарда ем қабылдап турады.Тексерілген лабораториялық-аспаптық зерттеулердің нәтижелері: ФЛГ – 04.03.2014 № 64.СОӨА. Микрореакция – 27.10.14 № 22 теріс нәтижелі. Соңғы кезде жоғарыдағы шағымдар мазалаған соң жолдамамен «ХҚТУ клиникасының» терапия бөлімшесіне жатқызылды.
3. Өмір тарихының негізінде: Зиянды әдеттері –Арақ-шарап ішіп тұрады.
Ауырған аурулары –2003 жылдан бастап күштемелік стенокардия ауырады. 2003 жылы ЖИА, Күштемелі тұрақты стенокардия ФК ІІІ диагнозымен «Д» есепте тұрады. Стенокардиялық ұстама пайда болғанда нитроглицерин таблеткасын қабылдайды
Науқаста операциялар, зақымдар, басқа аурулар болмаған.
Аллергиялық анамнез - дәрі-дәрмектердің және басқа емдеу әрекеттерінің, тағамдарға сезімталдығы жоқ. Тұрмыстық заттарға (аллергендерге) сезімталдығы (аллергиясы) жок.
4. Объективті мәліметтер негізінде: Жүрек тұсын қарау: Жүрек ұшы түрткісі жайылмалы, күшті, серпімді, солға ығысқан. Жүрек аймағының пальпациясы: Жүрек ұшы түрткісі күшейген, ауданы үлкен. Жүректің перкуссиясында сол жақ шала тұйықталған шегі солға ығысқан.
Жүректің шала, нағыз тұйықтығының шектері
Шектер |
Шала |
Нағыз |
Оң жақ
Сол жақ
Жоғарғы |
IV Қаб аралығы оң жағында 1см сыртқа V Қаб аралық бұғана орта сызығынан (1-1,5см ішке қалыпты) Сол жақ төс маңы сызығы ІІІ қаб аралық |
Жоғарғы сол жақ төс жиегі ІV қаб V қаб аралық Сол жақ шегінен 0,5см ішке
Сол жақ төс маңы сызығы ІV қабырға аралық. |
Жүрек аускультациясы: жүрек тондары басыңқы, ырғақты, аорта үстінде ІІ тон акценті. Жүректің соғу саны – 73 рет/минутына.
Артериялық қан қысымы: сол қолда 120/80мм с.б.б., оң қолда 120/80мм с.б.б., пульс жиілігі – 73 рет/минутына, оң және сол қолда бірдей (синхронды), ырғақтылығы ырғақты, толымдылығы толымды, қалыпты.
Электрокардиография:
ЭКГ нәтижесі – ритм синусты, ритм ырғақты, вольтажы сақталған, ЖСС – 75 рет/ минутына, ЖЭО қалыпты болып анықталады.
.