Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акушериядан гост жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55.97 Кб
Скачать

Жауабы:

1). Жетілген жүктілік. Босану. Ірі нәресте. Жатыр гипотониясы. Негізделуі- клиникасы.

2). Себептері: Жатыр гипотониясына босану күштерінің аномалиялары, жатыр миомасы, аборттар, жатыр қабыну аурулары, ірі нәрестеден, көп ұрықтықтан, су көптіктен- жатырдың шамадан тыс созылуы әкеледі.

3). Бала жолдасы кезеңінде плацентаның нығыздалып немесе шын жапсырылуынан, плацентаның бөліну аномалиясынан(ауытқуынан), жатырдың жиырылу қабілетінің бұзылуынан, бала жолдасы бөлшектерінің жатыр қуысында іркілуінен қан кетулері мүмкін, босанудан кейінгі ерте кезеңде - жатырдың гипотониясы және атониясынан.

4). Қан кетуді тоқтату стандарты.

25 есеп. Қайта босанушы әйелде жүктілік мерзімі 38-39 апта, жамбас өлшемдері қалыпта, қағанақ қуығы бүтін, толғағы әр 15 минут сайын 35 секундтан. Сыртқы акушерлік зерттеуде анықталды : нәресте тігінен орналасқан, алдыңғы бөлігі – бас, арқасы және басы арасында, ойық анықталады.

PV: ашылуы 6 см.

1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі.

2). Берілген патологияның жіктелуі.

3). Босануды жүргізу және мүмкін болатын асқынулар.

4). Бөлінген бала жолдасын сырттай шығару тәсілдерін көрсетіңіз.

Жауабы:

1). Жүктіліктің 38-39 аптасы. Босанудың бірінші кезеңі. Нрестенің бетімен келуі. Клиникасы негіз болады.

2). Бастың шалқайып қондырылуы: 1-дәрежесі төбемен келуі, 2-дәрежесі маңдаймен,3 дәрежесі бетпен. Ерекшелігі – бастың иілуі емес, шалқаюының болуы, босану тек артқы түрінде болады. Бетпен қондырылуда - босану мүмкін, себебі бас жыныс ернеулерін вертикалдьды өлшеммен жарып шығады -10см. Акушерка үшін ең негізгісі анықтау, босандыру әдісі соған байланысты.

3).Босану кезеңі ұзаққа созылады. Алдыңғы түрі оперативті босандыруға көрсеткіш болады. Босанудың 1 кезеңінде босанушы әйелді нәрестенің иегі қарап тұрған бүйіріне жатқызып қою керек. (қағанақ суының ерте кетуін болдырмау үшін). 2-кезеңде босану күшінің сипатын, бастың жылжуын, әйел және нәресте жағдайын қатаң бақылау керек.

Босану күштерінің ауытқулары, қағанақ қуығының ерте жыртылуы, сумен бірге кіндік бауының түсіп кетуі, аралықтың, жатырдың жыртылуы, нәрестенің тұншығуы; (себебі; босану кезінде мойынның тамыр жүйке топтамасының қысылуынан) босанудан кейінгі инфекция дамуы мүмкін.

4). Бөлінген бала жолдасын сырттай шығару стандарты.

26 есеп. Әйелдер кеңесі акушеркасына жатыр ішілік контрацепция сұрағымен әйел келді.

1). Контрацепция деген не?

2). Контрацепцияның қандай түрлері бар?

3). Жатыр ішілік контрацепциялардың қандай түрі қолданылады және әсер ету механизмі.

4). Қынапқа ұнтақ дәрі себу іс-әрекетін көрсетініз.

Жауабы:

1). Контрацепция –жүктіліктен сақтану әдісі.

2). Қайтарымды- гормональды контрацепциялар, жатыр ішілік спиральдар, инъекциялар (Депо-провера) , импланттатар(норплант), тосқауылды әдістер.

Қайтарымсыз- оперативті (вазэктомия және жатыр түтіктерін байлау).

3).Заманауи қолданыстағы жатыр ішілік спиральдар-Копперлар, Мультилоад, инертті. ЖІС –мыспен, күміс оралған және левоноргестрелі бар спиральдар. ЖІС салынады және алынады етеккірдің 2-ші күндері. Әсері жатыр түтіктерінің перстальтикасын күшейтеді. Ол аналық жасушаның жылжуын жылдамдатады. Оны ұрықтануға үлгертпейді. Мыс және гормондары бар ЖІС. жатыр эндометриясының белсенділігін төмендетеді және имплантация мүмкін болмайды.

4). Қынапқа ұнтақ дәрі себу стандарты .

27 есеп. Әйелдер кеңесінің жанұяны (отбасын) жоспарлау кабинетіне әйел гормональды контрцепция жайында білуге келді.

1). Отбасын жоспарлау деген не?

2). Отбасын жоспарлаудың алға қойған мақсаты не?

3). Қандай оральды біріктірілген контрацептивтерді білесіз және олардың әсер ету механизмі?

4). Қынап тазалығына жағынды алыңыз.