
- •Түркістан 2014
- •Ресми мәлімет (пасторттық бөлім)
- •Науқастың түскен кездегі негізгі шағымдары
- •Аурудың даму тарихы
- •Аурудың өмір тарихы
- •Объективті мәліметтер Жалпы қарау
- •Жүрек тамыр жүйесін тексеру
- •Тыныс жүйесін тексеру
- •Ас қорыту жүйесін тексеру.
- •Несеп бөлу жүйесін тексеру.
- •Нерв жүйесін тексеру.
- •Ішкі секрециялық бездердің жүйесі.
- •Алғашқы (болжамды) диагноз
- •1. Түскен кездегі шағымдарының негізінде:
- •3. Өмір тарихының негізінде:
- •Зерттеу жоспары
- •Параклиникалық зерттеу нәтижелерін сараптау
- •Клиникалық синдром және симптомдарын айыру
- •Клиникалық диагнозды негіздеу
- •1. Түскен кездегі шағымдарының негізінде:
- •6. Дифференциалды диагностика жүргізу нәтижесіне сүйене отырып келесі клиникалық диагноз қойылды:
- •Ем жоспарын тағайындау (препараттың әсер ету механизмі, қолдану көрсетпелері мен қарсы көрсетпелері, жағымсыз әсері) Режим 2, Диета № 10
- •Болжамы
Несеп бөлу жүйесін тексеру.
Қарау: Несеп бөлу мүшелері бойынша қарау кезінде бел аймағының терісінің қызаруы, ісінуі жоқ.
Қағу: Бел тұсын қолдың қырымен соғып тексергенде қағу симптомы теріс мәнді.
Қуықты тексеру: несеп жолы жоғарғы нүктесі – кіндік сызығымен құрсақ тік бұлшық етінің сыртқы шетінің қиылысатын нүктесінде -ауырсыну байқалмайды.
Нерв жүйесін тексеру.
Ақыл – есі дұрыс, сөзі анық, ұйқысы тыныш, иіс сезу, дәм сезу, көзінің көру сезімдері жақсы.
Көз қарашықтарының белгілері: қарашық біркелкі жарыққа сезімтал.
Ішкі секрециялық бездердің жүйесі.
1. Аурудың жалпы бейнесі жасына сәйкес.
2. Бірінші ретті және екінші ретті жыныс белгілері дамыған.
3. Дененің өсуінің бұзылуы: дене бөліктерінің пропорциялық ара қатынасының бұзылулары жоқ.
4. Семірулер жоқ.
5. Тері жамылғысының жағдайы: гиперпигментация, жұқаруы, стриялар жоқ.
6. Қалқанша без: көлемі ұлғаймаған, пішіні, консистенциясы біркелкі, ауырсынбайды.
ҚАН ТҮЗУ ЖҮЙЕСІ
Қарау: тері, кілегей жамылғыларының түсі бозғылт, денесінде, бетінде, гемморагиялық бөрітпелер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, іштің жоғарғы аймағының томпаюы, немесе ассиметрияялық өзгеруі жоқ.
Сипау: лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынбайды.
III – БӨЛІМ
Алғашқы (болжамды) диагноз
1. Түскен кездегі шағымдарының негізінде:
Ауырсыну синдромы: Ауыр физикалық күш түскен кезде, бірінші қабаттағы баспалдақтан көтерілгенде пайда болатын 10-15 минутқа созылатын, нитроглицериннің бір таблеткасын қабылдаған соң басылатын, сол иыққа, сол жауырынға таралатын төс артының ашып ауырсынуы.
Жүрек тұсындағы дисконфорт сезімі: әдеттегі физикалық күштемеде ентігудің пайда болуы.
тершеңдікке, тез шаршағыштыққа, жалпы әлсіздікке шағымданады.
2. Қазіргі аурудың даму тарихы негізінде: Науқастың айтуы бойынша, ауырғанына 3 жыл болған.
Аурудың алғашқы белгілері ауыр физикалық күш түскен кезде төс артының ашып 1-2 минутқа созылатын, өздігінен басылатын ауырсынуы.
Әрі қарай бұл белгілер біртіндеп ауыр физикалық күш түскен кезде және бірінші қабаттағы баспалдақтан көтерілгенде пайда болатын 10-15 минутқа созылатын, нитроглицериннің бір таблеткасын қабылдаған соң басылатын, сол иыққа, сол жауырынға таралатын төс артының ашып ауырсынуы пайда болды.
Науқастың пікірі бойынша ауруы психоэмоционалды жағдайдан пайда болады .
Науқас 2-жылы негізгі ауруының диагнозын анықтаған. Сол жылы Талғат клиникасында негізгі ауруы бойынша ем қабылдаған. Емі нәтижелі. Жыл сайын осы ауруы бойынша ақпан, қазан айларында аймақтық поликлиника дәрігерінің жолдауымен Түркістан орталық ауруханада ем қабылдаған. Сол шағымдар қайталанып отыруына байланысты, аймақтық поликлиника дәрігері Шимкент қаласына жолдама берген. 2013 жылдың наурыз айында облыстық кардиоорталықта КАГ жасалынып,стент қойылған.кезеңімен стационарда ем қабылдап турады.Тексерілген лабораториялық-аспаптық зерттеулердің нәтижелері: ФЛГ – 04.03.2014ж № 64.СОӨА. Микрореакция – 27.10.14 № 22 теріс нәтижелі. Соңғы кезде жоғарыдағы шағымдар мазалаған соң жолдамамен «ХҚТУ клиникасының» терапия бөлімшесіне жатқызылды.