Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стенокардия Зиеда.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.93 Кб
Скачать

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік

Университеті

Медицина факультеті

Терапия кафедрасы

Ауру тарихы

Науқас: Асанов Нұрқасым

Клиникалық диагноз:

Негізгі ауруы: ЖИА, Күштемелі тұрақты стенокардия ФК ІІІ

Асқынуы: Жүрек шамасыздығы функцияналдық класы ІІ (NYHA).

Қосымша (ілеспелі) ауру: Қантты диабет ІІ типі

Курация уақыты:05.11.2014-06.11.2014 ж

Студент: Мухиддинова В

Тобы: ЖМ-114

Қабылдаған:

Түркістан 2014

АҚҚ-120-70 мм.сб

t-36.5

Бойы-162см

Салмақ-72кг

Ресми мәлімет (пасторттық бөлім)

1.Фамилиясы, аты, тегі: Асанов Нұрқасым

2.Жасы: 03.11.1951ж

3.Жынысы: ер

4.Білімі: орта

5.Жұмыс орны: зейнеткер

6.Аурудың мекен - жайы: ОҚО, Түркістан қаласы, Ынтымақ ауылы

7.Ауруханаға түскен күні, сағаты: 29.10.2014ж сағ: 12:00

8.Ауруханадан шыққан күні: 6.11.2014ж 12:00

9.Клиникалық диагноз:

Негізгі ауруы: ЖИА, СТАБИЛЬДІ СТЕНОКАРДИЯ, ФК ІІІ

Асқынуы: Жүрек шамасыздығы функцияналдық класы ІІ (NYHA).

Қосымша (ілеспелі) ауру: Қантты диабет ІІ типі орташа ауырлықта

I – БӨЛІМ

Науқастың түскен кездегі негізгі шағымдары

Ауырсыну синдромы: Ауыр физикалық күш түскен кезде, бірінші қабаттағы баспалдақтан көтерілгенде пайда болатын 10-15 минутқа созылатын, нитроглицериннің бір таблеткасын қабылдаған соң басылатын, сол иыққа, сол жауырынға таралатын төс артының ашып ауырсынуы.

Жүрек тұсындағы дисконфорт сезімі: әдеттегі физикалық күштемеде ентігудің пайда болуы.

Тершеңдікке, тез шаршағыштыққа, жалпы әлсіздікке шағымданады.

Аурудың даму тарихы

Науқастың айтуы бойынша, ауырғанына 3 жыл болған.

Аурудың алғашқы белгілері ауыр физикалық күш түскен кезде төс артының ашып 1-2 минутқа созылатын, өздігінен басылатын ауырсынуы.

Әрі қарай бұл белгілер біртіндеп ауыр физикалық күш түскен кезде және бірінші қабаттағы баспалдақтан көтерілгенде пайда болатын 10-15 минутқа созылатын, нитроглицериннің бір таблеткасын қабылдаған соң басылатын, сол иыққа, сол жауырынға таралатын төс артының ашып ауырсынуы пайда болды.

Науқастың пікірі бойынша ауруы психоэмоционалды жағдайдан пайда болады .

Науқас 2 жылы негізгі ауруының диагнозын анықтаған. Сол жылы Талғат клиникасында негізгі ауруы бойынша ем қабылдаған. Емі нәтижелі. Жыл сайын осы ауруы бойынша ақпан, қазан айларында аймақтық поликлиника дәрігерінің жолдауымен Түркістан орталық ауруханада ем қабылдаған. Сол шағымдар қайталанып отыруына байланысты, аймақтық поликлиника дәрігері Шимкент қаласына жолдама берген. 2013 жылдың наурыз айында облыстық кардиоорталықта КАГ жасалынып,стент қойылған.кезеңімен стационарда ем қабылдап турады.Тексерілген лабораториялық-аспаптық зерттеулердің нәтижелері: ФЛГ – 04.03.2014 № 64.СОӨА. Микрореакция – 27.10.14 № 22 теріс нәтижелі. Соңғы кезде жоғарыдағы шағымдар мазалаған соң жолдамамен «ХҚТУ клиникасының» терапия бөлімшесіне жатқызылды.

Аурудың өмір тарихы

ОҚО, Түркістан қаласында, 11 қараша дүниеге келген.

Әлеуметтік анамнезі - туған жанұясының жағдайы жақсы, отбасында 6 бала бірінші болып туылды, тұрмысы, тамақтану жағдайы жақсы.

Балалық шағы - балалық шағындағы өсіп-жетілуі жасына сай, жұқпалы аурулармен қызылша,гепатит т.б аурулармен ауырмаған. Мектептегі оқу кезеңі: 7 жаста мектепке барды, сабаққа үлгерімі жақсы, 10 жыл оқыды Мектепте дене шынықтыру сабағына қатысуы белсенді. Білімі –орта. 24 жасында үйленген, 4 ұлы бар.

Кәсіптік анамнезі – 24 жастан бастап әскери қызметкер болып 20 жыл жұмыс істеген. Осы кездегізейнеткер.

Зиянды әдеттері –Арақ-шарап ішіп тұрады.

Науқаста зақымдар, басқа аурулар болмаған.

Аллергиялық анамнез - дәрі-дәрмектердің және басқа емдеу әрекеттерінің, тағамдарға сезімталдығы жоқ. Тұрмыстық заттарға (аллергендерге) сезімталдығы (аллергиясы) жоқ.

Тұқым қуалаушылық - туысқандарының денсаулығы жақсы.

Соңғы 6 айда шетелге бармаған, қан құймаған.

II – БӨЛІМ